12-дәріс. Moodle қашықтықтан оқыту сервері
1. MOODLE ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ
Moodle қашықтықтан оқыту сервері http://dl.kaznu.kz мекен-жайында орналасқан (1-сурет). Moodle жүйесінде жұмыс істеу интернет браузері арқылы жүзеге асады. Жүйенің толық функционалдығы ұсынылған браузерлер көмегімен ашылады:
− Google Chrome;
− Mozilla;
− Internet Explorer;
− Safari;
− Opera.
! Сайттың дұрыс жұмысы үшін соңғы браузерлердің соңғы версиясын пайдаланыңыз.
1 сурет - ҚОЖ Moodle негізгі терезесі
Жүйелік талаптар
− Операциялық жүйе
− MS Windows XP және одан жоғары
− Интернет байланысы:
− ең төменгі жылдамдық - 56 Кбит/с, ұсынылатын жылдамдық - 528 Кб/с;
− Анимацияларды, FLV бейнесін және презентацияларын көру үшін:
− Flash Player ActiveX;
− Adobe Acrobat Reader немесе Foxit Reader. Бейне мазмұнын көру үшін:
− Windows Media Player және байланысты кодектер. Қосымша материалдарды көру үшін:
− Archiver (WinRAR, 7zip және т.б.);
− Office жиынтығы (OpenOffice, MS Office немесе басқалары);
− Java (JRE) - кірістірілген формула өңдегішін пайдалану.
Жүйеге кіру үшін, Кіру сілтемесін басыңыз, блоктың сәйкес жолдарында (2-сурет) пайдаланушы логин vен пароліңізді енгізіңіз (https://univer.kaznu.kz жүйесінде қолданатын) және Moodle жүйесіне кіру батырмасын басыңыз.
2 сурет –ҚОЖ Moodle-де авторизация жасау
Егер логин мен пароль дұрыс енгізілсе, жүйе қолданушыға сәлемдесіп беттің жоғарғы оң жақ бұрышында аты мен тегін көрсете отырып, ашылады (3-сурет).
3 сурет– Қолданушының жеке парақшасы
Қолданушының жеке парақшасы келесі элементтерден тұрады:
Пәндер тізімі;
Жеке құжаттар;
Күнтізбелік және басқа көмекші блоктардан (4-сурет).
4 сурет – Қолданушының жеке парақшасының жалпы көрінісі
Өзіңіз туралы ақпаратты өңдеу үшін ҚО жүйесі бетінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы, өзіңіздің атынызбен тегіңіз жазылған сілтемені таңдауыңыз керек (4-сурет). Қолданушының жеке мәліметтерін өңдеу бөлімі ашылады. Бұл бетте бірнеше қосымша беттер бар (5-сурет).
5 сурет – Қолданушының жеке кабинетінің мәзірі
Достарыңызбен бөлісу: |