Абылай қалмақтың қарғысшылынан қарғыстың жаманы қандай деп сұрағанда, қарғысшыл, бірінші: «Шөбің жапырылмасын!» - депті. «Мені кедей бол дегенің ғой, бұл қарғыс емес. Халқым бай болса, бір менің кедейлігім кемшілік емес», депті Абылай. Екінші, «Күлің шашылмасын», - депті. «Бұ да қарғыс емес, балаң болмасын дегенің ғой, өзім жақсы болсам, халықтың бәрі де менің балам, - депті. Үшінші: «Өзің білме, білгеннің тілін алма», - депті. «Міне, жаман қарғыс осы!» - депті Абылай (Таңдамалы шешендік сөздер жинағы. Жинақтаған Т.Т. Байтасов).
ТАСЫП ЖҮРГЕНІМ ЖОҚ Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны теңгере алмадың, біреу – біреуді шауып жеп жатыр, елді басқара алмадың», деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы: