Flash дыбыстың фильмде қолдану үшін бірнеше жол ұсынады. Сіз, тоқтамай, сюжеттің мазмұнына қарамай, қолданушының әрекетіне жауап бермей ойнап тұра беретін дыбыспен жабдықтай аласыз. Ал проектіңіз одан әрі қызықты болу үшін әр батырманы басқанда дыбыс шығатындай етуге болады. Және тағы бір жолы, ActionScript сценарийлерін пайдалану. Flash та дыбыспен қамтамасыз етудің екі түрі бар оқиғалы басқару (event sound) және ағымды (stream sound).
Оқиғалы басқару дыбыс кезінде берілгендер аяғына дейін жүктеліп болғаннан кейін ғана дыбыс оны тоқтатқанға дейін ойнатыла береді. Ал ағымдағы дыбыс үшін алғашқы кадрлар жүктелгеннен кейін ақ ойнату басталып кетеді.
Дыбыспен жұмыс істеу оңай болу үшін, Flash авторларға келесі мүмкіншіліктерді ұсынады:
Дыбысты кітапханаларға бөліп қоюға болады, яғни енді бір кітапханадағы дыбысты бірнеше фильмдерде қолдануға болады.
Дыбысты, экспортталатын фильмнің сапасы мен көлеміне қарап, параметрлерін өзгертуге болады. Яғни автор, дыбыс сығу жолын өзі таңдай алады.
1.4 Flash филімдерін қолдану түрлері
Жоғарыда айтылғандай Flash - тің мақсаты, графика мен анимацияға толы интерактивті тор беттерін құру болып саналады. Жоғарыда айтып өткендей Flash ті тамашалау үшін екі түрлі жол бар, біріншісі WEB браузер арқылы, екіншісі Flash фильмді басқа форматқа ауыстыру арқылы.
Flash арқылы фильмді құру және өзгерту кезінде автор, FLA форматындағы файлдармен жұмыс істейді. Бұл бағдарламау ортасының тек өзіне қатысты форматы, және бұл форматты басқа бағдарламалар «түсінбейді». Тор броузерлерінде фильмді көру үшін, SWF форматына экспорттау керек. Бұл форматты Internet Explorer, Netscape және Opera броузерлерінің соңғы нұсқалары қолдайды, немесе арнайы Flash-плеер арқылы ойнатуға болады. Бұл плеер, Flash редакторының құрамына кіреді. Flash фильмін ойнатудың екінші түрі Windows Media Player арқылы. Бұл үшін, Flash фильм AVI форматына экспортталуы керек. Бірақ, фильм көлемі он есе кейде 100 есеге дейін көбейіп кетеді. Экспорттау кезінде фильм өзінің сапасын жоғалтады, сондықтан бұл тиімсіз болып есептеледі. Flash фильмін көрудің тағы бір жолы, фильмді GIF форматына көшіру. Бұл экспорттаудың да екі түрі бар, біріншісі фильмін әрбір кадрын gif форматына өзгерту болса, екіншісі бірақ gif файлын құру.