TabOrder қасиеті арқылы Tab пернесі басылғандағы объектілерге фокусты беру реті анықталады. Келісімше бұл тізбек форманы құрастырғанда оған орнатылған элементтер реті бойынша анықталады, ең алдымен орналастырылған компоненттің TabOrder қасиеті 0 болады, екінші болып орнатылған компоненттің TabOrder тең 1-ге және т.с.с.
Жалпы компоненттердің Parent параметріне ұқсас TComponent түріндегі Owner - иесіқасиеті болады. Әдетте формаға орналастырылған компоненттердің иесі - Form деп саналады. Егер компоненттердің иесі жойылса, онда оған орналастырылған барлық элементтер де жойылады.
Программаның орындалу барысында белгілі бір компоненттің орналастыруы Create (self) функциясы арқылы орындалады.
DragMode қасиеті программалау кезеңінде объектілерді жылжыту амалдарымен байланысты Drag – and - Drop тәсілін қолдануда пайдаланылады және басқару элементтін тышқанмен жылжытқандағы бет алысын анықтайды. DragMode мәні dmAutomatic және dmManual болады. Келісімше DragMode мәні dmManual болып тұрады. Бұл тәртіпте BeginDrag әдісі шақырылмағанға дейін басқару элементтін жылжытуға болмайды. Егер қасиеттің мәні dmAutomatic болса, онда объектіні кез келген мезгілде жылжытуға болады. Объектіні жылжыту амалдарын орындау үшін DragMode мәнін анықтаумен бірге жылжыту амалдары орындалғандағы оқиғаны өндеуші үзіндісін көлтіруді қажет етеді.
Әдістері Delphi ортасының визуалдық және визуалдық емес компоненттері көптеген әдістермен байланысты болады. Ол әдістер арқылы объектілерді құрастыру, оларды жойып тастау, сызу, бейнелеу, жасыру және т.с.с. операцияларды орындауға болады. Визуалдық компоненттерге жиі қолданылатын әдістерді қарастырайық.
SetFocus прцедурасы терезелік басқару элементтіне енгізу фокусын береді. Егер басқару элементті қазіргі мезетте енгізу фокусын қабылдай алмайтын жағдайда болса, онда қате шығады. Сондықтан фокусты элементтке беру алдында элементттің фокусты қабылдайтын қабылетін CanFocus функциясы арқылы тексеру керек. Егер функцияның нәтижесі True болса, онда элементтке фокусты беруге болады, керісінше (False) - элементт фокусты қабылдай алмайды. Фокусты қабылдамайтын жағдай - элементт екпінді емес күйде болуы, яғни оның Enabled қасиетінің мәні False болғандығы анықтайды.
Clear әдісі элементттің мазмүнын (мәтіндік немесе сандық берігендерді) жойып тастайды, яғни элементті тазалайды.
Refresh әдісі басқару элементттерін жаңарту үшін қолданылады. Жаңарту дегеніміз, элементті алып тастау және қайтадан салу деп түсіну қажет. Элементтті қайталап салу қажет болса, әдетте осы әдіс автоматты түрде шақырылады. Бірақ кейде, программалаушы қайталап салу әрекеттерін өзі басқарып отырған жағдайда, бұл әдісті программа кодында көлтіру қажет.
Refresh әдісі Invalidate және UpDate әдістерін шақырып отырады. Invalidate әдісі Windows ортасына бейнені жаңарту қажеттігі туралы хабар жібереді. Жүйе осы операцияны мүмкін болғанда ғана орындайды. UpDate әдісі бойынша хабар келісімен бірден жаңарту операциясы орындала береді.
Информацияны енгізу және редакторлау
Delphi ортасының Edit, MaskEdit, Memo, RichEdit компоненттері арқылы информацияны енгізуге және оны өзгеруге болады. Edit компоненті Enter пернесінің басылғанына сезінбейді.
Edit - тің CharCase қасиеті енгізілетін мәтіндегі әріптердің регистрын анықтайды:
EcLowerCase - барлық көрсетілген әріптерді кіші әріпке аударады;
EcNormal - әріптерді көрсетілген түрінде бейнелейді;
EcUpperCase - барлық көрсетілген әріптерді бас әріпке аударады.
Егер Edit - тың Password (қупия сөз) қасиетінің мәні #0 болса, онда енгізу жолында терілген таңбалар көрініп тұрады. Енгізілген информацияны көрсетпеу үшін Password мәні #0 - ден тыс болу керек. Енгізу жолындағы таңбалардың орнында жүлдызшалар (*) тұрады.