200 Х 200 пиксель өлшемді жаңа фильм құрыңыз. Дайындаманы өз папкаңызға *.fla форматында сақтаңыз.
Монтаждау столында Қабат қою Вставить слой батырмасы көмегімен 3 қабат қосыңыз және олардың атын Циферблат, Кішкене тілше (Маленькая стрелка), Үлкен тілше (Большая стрелка) деп аттарын өзгертеміз:
Бірінші кілттік кадрда Циферблат қабатында болашақ жасалатын сағат циферблатын саламыз:
Кішкене тілше және улкен тілше қабаттарының бірінші кілттік кадрында сәйкес сағаттың үлкен және кішкене тілшелерін салыңыз:
Екінші кадрда үлкен тілшені ерекшелеп, тәуелсіз (Свободная) трансформация құралын таңдаңыз. Трансформация нүктесін (transformation point) циферблат ортасына қарай жылжытыңыз және тілшені 30° бұрыңыз.
Дәл сол амалдарды кішкене тілшені азырақ 10 санына қарай 2,5°-қа жылжытып орындаңыз:
Үлкен және кішкене тілшелерді жылжыта отырып және әрбір жаңа кілттік кадр құру барысында үлкен тілше бір айналым жасапқажет, ал кішкене тілше 10-ға келіп тұруы керек. Нәтижесінде 13 кадр шығуы керек:
Кадрдың ауысу жиілігін секундына 1кадр деп орнатыңыз:
+ пернелерінің көмегімен дайын болған фильмді көріңіз:
Дайын суретті өз папкыңызға *.fla форматында сақтаңыз.