Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Дәріс №7. БҮГІНГІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ТАРИХ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ



бет65/94
Дата31.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#21459
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94
Дәріс №7. БҮГІНГІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ТАРИХ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

1.Интеллектуалдық тарихтың дүниежүзі тарихын зерттеуге қосқан үлесі

2. Қазіргі кезеңде тарихты зерттеуде интеллектуалды тарихтың алатын орны және болашағы

1. Интеллектуалдық тарихтың дүниежүзі тарихын зерттеуге қосқан үлесі. «Интеллектуалдық тарих – деген лекцияның аты зерттеушінің зерттеу бағыты экономикалық, саяси тарих сияқты адам әлеуметінің бір бағытына, тармағына қатысты екенін көрсетеді. Өткенді зерттеуде бәрі бөлініп көрсетілмеген, сондықтан зерттеуші өз тақырыбының төңірегінде қалып қоя алмайды. Алайда тарихнамадағы шартты еңбек бөлінісі бар және бұл бағыттағы даму кезеңінде бұның қортындылары қайта қаралып, қайта бағаланады. Тарихи танымдағы қазіргі кездегі революция тарихнаманың методологиялық және құрылымдылық-пәндік негіздерін қайтта айқындауға мәжбүрледі.

Бұл өзгерістердің тереңділігін толық білу үшін пәннің тарихына назар аударуымыз керек. ХІХ ғасырдан бастап көптеген уақыт бойы «интеллектуалдық тарих» пен «идея тарихы» бір мағнаны білдіріп философия тарихымен байланыстырылды. «Великая цепь бытия: История одной идей» (1936) атты интеллектуалды тарихтың классикасына айналған кітаптың авторы көрнекті американ философы және тарихшысы Артур Лавджой (1873-1962) бұл бағытта «идея тарихы» деген терминді құптады. Лавджойдың ойынша идея тарихы ой тарихы мен бір жерден шығып оны өзгеше көрсетеді. Бұл құбылысты Лавджой аналитикалық химия тәсілімен көрсетеді. Белгілі бір құбылыстыцң ішіне кіріп оның құрамдас бөлімдерін бөлшектеу арқылы көрсету. Бұндай тарихтың әдістемесінде ірі идеялық құрылымдар және философиялық жүйелер тарихшының назарындағы негізгі объектіден оның негізін құрап негізгі құрлымы болған идеялық бөлшекке ауысады. Зерттеудің түпкі мақсаты зерттеліп жатқан идеяның толық жан-жақты тарихын жасап, оның тарихи дамуда барлық интеллектуалдық өмір ортасындағы көріністерін суреттеп беру болып табылады.

Лавджой интеллектуалды өмірдің барлық бөлімдеріндегі іске асып жатқан факторлардың қызықты типологиясын жасады. Олардың ішінде мыналарды атап өту керек. Біріншіден сыни көзбен қаралмайтын, қарапайым, өзгермейтін болып көрінетін ойлау қабілеттері. Екіншіден осындай ойлау әдістерінен қалыптасатын ойлау қабілеттері. Бұған философиялық мектеп арқасында бүкіл бір дәуір бойы қалыптасқан жеке бір индивидтік ойлау қабілетін жатқызамыз.

Идея тарихы алдында күрделі мәселелер тұрды – жаңа интеллектуалды формалармен сенімдердің пайда болуы мен тарауын, құбылыстардың психологиялық табиғатын дәріптеу. Идея тарихының бағдарламасына тағы бір ірі мәселе қосылды, ол белгілі бір идеяның белгілі бір ойшылдардың зерттеулерінде пайда болуымен қатар ұжымдардың ойында пайда болуы және әртүрлі факторлардың, нанымдардың ұрпақтан ұрпаққа берілуінің сараптамасы. Яғни жоғарыда кең тарап көптеген адамдардың ойлау құралының бір бөлігі болған идеялар туралы айтылады.

Осы мәселе бойынша жүргізілген зерттеулер арқасында көпшілік бірте-бірте идея тарихы деген ұғымды дербес автономиялық сала есебінде қарап, адамзаттың басқа тіршілік күрбеленіне қатысы жоқ формада қарай бастады.

Бұл көзқарас Лавджой шәкірттері арасында және Лавджойдың өзі негізін салған «идея тарихы журналы» арқасында ХХ ғасырдың ондаған жылдары бойы негізгі тұжырымы есебінде болды. Ал 60-70 жылдары интелектуалды тарих тарихнамадан мүлдем ысырылды және теориялар мен доктриналарға негізделінуіне байланысты, ұлы ойшылдар мен канондық дәстүрлерге көп қызығушылық танытқаны үшін және жергілікті дәстүрлер мен халықтық мәдениетке назар аудармағаны үшін сынға алынды.

Бүгінгі күні интеллектуалдық тарих идея тарихынан бөлінбей зерттеу кеңістігінде үлкен орын алып жатыр және өз зерттеулерінде бір ғана ғылыми парадигмаға сүйеніп қоймайды. Зерттеудің теориялық және методологиялық болашағының бағытын шектемеуі ойланып қабылдаған шешім болып табылады. Қазіргі таңда осы саладағы алдыңғы қатардағы мамандар ителектуалды тарихты зерттеуде бір ғана бағытты ұстанған дұрыс емес дейді, себебі ол бағыттардың әр қайсысы өзінше толық болмайды. Бұл негізінен интеллектуалды тарихтың пән аралық статусына байланысты және оған байланысты пәндердің ішкі байланыстарының арақатынасындағы үйлесімділіктерінің болмауынан.

Қазіргі кезеңде міндетті түрде идеяның дамуын, оның “Тарихи отанымен” байланысын есепке алу керек. “Тарихи отаны” деп бұл жерде - әлеуметтік, саяси, діни, мәдени аспектілерді яғни идеясынан туатын, кеңейіп тарайтын ортасын аламыз. Бұл бағыттың алдында “Жаңа мәдени –интеллектуалды тарих” – деген болашақ проекті түр. Бұл проектінің міндетіне гуманитарлық, әлеуметтік және жаратылыстану ғылымын - әлеуметтік мәдени бірлестігіндегі интеллектуалдық қызметін зерттеу кіреді.

“Жаңа мәдени тарих” тарихнамада ХХ ғасырдың 70-80 жылдары қалыптасқан халықтық және ғылыми мәдениеттің арасындағы қарсылықты ауыстырды. Осы орайда мәдени және интеллектуалды тарих бір арнаға құйылған судай болып көрінеді. Біріншісі назарды адамдар өз өмірін я оның жеке аспектілерін ой сүзгісінен өткізетін аңыздарға, тілдерге, өмір символдарына аударса, екіншісі осы негіздемеге интеллектуалдардың шығармашылық ойын жатқызып, суреттің келбетін келтіреді.

Қазіргі заманғы интеллектуалды тарихта бар концепцияларда интегральды қағидалар әртүрлі дәрежеде жүзеге асырылады. Кең мағнада мәдениет тарихының бөлімі ретіндегі қарапайым түсініктен жоғарғы деңгейде қатаң нақтыланған, зерттеу пәндері мен міндеттері адамның интелектісін зерттеуге бағытталған дәрежелерге дейін қамтылған. Мұнда өткеннің көрнекті адамдарының ақыл ойлары мен жоғарғы “Жаңа мәдени – интелектуальды тарихи” концепциясының теориялық моделінің болашағы зор. Өйткені тұжырымдамада тарихи ойлау категорияларына интеллектуальдық іс-әрекет пен адам интеллектісінің өнімдеріне, сондай-ақ интеллектуалдық саланың тарихи дамуына айырықша мән беріледі (көркемдік, гуманитарлық, әлеуметтік, шығармашылық ғылыми философиялық компоненттерді қосқанда).

Мұндай түсініктемеде интеллектуалдық тарихтың зерттеу нысанына әртүрлі ойлау инструменталилеріне талдау, қоршаған табиғат пен социумды ұғынудың нақты әдіс – тәсілдеріде кіреді. (Яғни, әртүрлі деңгейдегі интелектуалдық субьективтілік) және интелектуалдық пікірлесудің барлық формалары құралдары институттары сондай-ақ олардың мәдениеттің сыртқы желімен күрделі қарым-қатынастары.

Мұндай түсініктемеде интеллектуалдық тарихтың зерттеу өрісіне әртүрлі ойлау инструментарилері, қоршаған ортамен қоғамды ұғынудың нақты әдістері (әртүрлі деңгейдегі интелектуалдық субьективтілігі) жатқызылуы мүмкін. Сондай-ақ интеллектуалды пікір алысудың формальды, формалары мен барлық формалары, құралдары, инструментарилеріде осы қатардан көрінеді. Бүгінде мамандар тұтастай алғанда презентистік позицияны да интеллектуалды тарихты құрастырудың мүмкіндігі туралы тұрпайы түсініктерді де мойындамайды.

Атап айтқанда мазамкий принципі бойынша тарих ғылымынан саяси ойдың тарихынан, философия тарихының, әдебиет тарихынан үзік-үзік құрастырып интелектуалдылық тарих жасау өте күрделі.

Бұл қалай болған күнде де қазіргі интеллектуалдық кеңістіктің құрылымдарын өткенге тануды білдірген болар еді. Керсінше қазіргі таңда өткеннің интеллектуалдық өмірдегі кейіннен ғылымға айналмаған білімдерге назар аударылады. Проблемалыққа бағдарланған интеллектуалдық тарих көне мәтіндердегі идеяларды төңірегіндегі «ішкі және сыртқы» тарихнамадағы оппозицяларды жеңуге мүмкіндік береді. Мазмұны мен контекстері арасындағы алшақтықтарды жояды. Мысалы қазіргі ғылым тарихында доктриналарымен теорияларға қарағанда ғылымның алдындағы нақты тұрған проблемаларды зерттеуге назарды шоғырландыру тенденциясы байқалады.

Дәстүрлі ғылым салаларында да өзгерістер байқалуда. Мысалы, саяси ойдың тарихында: Тарихи антропологиялық зерттеулердің есебінен методологиялық арсенал ұлғайуда. Оларды кейде төменнен шыққан интеллектуалдық тарих деп атайды. Оның ерекшелігі белгілі бір тарихи кезеңнің бүкіл интеллектуалдық ланшафты түгелдей қамтылады.

Бір жағынан көне идеялардың қайсысы қабылданды және тұрақталды т.б. мәселелерді анықтауға назар аудару қажет. Екінші жағынан белгілі бір қоғамдағы жаңа идеялардың қоғамда таралу жолдары мен әдістері зерттеледі. Атап айтқанда ең бірінші кезекте өтпелі дәуірдегі танымал әдебиеттер арқылы жаңа идеялар таралу мәселесі қамтылады. Бұлардан бөлек «адамсыз» идеялар тарихын – бостандық, тереңдік, әділеттілік прогресс, тирандық және басқада шешуші ұғымдарды зерттеугеде орын қалып отыр. Дегенмен тарих ғылымының бұл бағыты 1980 жылдан бастап мамандар тарапынан көп сынға ұшырауда. Саяси ойдың тарихшылары өздерінің назарларын идеяларға текстермен, дәстүрлері емес саяси «тілді немесе тілдерді» зерттеуге көп көңіл бөлді. Мақсаты «ұлы текстер» пайда болған интелектуалдық контекстің шыққан тегін зерттеу.

Діни тарих дейтіннің үлгісінде интеллектуалдық тарихтың барлық бағыттарында іргелес пәндердің ықпал аймағын қалай бөліп, алып жатқандығы айқын көрнеді. Дін тарихы бұл институт ретіндегі шіркеу тарихы емес. Ресми шіркеу доктринасының тарихы емес. Екінші жағынан тіпті шіркеуге оппозиция ретіндегі көпірлік пен діни секторлардың тарихы емес. Бұл дінбасыларымен зайырлы адамдар арасындағы айырмашылықты – діни санасымен ойлаудың тарихы. Қазіргі интеллектуалдық тарих территориясы – білім тарихы ғылым тарихы мен пән тарихы, дәстүрлі ғылым тарихы – ғылым жаңалықтар тарихы, адамзаттың ақиқатты танудағы прогресивті қозғалыстың тарихы. Ал интеллектуалдық тарих өткеннің білімдерін зерттегенде тек қазіргі ғылыми ортодокциямен шектелмейді. Ғылым тарихына әртүрлі көзқарастар көп. Негізгі тенденция ғылымға тұйықталған көзқарастан гөрі, ғылымның сол заманғы қоғаммен өзара ықпалдасуын зерттеуге мүмкіндік беретін неғұрлым кең көзқарас. Ғылымның жаңа тарихнамасы оған қоғамдық қызметтің формаларының бірі мен мәдениеттің бөлімі ретінде қарастырылады. Әлеуметтік қана емес ғылымның мәдени тарихы осылайша заңдастырылды. Оның маңызды алғы шарты ғылым туралы түсініктердің мәдени тарихи себептілігін мойындау болып табылады. Мұндай түсініктемеде интеллектуалдық тарихтың зерттеу өрісіне әртүрлі ойлау инструментарилері, қоршаған орта мен қоғамды ұғынудың нақты әдістері (әртүрлі деңгейдегі интеллектуалдардың субъективтілігі) жатқызылуы мүмкін. Сондай-ақ, интеллектуалдық пікір алысудың (формальды, формальды емес) барлық формалары, құралдары, институттары да осы қатардан көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет