1. Мемлекет қоғамныи саяси жүйесінің негізгі институты. Мемлекеттік ұйымның шығу тегі, мемлекеттің пайда болуындағы теориялар мен концепцияларды салыстырмалы талдау.
2. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.
3. Құкықтық мемлекет: пайда болу тарихы мен қазіргі амалдары.
4. Азаматтық коғам концепциялары. Азаматтық қоғам мәні және белгілері.
Негізгі мәні: мемлекет құдайдың құдіретінің негізінде пайда болған, ал бүкіл билік құдайдан деп қарастырады. Өмірде қалыптасқан адамдардың теңсіздігі құдай еркімен белгіленген, соған көну керек, қарсылық жасамау керек.
Антропологиялық теория, өкілі: Аристотель.
Негізгі мәні: мемлекеттің шығуын адамның табиғатымен түсіндіреді. Адам қоғамдық (саяси) және ұжымдық тіршілік иесі, ол қоғамда, ең жоғарғысы мемлекетте өмір сүреді.
Негізгі мәні: мемлекет – жетілген отбасы, монарх билігін әкенің отбасы мүшелеріне билігімен байланыстырылады.
Қоғамдық келісім теориясы. Өкілдері: Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо.
Негізгі мәні: мемлекет адамдар арасында, билеуші мен бағынушылардың арасында саналы түрде және еркіндікпен келісімге келу, шартқа тұру негізінде пайда болды.
Саяси күштеу және жаулап алу теориясы. Өкілдері: К.Каутский, Е.Дюринг.
Негізгі мәні: мемлекеттің шығуын әскери-саяси факторлардан: күштеуден, жаулаушылықтан, бір тайпаның екіншісін езіп-жаншуынан іздестіреді. Соғыстар нәтижесінде тайпалар, касталар, сословиелер, таптар қайта өзгереді.
Негізгі мәні: мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырды.
Географиялық теория. Өкілдері: А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин
Негізгі мәні: мемлекеттің пайда болуын географиялық ортаның (ауа райы, жер бедері және т.б.) ерекшеліктерімен байланыстырды.
Жалпы мемлекеттің пайда болуының ортақ және міндетті түрдегі себептері жоқ. Бұл үрдіске ықпал еткен факторлар: қосымша өнімнің артуы, технологияны жетілдіру, географиялық жағдай, этникалық қатынастар, халық санының өсуі, экология, соғыстар мен басып алушылық, сыртқы ықпалдар мен сауда, идеологиялық фактор және т.б. ықпал еткен.
Мемлекет дегенiмiз белгiлi бiр аумақ шеңберiнде қайсыбір халықты ұйымдастыру мен оның өмірін басқару үшін құрылған қоғамның саяси жүйесiнiң негiзгi элементi.