Талқылау.
1-тәсіл. Егер екі санда кіші санға тең болса, онда олардың қосындысы 4-ке кем болар еді, яғни 20-4=16. Сондықтан кіші сан 16:2=8, ал үлкен сан 8+4=12.
2-тәсіл. Егер екі санда үлкен санға тең болса, онда олардың қосындысы 4-ке артық болар еді, яғни 20+4=24. Сондықтан үлкен сан 24:2=12, ал кіші сан 12-4=8.
3-тәсіл. Логикалық тәсіл. Егер екі санның қосындысы мен олардың айырмасын қосатын болсақ, онда екі еселенген үлкен санға тең болады: (а+b)+(a-b)=2a 20+4=24; 24:2=12; 12-4=8
2 есеп. Екі санның қосындысы 20. Бір сан екіншісінен үш есе кіші. Сандарды табыңдар. Бұндай есептерді шығарғанда кіші санды бөліктің бірлігі етіп алып, үлкен сан мен қосындыны сол арқылы өрнектейді. Бұл тәсіл бөліктеу тәсілі деп аталады. Шартын схема түрінде берген қолайлы, есепті шешуге жеңілділік тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |