Оқытудың ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз- құбылыстық мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондықтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.
Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, оқушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.