Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі



бет63/69
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#23608
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   69
Байланысты:
Курсты ма саты мен міндеті

Бақылау сұрақтары:

Дәстүрлі және дамытушы оқытудың маңызы, мазмұны неде?

Дәстүрлі және дамытушы оқыту дегеніміз не?

Дәстүрлі және дамытушы оқытудың негізін қалаған ғалымдарды атаңыз?

Дәстүрлі және дамытушы оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашығы неде?

Дәстүрлі және дамытушы оқытудың міндеттерін атаңыз?


Жоспары:

  1. Оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің міндеттер жүйесі.

  2. Оқушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер.


Лекция мақсаты: педагогикалық технологиясының даму динамикасы туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Лекция мәтіні:

Оқушы тұлғасының дамуына максималды себепкер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан:



Оқыту үрдісінде танып-білуге арналған материалға және оны игеру уәжіне оқушының қызығуын тудыру.

Мұғалім білім беру мазмұнын өңдеп жоспарлағанда оқыту үрдісін оқушы есептің шешуін табу не басқа оқу мәселесін шешу барысында өзінің өзекті даму аймағына әкелетіндей етіп жасау керек. Басқаша айтқанда, оқыту үрдісі оқушының өзіне берілген есепті шешу барысында оны шешуге қабілеті, білімі жеткендіктен оны ұжымдық талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны тексеруіне, қоымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі қажет.

Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының “жеңістік жағдаятын” алды-ала ескеру қажеттігі туады, яғни, оларға өз күштерімен шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда, бала өзін жеңімпаз, қиын шыңды басып өтуші, меншікті жеңісті иеленуші ретінде сезінеді.

Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.

“Сырттағы” білімді “іштегі” білімге алмастыруға арналған іс-әрекеттер тізбектерін алдын-ала болжау қажет. Бұл нәтиже топтық талдау, пікірталастар және т.б. жеткізеді.

Дамыта оқыту үрдісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында жетуі керек.

Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім – сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Осындай негізде құрылған іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты: “Қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үрдісі нәтижесін шығару”.

Бүгінгі кезде жоғарыда жазылған барлық сипаттаушы қасиеттерін игерген мектеп саны жоққа жуық. Бірақ, бұл мақсатқа ынталанған мектептер бар.



Сонымен, жалпылап айтқанда, оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:

оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;

оқыту үрдісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;

оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту;

оқу материалын игеруде және іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру;

белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру;

көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;

оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру;

оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;

оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;

дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;

жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау және т.б.дамыту жаттығулары).

Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар:



мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобына мұғалімдер мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;

оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы;

оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс-әрекеттер оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдайымен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;

оқыту деңгейінің анықталған бірізділікті-біртінденушіліктің болуы (оқыту жылдарына байланысты, нәтижелеріне, білім беру стандартына сәйкес т.б.);

оқу материалы бөлек-бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген курстардың да болуы (табиғаттану, әлеуметтік ғылымдар, қоршаған орта және т.б.);

оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс-тәсілдердің кең қолданылуы;

оқушылар әжептеуір аралықта мысалы, белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды топтар қалыптасып уақытша қызметтесуінің мүмкіндігі және жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;

балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактілі, логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі;

үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей екендігін естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үрдісінде әрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығуларынының ескерілуі;

оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйлесімді қосылуы;

оқушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;

оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.

Қазір біздің елдің мектептерінде осының бірталай баптары игерілу үстінде. Олар: мектептреде өзіндік басқару ұйымдары, топтық жұмыс істеу әдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбею, т.б.

Балама мектеп идеяларын дәстүрі мектепке енгізудің қажеттілігінің негізгі дәлелі білім беру мақсатының, бағытының өзгеруінде жатыр, яғни ол таза әлеуметтік бағытталған мақсаттан ауысуында.

Осының барлығын іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, танымгер, өз ісіне құштар, яғни демократиялық әулеті жете дамыған мұғалім қажет. “Бала ұрпақты баулу, тәрбиелеу – аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уәзипа” – деп, ақылшы ақын М.Әлімбаев айтқандай, әрбір ересек адамның сана-сезіміне салмақты орын алуы тектік қорымызды сақтауға жетелеуші алғы шарт болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет