WEB 2.0 сервистері мен Интернет технологиялары
http://robotix33.ru/servisyi-web-2-0/
https://www.sites.google.com/site/badanovweb2/home
3, 4 - тәжірибелік жұмыс. PowerPoint программасында iSpring Suite құралдары көмегімен электрондық курстар құру
iSpring көмегімен оқу курстарын құрып және жариялау бірнеше қадамда жүзеге асырылады:
PowerPoint-презентациялары негізінде оқу курстарын құру
Аудио- және бейне-қолдау құру
Интерактивті тест құру
Интерактивті блок құру
Қашықтан оқу жүйесіне жариялау
PowerPoint презентациялары негізінде оқу курстарын құру
Оқу курстарын құруға арналған iSpring құралдары PowerPoint қалыпқа келтіруі түрінде болады. Барлық iSpring функциялары жеке панельдерде орналасқан, ал бұл тікелей PowerPoint программасынан презентацияларды оқу материалдарына айналдыруға мүмкіндік береді.
PowerPoint программасындағы iSpring Suite құралдар панелі.
PowerPoint-ты толық қолдау
iSpring оқу курсының негізі PowerPoint – та құрылған презентация. Курсты Flash форматына конверттеу кезінде iSpring PowerPoint-тың барлық эффектілерін қолдайды: анимация, көшу эффектілері, SmartArt-фигуралар мен триггер-анимациялар және гиперсілтемелер. Триггер-анимацияларды қолдау iSpring өнімдерінің айрықша ерекшелігі болып табылады.
Веб-беттер, Flash- және YouTube-роликтер қосу
Электрондық курстардың бір артықшылығы – мультимедиялық ресурстарды белсенді қолдану мүмкіндігінде. iSpring PowerPoint құралдары арқылы қойылуы мүмкін емес мультимедиа объектілерді қосуға мүмкіндік береді.
iSpring Suite көмегімен YouTube-роликтерін қою
Файлдар мен сілтемелер тіркеу
Оқу курсына қосылған ақпаратпен қатар, қолданушыларға тақырып бойынша қосымша материалдар қажет болуы мүмкін. iSpring құралдар панеліндегі «Ссылки» батырмасы курсқа файлдар мен веб-сілтемелер қосуға мүмкіндік береді.
iSpring арқылы файлдар мен веб-сілтемелер қосу
Қолданушы презентацияға әр түрлі форматты, оның ішінде .doc, .pdf, .jpg және т.б. файлдарды тіркей алады. Және олардың қалай ашылу қажеттігін ретке келтіреді: сол терезеде немесе браузердің жаңа терезесінде.
Тіркелген файлдар жарияланған презентацияны плеерде қарау кезінде жүктеліне алады.
Достарыңызбен бөлісу: |