2.Есте сақтау — жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі — адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды
3. Қайта жаңғырту – өткен тәжірибені, бұрын алған білімді, тәжірибелі сезімдерді жаңартудан тұратын еске алу процесі.Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту – мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Оған адам өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады.
4. Тану - қайта жаңғырту бейнесі қайта жаңғыртылған нысанды қайталап қабылдағанда іске асады. Мысалы, жолдасымды, үйімді таныдым деп айтқанымыз, мынаған байланысты: заттар мен құбылыстарды қайталап қабылдағаңда біздің санамызда тағы да осы жолдасымыз немесе үйіміз бұрынғы қабылдаудан алынған бейнелер, сезімдер, ойлар пайда болады.