Дауыс жаттықтыру
1. Әннің мазмұнымен таныстыру, авторлары мен таныстырып сүретін көрсету
2. Әнді мұғалім мәнерлеп, аспапқа қосылып орындап беру
3. Әннің сөздері мен таныстыру, мазмұнын айту
4. Әннің шумағын 2 жолдан, буынға бөліп көрсету, үйрету
5. Шумақ пен қайырмасын орындап үйрену
6. Тыныс алу тәртібіне көңіл бөлу, жаттықтыру
7. Әртүрлі тақырыптардағы әндерді үйреткен кезде көркем сүреттер қолдану арқылы сұрақ-жауап арқылы кіріспе әңгімелер жүгізу керек.
Мысалы: «Бақытты балалық шақ»
Сөзін жазған Ж. Тұрбеков
Музыкасы Әбілахат Еспаев
1
Жарыстықпен жайнатып өмір көркін
Гүл-бақшада сайрандап өскен еркін.
Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз
Келешекте ұлы істі меңгеретін
2
Отанымыз әлпештеп анадайын,
Құшақтайды аялап сағат сайын
Зәулім мектеп, кең сарайын , түрлі алаң,
Не керектің біз үшін бәрі дайын.
3
Білім шыңын өрлейміз басып алға,
Қиындық жоқ, бөгеліс жолымызда.
Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,
Көк туымыз желбіреп қолымызда
Әндерді үйрену әдістері: біріншіден оқушылардың отыру және тұру тәртібіне көңіл бөлуін талап етеді.
Кеудені түзу тік ұстап, қолды тізенің үстіне қою( отырғанда), немесе түзу екі жағына жіберу ( тұрғанда).
Екіншіден дем алу тәртібі: ән айтар алдында демді иықты көтермей ішке терең алып белгілі бір тиянақты ойды білдіретін фразаға дейін үнемдеп жеткізу. Дирижерлеп тұрған мұғалімнің қолының көтерілуіне байланыстыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |