Геометриялық фигуралар мен өлшемдер: нүкте, кесінді және бұрыш;
фигуралардың жазықтықта және кеңістікте белгіленуі.
Мәліметтердің берілуі: мәліметтерді үйлестіру және оқып-түсіну;
мәліметтерді үйлестіру және беру.
8-сынып. Сандар: натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін
сандар; қатынас, пайыз және пропорция.
Алгебра: тәуелділік; алгебралық өрнектер; теңдеу/теңсіздік және функция.
Геометрия:
геометриялық
өлшемдер;
геометриялық
фигуралар;
фигуралардың орналасуы және қозғалысы.
Мәліметтердің берілуі: мәліметтерді талдау; мәліметтерді үйлестіру және
беру; ықтималдылықтар.
Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі осы аталған
мазмұнды бөлімдерімен қатар «математикалық құзыреттiлiктiң» даму
деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзыреттiлiгi зерттеуде
«тұлғаның математикалық бiлiмдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және
қабілеттерінің үндесуімен» анықталады.
Халықаралық TIMSS зерттеуінде үш математикалық құзыреттiлiктiң
деңгейлерi қарастырылады: білім деңгейi, қолдану деңгейі, тұжырымдау
деңгейi.
Білім деңгейі бойынша:
– оқушылардың терминдерді, сандардың қасиеттерін еске түсіру арқылы
суреттеу; есептеу;
– график пен кестеден мәліметті алу;
– құралдарды қолдану;
– классификациялау, математикалық объектілерді тану қабілеттері
бағаланады.
Қолдану деңгейі бойынша:
– нәтижелі шешу тәсілін таңдау;
– математикалық ақпаратты көрсету;
– модельдеу;
– тізбек тапсырмаларды орындау;
– стандартты есептерді шешу қабілеттері бағаланады.
Ойлау деңгейі бойынша:
19
– объектілердің арасындағы тәуелділікке анализ жасау;
– қорытындылау, әр түрлі шешу жолдарын синтездеу;
– дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу;
– стандартты емес есептерді шешу қабілеттері бағаланады.
Бұл зерттеулер қатысушы-елдерге оқушылардың білім жетістіктерінің
нәтижелеріндегі қозғалысты, білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерді
бақылауға, жүргізілген реформалардың салдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |