Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Жаратылыстану мен техника тарихының бүгінгі тарихнамасы. Жаратылыстану мен техника



бет66/94
Дата31.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#21459
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94
2. Жаратылыстану мен техника тарихының бүгінгі тарихнамасы. Жаратылыстану мен техника тарихы айырықша мамандырылған және едәуір дәрежеде автономдық жағдайды сақтап отырған заманауи тарих ғылымының салаларының бірі, дегенмен әлеуметтік және гуманитарлық білімдермен қатар ол интеллектуалдық тарихтың маңызды бөлімін құрайды. Нақ интеллектуалдық тарих өткендегі барлық білімдерді реконструкциялауға – қайта қалпына келтіруге бағдарланған (оған ғылымға дейінгі білімдер, ғылым төңірегіндегі білімдер, діни эстетикалық білімдерде кіреді). Себебі тұтастай алғанда барлық білім салалары уақыт ішінде сөзсіз өзгерістерге ұшыраған интеллектуалдық жүйені құрайды. Интеллектуалдық тарих іргелі принциптердің, категориялардың танымның методтарымен мазмұнының тарихи өзгерістерге ұшырағанын анықтау қажет. Сондай-ақ дүниенің ғылыми бейнесінің қалыптасуы мен дамуы үдерістерін, ойлау стилін, рухани мәдениеттің жалпы контекстінде ғылыми ізденістердің құралдарымен формаларын зерттейді. Оған нақты қоғамның әлеуметтік, ұйымдық және ақпараттық идеологиялық жағдайларыда кіреді.

Соңғы онжылдықтардағы тарихнамалық ахуал – дағдарыстық деп бағамдалады. Әлемдік тарих ғылымы шынында да өте қарама-қайшылықты және кеселді кезеңді басынан өткеріп отыр. Тарих ғылымының ішкі дамуында қордаланған проблемалармен де байланысты. Сондай-ақ интеллектуалдық сферадағы жалпы үдерістерменде байланысты. Соңғы жылдары дәстүрлі мәдени парадигмалар өзгеріп, гуманитарлық білімнің эпистимологиялық негіздерін қайта қарауды тудыруда.

Тарихнамадағы зерттеушілік бағдарлардың аусымы ғылымилықтың өз мұратын интенсивті түрде қайта ұғынумен бір уақытта, параллельді жүруде, атап айтқанда әлеуметтік-ғылыми тарихтың мәртебесінің күрт төмендеуі байқалуда. Мұнымен қатар «жаңа тарихнаманың» «жұмсақ» антропологиялық нұсқаларының мәні де құлдырауда. Мұның барлығы жинақтай алғанда тарихнамалық сынның рөлін күшейтіп отыр. Тарихнамалық сын ХХІ ғасырдағы тарих ғылымындағы барлық концепцияларды, көзқарастарды зерттеу әдістері мен тәсілдердің коррекциялау-түзетудің маңызды құралы ретінде көрінеді.

ХХ ғасырдың соңындағы тарихнама реальдылық пен ол туралы түсініктердің арақатынастары туралы мәселені де күн тәртібіне қойып отырды. Сөйтіп зерттеушілердің өткенімен тікелей байланысының мүмкін еместігі мәселесі зерттеушілердің міндетін күрт шиеленістіріп отыр. Тіпті өткенді бұрмалап отырған, деректің өзі өзінің тарихилығын сақтап отыр. Оның субъектілігінің өзі сол заманның мәдени-тарихи ерекшеліктерін білдіреді. Бұл сондай-ақ нақты қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік топтардың көңіл-күйінде білдіреді. Деректердің субъективтіліктерінде оның авторларының көзқарастарыменде іштартулары, құндылықтар жүйесі бейнеленген.

Жаңа және қазіргі заман тарихын зерттегенде бізге жеткен мәліметтердің мардымсыздығы проблема тудырмайды, керсінше мәселені олардың молдығы тудырады. Сондықтан зерттеушілердің алдында деректерді таңдау міндеті тұрады. Олар қаншалықты репрезентивті? (көлемі жағынан ғана емес, деректердің – типі жанры бойынша).

Қазіргі заманғы тарихшылар үшін ауызша тарих дейтін үлкен мәнге ие. Бұлар негізінен тарихи процестерге қатысқан қарапайым адамдардың куәгерліктері. Әдетте қарапайым адамдардың жадында олардың жеке өмірінің оқиғалары ғана емес, сондай-ақ үлкен тарихтың оқиғалары жақсы сақталған.

Өз заманында болған оқиғаларды адамдар қабылдайды, оларға қандай баға береді, ақпараттарды қалай сақтайды – бұлардың барлығының үлкен маңызы бар. Ауызша тарихтың потенциалы өте зор және осы заманғы көптеген зерттеушілердің назарын өзіне мықтап аударып отыр. Ауызша тарихтың мәліметтері уақыт ішінде шектеулі. Алайда ауызша әңгімелер қатаң және жан-жақты сыни көзқарасты талап етеді. Бұдан шығатын қорытынды куәгерлердің барлығыда өткендегі оқиғаларды барлық уақытта бұрмалайды деген сөз емес. Реальдылықтар кейде адамдардың санасында өзгереді. Сондықтан кейде әңгімелер болған оқиғаларды бұрмалап жеткізуі мүмкін. Бірақ бұлардың барлығыда тарихшының жұмысы үшін шынайы мәліметтерді алу жолында алынбас кедергі бола алмайды.

Лингвистикалық төңкерістің ықпалымен және «жаңа интеллектуалдық тарихшылардың» үлкен тобының жұмыстарының әсеріменен тарихнама тарихы радикалды түрде өзгерді. Тарихнама өзінің проблематикасын өлшеусіз кеңейтті. Сөйтіп тарихшының дискурсивтік практикасын зерттеуге айырықша орын беріп отыр. Әдеби сын жағына қарай ауытқи отырып, ол өзінің сыңары – тарихи сын тенденциясына айналуы байқалуда. Сөйтіп ол жаңарып «орта позицияға» жақындап, шын мәнінде дербес және құнды тарихи пәнге айналуға мүмкіндік алып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет