Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Курсты қашықтан оқыту жүйесіне жариялау



бет65/83
Дата28.09.2022
өлшемі13,27 Mb.
#40708
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83
3. Курсты қашықтан оқыту жүйесіне жариялау
iSpring программасы арқылы құрылған электронды оқу курстарын Интернетке жариялауға, email арқылы жіберуге, CD/DVD-дискіге жазуға, сондай-ақ қашықтан оқыту жүйесіне жүктеуге болады. Қолданушы өз электронды оқу курсын арнайы қашықтан оқыту жүйесі үшін қалыпқа келтіре алады:

  1. Қаралған слайдтар санын бағалау.

  2. Тестілерді бағалау.

  3. Өтпелі баллды беру.

  4. Сабақ ұзақтығын шектеу.

Егер қолданушы СДО iSpring Online қашықтан оқыту жүйесін қолданса, құрылған курсты ол тікелей PowerPoint программасынан жүктей алады – ол үшін жариялау терезесінде iSpring Online есептік жазбасын көрсетсе жеткілікті. Егер басқа жүйе қолданылса, iSpring курсты компьютерге сақтайды.

iSpring Online қашықтан оқыту жүйесінің интерфейсі.


5 – тәжірибелік жұмыс. iSpring QuizMaker 7 программасы арқылы
тест жасау

iSpring QuizMaker 7 программасы іске қосылғаннан кейін төмендегідей терезе ашылады:

iSpring QuizMaker 7 программасын іске қосу

Мұнда Недавние тесты және Обзор батырмалары арқылы бұрынғы тестілерді ашуға немесе Новый тест командасы арқылы жаңа тест құруға болады. Содан соң экранға программаның бас терезесі шығарылып, сол жақтағы Вопрос теста батырмасын басып, 11 түрлі тестінің бір түрін таңдап, тест сұрақтарын енгіземіз. Құрылғалы отырған тест қорында көбіне Одиночный выбор және Множественный выбор түріндегі сұрақтар қолданылады.



Одиночный выбор түріндегі сұрақ



Сұраққа формула қою

Осылайша тест сұрақтарын түгел енгізіп болғаннан кейін немесе басында сол жақтағы Настройка командасы арқылы құрылған тестінің түрін, ондағы шығарылатын хабарламалар түрін, өтпелі балл, нәтижелерді шығару т.б., яғни бүкіл тестіге қажетті параметрлер беріледі. Айталық Основные терезесінде тест аты, өтпелі балл, уақыт шектеу, студенттің аты мен е-mail адресі, жиналған балл саны көрсетіледі.



Настройка-Основные терезесі


Навигация терезесінде сұрақтардың экранға шығу түрі, яғни барлық сұрақтарды немесе топтап шығару, сондай-ақ нәтижені көруде біір-бір сұрақтан тексеру немесе барлық сұрақтарды ең соңында бір тексеру, жауап берілмеген сұрақтармен тестіні аяқтауға рұқсат беру не бермеу, соңында дұрыс жауаптарды көріп қатеңді тексеру т.б. параметрлер беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет