Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет36/102
Дата20.10.2022
өлшемі4,09 Mb.
#44331
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   102
Байланысты:
Хабаршы жылына 4 рет шы ады

Бұқар жырау шығармашылығына да тән. 
Бұқар жырау өз толғауларына елдің ынтымақ-бірлігін, халық мүддесін 
арқау етіп, туған елге, Отанға деген сүйіспеншілікті патриоттық сезіммен 
асқақтата жырлайды. Жырау шығармаларында жеткіншек ұрпақты ең 
алдымен адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. Жастарға 
жақсылық пен жамандықтың ара-жігін айырып берумен бірге, адамның әр 
жас белесіндегі қабілет-қарымын, мүмкіндігін саралайды, әсіресе, жастық 
шақта барынша қимылдап, өнерге ұмтылып, жақсы, игі қасиеттерді бойға 
сіңіруге талпынып қалу қажеттігін айтады. 
... Ағайынның аразы 
Елдің сәнін кетірер, 
Абысынның аразы 
Ауыл сәнін кетірер. – 
деп келетін толғау шумақтарында елдің тату-тәтті, берекелі өмір сүруі, 
ағайын, туған-туыс арасындағы сыйластық түсіністікке байланысты, 
сондықтан әрқашан ынтымақшыл, ұйымшыл болған жөн деген кеңес береді 
[8, 36 б.].
Жырау: 
Ер жігітке жарасар 
Қолына алған найзасы, 
Би жігітке жарасар 
Халқына тиген пайдасы...- 
деп, елінің қамын ойлау, халқына бас болып, жерін қорғау, халық 
игілігі үшін еңбек ету әр азаматтың әр-азаматтың парызы екенін ескерте 
отырып, әрі қарай: 
Қызда қылық болмаса, 
Құр шырайдан не пайда; 
Ерге дәулет бітпесе, 
Шүлдіреген қызыл тілден не пайда, - 
деген өлең жолдары арқылы тәрбиелі, өнегелі қыз бен ер жігітің сыр-
сипаты туралы ерекше көзқарасын білдіреді [5, 88-89 б.]. 
Қыз бала сыртқы сұлулығымен ғана емес, ақылымен, қылығымен, 
тәрбиелілігімен көрікті атанады, құрғақ сөзге әуес, ештеңе тындырмаған, 
еліне, өзіне пайда келтірмеген ерден де еш қайыр жоқ деген ой айтады. 
Жыраудың дүниетанымдық көзқарастағы шығармаларының ішінен 
«Бірінші тілек тілеңіз» атты толғауын ерекше атап айтуға болады. Он бір 
тілектен тұратын бұл жырда Бұқар тыныштық, адамгершілік, адалдық, 
тазалық, мұсылмандық парызды орындау мәселелерін сөз ете отырып, өз 
дәуіріндегі адамдардың ой-тілегі мен арман-мұратын жинақтап көрсетуге 


Хабаршы №3-2015ж.
70 
талпынған. 
Аллаға адал болуды, құдай жолын ұстануды жырау мұсылмандардың 
басты парызы деп түсіндіреді. Бұдан тек аллаға сеніп, сиынған пенденің ғана 
тілегі қабыл болады деген тұжырымды аңғаруға болады. Бұқар ұсынған игі 
тілектердің алғашқылары ислам дінінің шарттары мен қағидаларын 
орындауға: 
Бірінші тілек тілеңіз, 
Бір аллаға жазбасқа... 
Бесінші тілек тілеңіз, 
Бес уақытта бес намаз 
Біреуі қаза қалмасқа; 
келесісі тыныш, бейбіт өмірді сақтап, елін, жерін қорғауға: 
Жетінші тілек тілеңіз, 
Желкілдеген ту келіп, 
Жер қайысқан қол келіп, 
Сонан сасып тұрмасқа. 
Тоғызыншы тілек тілеңіз, 
Төреңіз тақтан таймасқа; 
енді бірі өмір түйіні – адамгершілік асыл қасиеттерге: 
Екінші тілек тілеңіз, 
Ер шұғыл пасық залымның 
Тіліне еріп азбасқа – 
арналған.
Қалған жеті тілек отбасы амандығынан бастап, ел тыныштығын, бейбіт 
өмірді аңсап, армандау ниетімен, ата-ананы сыйлау, әсіресе әйел-ананы 
қастерлеу қағидаларымен астасып жатыр. Сол сияқты, жырау бұл толғауында 
жеке адам өз тағдырын ел бірлігімен, халық тағдырымен тығыз 
байланыстырғанда ғана ырыс-бақытқа қол жеткізеді деген ой қорытады. 
Сонымен, Бұқар шығармаларының басым көпшілігін құрайтын насихат 
түріндегі толғауларында адамгершілік мәселелері – адамды ізгілікке, 
бауырмалдыққа, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу кеңінен уағыздалады. 
«Тегінде жырау ақын емес, ол толғау айтатын ақылшы, қиыншылық 
үстінде халық ортасына шығып қамқор сөздер сөйлейтін данышпан ойшыл 
адам. Ол ерте кезде ұлыс ордасында отырып ақыл, кеңес беретін әрі 
тәрбиеші, әрі ұстаз, әрі сәуегей, ұлы ойдың иесі. 
Жыраулар әр заман халықты сарқылмас ойға, адамшылық қасиетке, игі 
істерге, 
жаратылысты 
білуге 
шақырады. 
Осыған 
орай 
олардың 
шығармаларында халыққа арнап айтатын тәрбиелік ойлар, терең ақылдар 
өзінің келісті сұлу түрінде төгіліп, сай суындай ағылып, тасқындап отырады. 
Олардың түбегейлі ойы халыққа үлгі беретін нақыл сөздер, әдемі ойлар. 
Жыраулардың келістіре айтатыны ел басқарған кемеңгер адамдардың 
ерекше жаралған сипаты, ел қорғаған алып ерлердің жұрттан асқан 
ерекшелігі, олардың өзіне хас жойқын суреттері; халықтың саяси, мәдени, 
шаруашылық тіршілігі, елді бейбітшілік бірлікке, ерлікке баулу, көрші елмен 
достықты ардақтау; ел басқарған адамдарға кеңес беріп, татулықты мұрас 
ету. Бұл толғау әсіресе Сыпыра жыраудың Тоқтамысқа, Бұхар жыраудың 
Абылайға айтқан өсиет сөздерінен осыны анық көруге болады» - деп, 


Хабаршы №3-2015ж.
71 
Ә.Марғұлан «Ежелгі жыр аңыздар» атты еңбегінде қазақтың жыраулық 
өнеріне, терең мағыналы, мазмұнды жоғары баға береді [4, 146-147 б.]. 
Бүгінде біз қазақ ақын, жырауларының тағылымдық ойларына талдау 
беру барысында, есімдері педагогикалық зерттеулерде көп айтылмай жүрген 
сөз зергерлері, тарихи тұлғалар туралы да айта кетуді жөн көрдік. Мәселен, 
бұл орайда ұрпақ тәрбиесі жөнінде өнегелі сөз айтып, қазақ халық 
педагогикасының мазмұнын байытушы жоғарыда есімдері аталған дала 
ұстаздарының қатарында Бөлтірік Әлменұлының (1771-1853ж.) поэзия 
тіліндегі толғаулары, қанатты сөздері танымдық маңызымен қатар, тарихи, 
әдеби, мәдени, эстетикалық, отаншылдық, патриоттық мәнімен де аса құнды 
деп білеміз. 
Қазақ халқының ақындық өнерінің даму тарихында орны ерекше, 
шығармашылығы этнопедагогикалық зерттеулерде жете қарастырылмай 
жүрген Бөлтірік шешен сөз иірімдерінің өзі тұнып тұрған тәлім-тәрбие көзі 
деуге болады. 
Әрі ақын, әрі сөзге шешен, әрі батыр бабамыз Бөлтірік Әлменұлының 
шешендік толғауларына зер салып, үңілетін болсақ ар мен ождан, әдеп пен 
әдет, дәстүр мен салт, ел мен жер, жақсы мен жаман туралы халықтық таным 
ерекшеліктерін аңғартатын ғибратты ойларды көп кездестіреміз. 
Мәселен Бөлтірік шешен мына бір сөзінде:
Саңылауы жоқпен Тілегі жаманмен 
Сабақтас болма. Қапаға түспе.
Байлауы жоқпен Тегі жаманмен 
Санаттас болма. Ортаға түспе [10, 99 б.]-
деп баланың қандай ортада, қандай адаммен жолдас болуын, әр басқан 
қадамды ақыл безбенімен таразылау қажеттігін айтса, енді бірде:
Ақылсыз адым баспайсың, 
Ақылыңа сай талабың болмаса. 
Жалғыз ақылмен алысқа аспайсың. 
Білімсіз бірлік жоқ, 
Малсыз тірлік жоқ. 
Мал мен білімге сай кісілігің болмаса, 
Бірлік пен тірліктен опа таппайсың ... -
деп жастарды білім алуға шақырып, адам бойындағы ақыл мен білімнің 
бірін-бірі толықтыратындығын, білімсіз адамзат тірлігінде ешқандайда мән-
мағына жоқтығын қатаң ескертеді [10, 102 б.]. 
Сондай-ақ, шешеннің:
Үлкен алдында иіліп сөйле, 
Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді [10, 103 б.]
немесе,
Екі ойлы болма, 
Екі ұшты сөйлеме 
Ұрының қасында жүрме. 
Өтірікшінің қасында тұрма. 


Хабаршы №3-2015ж.
72 
Ежелгі жаумен достаспа 
Ескі доспен ұстаспа. 
Жаманмен кеңеспе 
Баламен егеспе -
деп келетін жыр жолдары жастарды әдептілікке, ұстамдылыққа, 
ізеттілікке, кішіпейілділікке, адалдыққа, береке-бірлікке үндейді [10, 103-104 
б.]. 
Осындай адамның мінез-құлық, табиғи ерекшеліктерін, моральдық 
қағидаларын бейнелейтін аз сөзге көп мағына сыйғызған рухани-мәдени 
туындыларды туған халқымызға қайта оралтып, этнопедагогикалық тұрғыдан 
зерттеп, талдай отырып жас ұрпақ тәрбиесінің тәжірибесінде кең түрде 
қолдануымыз қажет деп білеміз. 
Міне біз бүгін сөз еткен қазақ хандығы тұсында өмір кешіп, ХV-ХVІІІ 
ғғ. арлығындағы қазақ елінің әлеуметтік, саяси-экономикалық, рухани-
мәдени дамуында зор үлестерін қосқан дала ұстаздары жыршы-жыраулар 
мен ақындар шығармаларының идеялары танымдық-тәрбиелік қызметінің 
ауқымдылығын, өміршеңдігін аңғартады. Осындай тарихи тұлғалар қазақ 
ақын-жырауларының еңбектерімен танысу арқылы бүгінгі жас ұрпақ туған 
халқының өткен өмірін, тарихын, ұлттық дүниетанымын, тұрмыс-салтын, өз 
ата-бабасының арман-үмітін, терең тамырлы дәстүрлі тәрбие мәдениетін 
танып-біледі. 
Қорыта айтқанда, қазақтың тәлім-тәрбие тарихында өзіндік орны бар, 
халықтық педагогикалық мәдениеттен хабардар ететін, бүгінгі ұрпақ 
тәрбиесінде мәні зор ақын-жыраулар шығармашылығын бүгінгі ұлттық білім 
беру жүйелерінің оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың тиімділігін барынша 
арттыру қажет. Оларға танымдық, тәрбиелік тұрғыдан талдау жасау арқылы, 
тәрбиеленушілердің жасы мен ақыл-ойының даму ерекшеліктерін ескере 
отырып, тәрбие міндеттеріне, меңгертілетін пәндік білім мазмұндарына сай 
ұтымды пайдалану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет