Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министірлігі



бет15/70
Дата07.01.2022
өлшемі213,82 Kb.
#19729
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70
Интеграциялау принципі. Бұл- жалпы білім мазмұнын анықтауға, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция- әртүрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді.
2.Бақылау және бақылампаздық. Кеңістікті және уақытты қабылдау.

Бақылау не байқау дегеніміз — белгілі мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Көріп кана қою жеткіліксіз, затты білу үшін көзқарас, пікір керек. Бақылау — әрі жүйелі, әрі мақсатты процесс, арнайы жүргізілетін әрекет. Ой жүгірту, зейін қою — бақылаудағы негізгі әрекеттер. Ұлы физиолог ғалым И. П. Павлов бақылауға ерекше мән беріп, лабораторнясының маңдайшасына бақылау” деген сөзді үш қайтара жазып қойған.

Бақылампаздық — адамдағы ерекше бір пайдалы қасиет. Бұл бойынша көпшілік көрмеген нәрсені, сапаны, ерекшеліктерді бақылап, оларды ажыратып отырады. Қазақ халқының өмір тіршілігінде бақылампаздықты дәріптейтін мысалдар көп.

Ы. Алтынсариннің “Үш жолаушы” деген әңгімесінде түйесін жоғалтқан адам үш жолаушыға қарсы кездесіп алып, жоғалған малын із-деп келе жатқанын айтады. Жолаушылар малдың ақ-сақтығын, бір көзінің соқырлығын және құйрығы шолақ екендігін айтып береді... Мұндай бақылампаздық жолаушылардың шаруа, өмір тәжірибесі мол адамдар екенін білдіреді.

Материалистік ілім материя мен болмыстың өмір сүруінің екі түрлі формасы бар деп санайды. Олар — кеңістік пен уақыт. Бұл формалар шексіз. Уакыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол арқылы адам өз түсінігінен тысқары объективті болмысты бейнелегенде оның өмір сүрген ортасы жайында қажетті мәліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайына бейімделеді.

Кеңістіктегі объектілерді қабылдау — күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар:

ұзын—қысқа, енді — енсіз, биік — аласа, үлкен — кіші т б .Олар бізден түрлі қашықтықта орйаласқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін екі көзбен, яғни бинокулярлық көрудің маңызы зор. Бір көзбен керу монокулярлық нәрселердің терендігі жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды, Бинокулярлық көруде екі көзге түсетін кескін қосылып, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір кескінге айналады. Осылайша көріп, қабылдауда заттар тұтасып, олардын қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсі, рельеф бедері әртарапты байқалып, анық көруге мүмкіндік туады.



Уақыт та — материяның өмір сүруінің объективті шындық формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңіетік пен уақыт ішінде қозғалыста болады. Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады. Уақыт құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді. Уақыт қарқын арқылы өлшенеді. Қарқын — құбылыстардың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші.

Уақытты қабылдауда субъективтік мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде өткен сияқты. Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен уақиғалар көмескі болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпен өлшенеді. Бұл нақтылы ізбен қабыдданады- Өткен шақтын тез өтуі, келер шақтық ұзак болып көрінуі субъективтік жағдайларға байланысты. Уакыт қызықты болса, тез өтеді, қызықсыз болса, ұзаққа созылады.


3.Музыка сабағындағы ән үйрету әдістері.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әнге үйрету әдістері де ерекше болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет