Тестіні қалыпқа келтіру
iSpring QuizMaker көмегімен жылжытуды қалыпқа келтіру, сұрақтарды араластыру, плеер таңдау және барлық хабарламалар мен жазбаларды түзетуге болады.
iSpring QuizMaker тестілер мен анкеталардың нақты нәтижелерін email немесе серверге жіберуге мүмкіндік береді. Ол үшін почта немесе сервер адресін көрсету қажет. Қолданушы өз тестісін Қашықтан оқыту жүйесіне жүктеу мақсатында жариялауына болады (Blackboard немесе SCORM/AICC стандарттарды қолдайтын кез келген басқа жүйе) немесе оны жеке слайд ретінде курсқа енгізу.
Тестінің сыртқы түрін қалыпқа келтіру
Тестінің сыртқы түрін қалыпқа келтіру iSpring QuizMaker 7 ыңғайлы слайдтар редакторы арқылы жүзеге асады.
Макеттер.
Сұрақ элементтерінің орналасуының неғұрлым ыңғайлы макетін таңдау.
Алдын ала қарау. Сұрақ, сұрақтар тобы немесе тест соңында қандай түрде болатынын алдын ала қарау.
Тақырыптар
Ұсынылған тақырыптардан түстер таңдау немесе жеке тақырып таңдау.
6, 7 - дәрістер. Adobe Flash Professional -де 2D анимациясын жасау.
Мультимедиялық презентациялар құру үшін - Macromedia Director Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу үшін - Macromedia Freehand, Macromedia Fireworks,интербелсенді оқытушы курстарын құру үшін – Macromedia Authorwave, Macromedia Course Builder. Сондықтан да Web-публикациясының ішінде ең танымал, әрі жеңіл қолдануына ыңғайлы болып келетін - Macromedia Flash болып табылады. Macromedia Flash Web – парақтарын толық құруға және әрбір сайттың анимациясымен безендірілуіне мүмкіндік береді. SWF форматының көмегімен, оны әдетте Flash деп атап кетті.
Flash техналогиясының құрамына мыналар кіреді:
векторлық графика;
анимацияларды қолдау;
интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндігі;
әртүрлі графикалық форматтарды қолдау (сонымен қатар растрлы графикалы да);
Flash фильмдерді HTMLформатына қосу;
Flash фильмдерін Web- браузерде көру мүмкіндігі;
әртүрлі визуальді саймандардың болуы.
Flash технологиясы Shockwave Flash (SWF) форматында қолданылатын векторлық графикаға негізделген. SWF құрушылары, графиканың тамаша мүмкіндіктерімен, олармен жұмыс жасайтын құрал жабдықтарды, (шыққан нәтижені WEB-бетке қоса алатын механизмді тиімді пайдалана отырып, үйлесімді өнім таба алды. SWF-тың тағы бір ұтып тұрғаны, бұл форматты кез келген платформада қолдануға болады. (яғни, MacOS операциялық жүйесімен басқарылатын Macintosh компьютерлері мен Windows ОЖ бар IBM компьютерлері). SWF–да құрылған бейнелерге анимация ғана қолданып қоймай оларды интерактивті элементтермен және дыбыспен де әрлеуге болады.
Осындай қосымша қасиеттерінің арқасында SWF форматы тор әрлеушілерінің ризашылығына ие болып, қолданысқа кіріп кетті. Macromedia отбасында дүниеге келгеннен ақ, бұл форматқа Internet Explorer және Netscape Communicator тор броузерлеріне арналған компоненттері (Plug-In) жасалды. Ал бұл, SWF-тың бүкіләлемдік торда одан әрі атышулы болуына септігін тигізді. Нәтижесінде бұл броузер құрушылары SWF-ті қолдайтын компонентті өз өнімдерінің ядросына қосып қоятынын жария етті. Бұл бастаманы бағдарламалармен қамтамасыз ететін тағы да басқа өндірістер қолдап әкетті (мысалға, Adobe фирмасы).
Достарыңызбен бөлісу: |