Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі



бет37/83
Дата28.09.2022
өлшемі13,27 Mb.
#40708
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83
Байланысты:
umk sbbrzh (2)

Парақша:


Курстың шарттарын, мерзімін немесе курстың бағдарламасын ұсынуға;
− Түсіндірме ретінде әртүрлі видео-дыбыстық файлдарды
енгізуге
қолданылады.
      1. Гиперссілтеме


Бұл Интернетте орналасқан кез-келген ресурспен байланыстыратын қарапайым веб-сілтеме жасайтын элемент. Мүмкідігінше сілтеме бойынша парақшаның сайттың басты бетіне өтпеу. Нақты веб-сайттың мекен-жайын қолданған дұрыс. Оқытушы Flickr, YouTube, Wikimedia және т.б. қоймасындағы сілтемерді қолдана алады (сайт үшін рұқсат етілген қоймаларға байланысты).


Сілтемені көрсетудің екі түрі бар: парақшаның ішінде орналасқан немесе жаңа терезеде ашылатын.
Сілтемеге қажеттілігіне қарай қосымша ақпарат енгізуге болады, мысалға білім алушының есімін.


      1. Файл. Папка


Файл және папка ресурстарының айырмашылығы, Файл-бір ғана файл жүктеуге, Папка ресурсында – шексіз файлдар жүктеуге мүмкіндік береді.
Файл модулі оқытушыға файлды курстың ресурсы ретінде ұсынуға мүмкіндік береді. Жасалған файл, курс интерфейсінде орналасады, білім алушыға жүктеу ұсынылады. Файл қосымша элементтерді қосуы мүмкін, мысалы HTML-парақшасы кіріккен сурет немесе флэш-объекттер.

! Файлды жуктеу үшін, білім алушылардың компьютерлерінде сәйкесінше бағдарламалық қамтамасыз ету болуы керек.


Файл может быть использован:
Файл қолдануы мүмкін:

  • деректерді ауқымды қолдану үшін

  • курстың ресурсы ретінде мини-сайтты қосуға;

  • белгілі бағдарламалар жобасының файлдарын (мысалы psd photoshop үшін), білім алушылар өзгертіп бағалауға ұсынуға.
      1. Дәріс


Оқытушыға контент және/немесе практикалық тапсырмаларды (тестілер) қызықты әрі икемді нысанда орналастыруға мүмкіндік беретін, белсенді элемент. Оқытушы дәрістің бірқатар теориялық беттен тұратын сызықты схемасын немесе білім алушыға арналған әртүрлі жолдар мен варианттардан тұратын ағаш пішіндес схеманы қолдануы мүмкін.
Дәрісті жасау үшін мәзірдегі Дәріс пунктін таңдаңыз (15-16 сурет).

15 сурет - Дәріс элементін қосу
Оқытушы кез-келген жағдайда өзара іс-қимыл және бақылауды, түсінуді белсенділікті ұлғайту үшін әр түрлі типті: көпті таңдау, сәйкестік және қысқа жауабы бар сұрақтар пайдалана алады. Білім алушының таңдаған жауабы мен стратегиясына байланысты оқытушының дәрісті жасауына қарай, білім алушы немесе келер бетке өтеді немесе тіпті басқа жолмен ары қарай бағытталуы мүмкін.
Дәрісті бағалауға болады, бағалар (баллдар) бағалар журналына жазылады.
Дәрістер келесідей қолданылу мүмкін:
− өз бетінше жаңа тақырыпты меңгеруде;
− сценарийлер немесе жаттығулар үлгілеу бойынша/шешімдер қабылдауда;
− әртүрлі сұрақтар тобының алғашқы сұрақтардың жауаптарына байланысты бақылауда;

16 сурет– Дәріс элементін жасауға арналған парақша

Дәріске:
− Сұрақтар импорттауға (импорт мәтіндік файлдан, сұрақтардан тұратын белгілі форматтағы файл арқылы жүзеге асады);


− Кластер қосу (қосымша сұрақтар үшін қолданылады);
− Ақпараттық бет/бөлімнің мазмұнын;
− Сұрақтары бар бет қосуға болады
Дәрістің негізгі беті – бұл сұрақтары бар бет. Парақшанын басында оқу материалынан түсіндірме фрагмент, ал соңында игерілген фрагментті тексеруге сұрақтар беріледі, егер сұраққа дұрыс жауап берілсе, келесі бет жүктеледі, дұрыс жауап берілмесе онда білім алушыға игерілмеген оқу материал фрагментін қайта игеру ұсынылады (17 сурет).

17 сурет – Cұрақтары бар бетті қосу


Ашылған жаңа бетте сұрақтын типін таңдаңыз, Сұрақтары бар бетті қосу батырмасын басыңыз (18-19 сурет).




!

Берілген дәрісте сұрақтың келесі типтерін қолдануға болады:

        • Дұрыс/Дұрыс емес - жауаптын екі нақты вариантын Дұрыс немесе Дұрыс емес;

        • Қысқа жауап - екі жауаптың тек біреуін таңдауға мүмкіндік береді;

        • Бірнеше таңдау - берілген тізімнен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға мүмкіндік береді;

        • Сәйкестікке - бірнеше сұрақтардың әрқайсысына жауаптар ықтимал тізімнен таңдап алынады;

        • Сандық - қысқа жауап сияқты, тек студент жауап ретінде сан жазуы керек;

        • Эссе - қысқа эссені жауап ретінде жазу керек. Мұғалім бұл сұрақты қолмен бағалайды.


19 сурет – Сұрағы бар парақшаны жасау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет