Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет89/102
Дата20.10.2022
өлшемі4,09 Mb.
#44331
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102
Байланысты:
Хабаршы жылына 4 рет шы ады

қазаққа 60 рубльден ақша беріледі. Кек алатын және байып қалатын 
жағдайыңыз бар” -деп қазақ еліне жар салды [5]. Кейбір қылмысты істерді 
башқұрттан көріп жүрген қазақтар осыны пайдаланып кек алмақшы және 
ақша таппақшы болған еді, бірақ олардың бірде бірін Әбілхайыр жібермеді, 
керісінше ол бұрынғыдай башқұрт халқына көмек берді.
Сонымен, осы уақытқа дейін орысша аудармасы арқылы 1731 жылдан 
бері Қазақ елінің Кіші жүзі мен Орта жүздің бір бөлегі Ресейдің боданы 
болды-деген жалған ұғым да келмеске кетті. Әбілхайыр хатының 
түпнұсқасын көрмесе де, кезінде бұған талай ғалымдар күдікпен қарағаны 
рас. Мысалы белгілі зерттеуші В.Я. Басин: “…широко употребляемый 
термин о подданстве казахов…правомерен лишь на завершающем этапе 
присоединения Казахстана к России” - деп қазақ елінің түгелдей Ресей отары 


Хабаршы №3-2015ж.
197 
болғаны 1865 жылы Шымкент пен Ташкентті алған кездерді көрсетеді [6, 250 
б.]. Шын мәнінде өмір бойы Ресеймен соғысқан Кіші жүздің және оның әйгілі 
батыр ханы Әбілхайыр сынды тарихи тұлғаның ата жауы етегіне 
жармасуының ешқандай қисыны жоқ еді. Тарихи шындық оның 1748 жылы 
қаза тапқанынша Ресеймен соғысып өткенін көрсетеді. Өзі жалынып, бодан 
болған адам осындай әрекет жасауы мүмкін емес. Біз де, бұрын осылай 
күдіктеніп келдік, ал оны түгелдей дәлелдеуге Әбілхайырдың “тарихи 
хатының” түпнұсқасын көргенде ғана қол жеткіздік… 
Мысалы Шоқан Уәлиханов Әбілхайырға қатысты Сібір губерниялық 
канцеляриясының бір документінің көшірмесін алыпты.
“Номер 3. Указ Сибирской губернской канцелярии от 10 декабря 1739 
г. /за номером 10659/ в Верхне-Иртышскую крепость командующему, 
господину секунд-майору Нелюбову, дабы иметь предосторожность от 
киргиз-кайсаков, потому что оренбургский казак Измаил Обрязаков, бывший 
в Орде у Абульхаир-хана, сообщал, что Джанибек-батыр собирает войско, 
но куда идут, того не знал он, Обрязаков… Это сообщено в Сибирскую 
губернскую канцелярию полковником и воеводой Татищевым из Исецкой 
провинциальной канцелярии с произведением копии с указа канцелярии 
Оренбургской комиссии, порученной господину генерал-лейтенанту князю 
Урусову”[7, с.267 б.]. Міне осындай документтер Әбілхайырдың Ресеймен 
өлгенінше, яғни 1748 жылға дейін соғысқанын көрсетеді. Ресейге қолтығыңа 
ал –деп жалынған адамда сондай жағдай болуы мүмкін емес. Қорыта 
айтқанда барлық тарихи оқиғалар оның Ресейге бодан болғанын теріске 
шығарады. Әлгі Измаил Обрязаков деген казак емес татар. Ал, Урусов 
Василий- Адмиралтейство коллегиясының советнигі. Сол 1739 жылы В.Н. 
Татищевтің орнына /Начальник Оренбургской комиссии/ тағайындалған еді. 
Жәнібек батыр – Кіші жүздегі белгілі батыр, Әбілхайырға жасынан көп 
қамқорлық жасаған тарихи тұлға. Және екі Жәнібек бар екенін ұмытпауымыз 
керек. Бірі Кіші жүздегі сұлтан Жәнібек, екіншісі Орта жүздегі арғын 
Шақшақұлы Жәнібек.
Шоқан жинаған және бір документте қазақтар мен башқұрттардың 
қайтадан мәмлеге келіп достасып кетуінен қауіптенген Ресей үкіметі Верхне-
Иртыш крепостының секунд-майоры Нелюбовқа “…чтобы киргиз кайсаки, с 
башкирами не помирились…” деп қатаң ескертпесі сақталған [7, 267-268 б.]. 
Міне, сонша нақты материал жинаса да, осындай тарихи шындықтың 
түбіне жете алмай кеткендердің бірі Ш.Ш. Уәлиханов болатын. Дегенмен ол 
Орта жүздің Ресей отары болуы 1820 жылдардағы өз атасы Уәли хан 
өлгеннен соңғы кезең екенін жазып қалдырған. Дәл осындай пікірді сол 
заманда өмір сүрген К. Маркс пен Ф. Энгельс те айтқан болатын. Олар: “…до 
30-х годов ХІХ в. …власть России над тремя ордами или племенами киргизов 
оставалась чисто номинальной…” – деген болатын [8, 615 б.].
Ш.Ш.Уәлиханов 1863 жылы жазған зерттеуінде отарлық жағдайдағы 
қазақ елінің аса қиын проблемасының бірі билер институтінің тағдыры 
туралы: “Если 40-летнее русское владычество, внесшее много совершенно 
новых элементов в общественную жизнь казахского народа, не имело 
никакого влияния на древней казахский суд биев, если суд этот мог устоять 
против неблагоприятных условий русского законодательства/например, 


Хабаршы №3-2015ж.
198 
закона 1854 года/, ясно, что он вполне удовлетворяет настоящему развитию 
казахского народа. ”- деп суреттеп Орта жүздің отар болғанына 40 жыл 
болғанын көрсетеді [9, 506 б.]. Сондай –ақ ол мұсылманшылықпен 
айналысып қазақ елін алдап, патша саясатын жүргізуші татардың дүмше 
моллаларына шек қою керектігін айтып көптеген өтініштер жазады [9, 528 
б.]. 
Ш. Ш. Уәлиханов қазақ хандарының жерленген жерлері мен басына 
тұрғызылған мавзолейлер туралы жазған еңбегінде Әбілхайыр моласына көп 
көңіл бөлгендігі көрінеді [7, с.64]. Қалай болғанда да Ш.Ш. Уәлиханов басқа 
зерттеушілерге қарағанда Әбілхайырдың және басқа хандардың Ресейге отар 
болғаны туралы нақтылай ештеңе айтпаған. Соған қарағанда оның күдігі 
біздікіне қарағанда әлдеқайда көп болғанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет