Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Модульдік оқытудың ерекшеліктері



бет34/69
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#23608
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69
Модульдік оқытудың ерекшеліктері:

Модульдік оқытудың мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену.

Модульдік оқыту іс-әрекет принципіне негізделген; оқушының кейде ғана емес, жүйелі түрде белсенді іс-әрекеті болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі.

Сондықтан мұғалім тапсырмалардыдайындағанда оқушыларды оқу мақсатына бағыттайды, оның қабылдауына жағдай жасайды, балалардың өзін-өзі бақылау және бағалау жүйесін анықтайды, сол арқылы өзін-өзі басқаратын рефлексивті оқыту процесін қамтамасыз етеді.

Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген:

Егер оқушы тапсырманы мұғалімнің немесе сыныптастарының көмегімен орындайтын болса, онда ол өзінің жақын даму аймағында деп есептеледі. Бұл баланың психикалық функциясын жетілуіне септігін тигізеді. Өйткені, ол бүгін басқалардың көмегімен орындалған тапсырмаларды ертең өзі орындай алады, яғниғ бір цикл аяқталады да, оқушы актуальды даму аймағына енеді. Осылай жаңа деңгейде келесі цикл бастау алады.



Модульдік оқытуда бұл цикл мұғалімнің оқушыға беретін көмегінің мөлшері мен мазмұнын саралап, оқу әрекетінің әртүрлі формада (жеке, топтық, тұрақты жұптың және ауыспалы құрамда) ұйымдастырылау арқылы жүзеге асырылады.

Модульдік технология негізінде бағдарламалы оқыту алынған.

Бағдарламалы оқытудың мынадай белгілері:

іс-әрекеттегі нақтылық логика;

белсенділік және оқушының өзінше жұмыс істеу мүмкіндігі;

жеке жұмыстың қарқыны;

нәтижелерді салыстыру (аралық және қорытынды);

өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау.

Модульдік технологияның қарқындылығы, интенсивтілігі оқыту процесін оңтайландыруды, яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал жұмсай отырып жоғары нәтижеге жетуді талап етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет