Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министірлігі



бет60/70
Дата07.01.2022
өлшемі213,82 Kb.
#19729
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70
Байланысты:
ГОС 2 (1)

Талқылау. Егер кіші санды 1 бөлік деп қарастырсақ, онда үлкен сан дәл осындай үш бөліктен тұрады, ал олардың қосындысы төрт бөліктен тұрады, ол 20. Сондықтан 20:4=5 – бұл кіші сан, ал үлкен сан 5*3=15. Сандардың қосындысы мен олардың салыстырмалы еселігіне есептер беріп жаттықтырғаннан кейін сюжеттік есептерге көшуге болады. Мысалы: Екі қорапта 20 қарандаш, біреуінде екіншісіне қарағанда карандаштар саны 3 есе артық. Әрбір қорапта неше карандаштан бар?

25-билет




  1. Озат педагогикалых тәжірибе және инновация.

Озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.

Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі.

Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.

Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды.

Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.

Инновациялық процестің кезеңдері:

• иновацияның себептері;

• жаңалықты жобалау;

• жаңалықты жүзеге асыру.


  1. Мінез. Мінез бітістері.

Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы–шапшаң, екінші–асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшінші–іске ойланбастан асыла салады, кейін барып ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер–мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс-әрекет–қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.

Мінез – адамның негізгі өмірлік бет


Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі
Моралдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық
Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары,
Мінез бітістері 
Адамдардың өмір жолы мен әркетенің сипаты
«Егер адамның мінез-құлқын жағдайлар тудыратын 
Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белігілі
Адамның ұстаған бағытынан, яғни бүкіл психикалық
Осы топқа сондай-ақ адамның өз ісіне,
Адамның өзіне -өзі қатынасын білдіретін
Мінез ауыр, жеңілтек, мінесіз, сотқар, тентек,


  1. Композициядағы контраст. Ертегі иллюстрациясы.

Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі компазиция деп аталады. Суретшілер сурет салу барысында компазиция көмегі арқылы өздерінің ойлары мен сезімін білдіріп, оларды толғандырып, өмір шындығы мен қиялын көрсете алады. Кез келген суретті салу компазициядан басталады. Компазиция барлық өнер түріне тән.

Танымал суретшілердің теориялық еңбегін композиция заңдылықтарының негіздері деп атауға болады. Компазицияның заңдылықтарының 4 түрі бар екендігі белгілі:

1.Бүтіндік заңы.

2.Үлгі заңдылығы.

3.Қарама-қарсы заңдылығы.

4.Композицияның барлық заңдылықтары мен амалдарының негізгі идеялық түпкі ойға бағынуы.

 

1.Бүтіндік – заңының сақталуының нәтижесінде өнер шығармалары біртұтас қалпында қабылданады.Бүтіндік заңының мәні компазицияның тұтастығын көрсетеді.



2.Үлгі – заңдылығы бейнелеу өнері шығармаларындағы жағдай мен мінез үлгісінің нақтылы берілуін, компазициядағы іс-әрекеттің өрістеуін көрсетеді.

3.Қарама-қарсылық заңдылығы түс қарама-қайшылығын, обьект пішінінің айырмашылығын, көңіл қарама-қайшылығын, бейнелейтін адамдардың психологиялық жағдайының бейнелеуін қарастырады.

4.Композицияның барлық заңдылықтары мен амалдарының негізгі идеялық түпкі ойға бағынуы- суретшінің туындысындағы ұғымның бүтіндігін, шығарманың айқындығын, идеялық мазмұндылығын, ондағы жоғарғы көркем шығарманың шеберлікті байланыстырады.

Композиция — салынатын суреттегі барлық бөліктерді бір-бірімен өзара байланыстырып, орынды құрастыру. Сурет мазмұның ашу, пішінді нақты табу, шығарма көлемін табу. Композиция суретшінің ойына байланысты заттың қозғалыстағы немесе бір қалыпты қозғалыссыз тұрған қалпын көрсетуге жол ашады.

26-билет


  1. Ынтымақтастық педагогикасы.

Ынтымақтастық педагогика – бұл тәрбие мен өзін өзі тәрбиелеудің, мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі 

"Ынтымақтастық педагогикасы" принципінен туады, өйткені ол мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай ереске адам мен баланың шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамаыз етілуі тиіс. 

Мұғалім  – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы  – оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім  де субъект. Ендеше бұл екі субъект  бірге әрекет етіп ешқайсысы бір-бірінің  үстінен қарамайды. Ынтымақтастық  педагогикасының төрт бағыты бар.

1.Балаға  ізгілік тұлға тұрғысынан қарау.  Мектептің білім беру жүйесінің  орталығына жеке тұлғаның барлық  қасиеттерін дамыту қойылған. Мектеп  мақсаты – жеке тұлғаның толық  және азат дамуы үшін ішкі  күшпен мүмкіншіліктерді ояту. Тұлғаға  оқу-тәрбие үрдісін бағыттай отырып, жаңа көзқараспен қарау, педагогикалық  қарым-қатынастың ізгіліктілігі  және жариялылығы нәтиже бермейтін  әдістерден бас тарту, жағымды  Мен – тұжырымдамасын қалыптастыру  ізгілік жеке тұлға тұрғысынан  қарау идеяларын біріктіреді. 

2.Дидактикалық  белсенді және дамытушы кешен.  Баланы «қалай» және «неге»  оқыту керек деген сұрақтардың  жаңа мүмкіншіліктері ашылады.  Оқу мазмұны жеке тұлғаны дамыту  құралы ретінде қарастырады. Оқыту  қорытылған білім-білік дағдылары  және ойлау қабілеті бойынша  жүргізеді. Интеграция вариативтілік  жағымды жағдай тудырады.

     Оқу үрдісін формасы мен әдістерін  жетілдіру бірқатар педагог жаңашылдардың  авторлық жүйелерінде, атап айтқанда В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің азат таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованың алдын-ала  тапсырма беру, П.М.Эрдниевтің ірі блоктар  идеясы, В.А.Сухомлинскийдің сыныптағы  зияттық фоны, Л.В.Занков бойынша  жеке тұлғаны дамыту, И.П.Волковтың  шығармашылық және орындаушылық қабілеттері  сияқты дидактикалық идеяларында ашылады.

3.Тәрбие  тұжырымдамасы. Ынтымақтастық педагогикасының  тұжырымдамасы қазіргі заман  мектептеріндегі тәрбиенің дамуына  сәйкес: білім мектебін тәрбие  мектебіне айналдыру, оқушының  жеке тұлғасын тәрбие жүйесінің  орталығына қою, жалпыадамдық  құндылықтарды қалыптастыру, тәрбиенің  ізгілік бағыттары, баланың шығармашылық  қабілеттерін дамыту, ұлттық мәдени  дәстүрлерді жаңғырту, жеке тұлғалық  және ұжымдық тәрбиені ұштастыру.

     Ынтымақтастық педагогикасының технологиясы мен  идеологиясы білім беру мазмұнын айқындайды.

4.Қоршаған  ортаны педагогикаландыру. Ынтымақтастық  педагогикасы тәрбие құралы ретінде  мектепті басты рөлге қойып  отыр. Жеке тұлғаны қалыптастыратын  әлеуметтік институтқа мектеп, жанұя  және әлеуметтік орта жатады. Нәтижесі тәрбие беретін осы  үш бастаудың әрекетімен анықталады. Сондықтан да алдыңғы қатарға  құзіретті басқару идеясы, ата-аналармен  ынтымақтастық қойылған.

     П.ғ.д  В.А.Буховалов ынтымақтастық педагогикасының  ұстанымдарын айқындады, ол дидактикалық материалдарды құрастырудың, өсіп келе жатқан тұлғаның адамгершілік және шығармашылық қасиеттерін тәрбиелеу мазмұнының, сабақта, сабақтан тыс және мектептің жалпы тұтас педагогикалық үрдісінде ынтымақтастық орнатудың жаңа әдістемесін жасады. В.А.Буховалов ынтымақтастық. педагогикасының ұстанымдары деп төмендегілерді:

-педагогикалық  үрдістің адамгершілік және шығармашылық  бағыттылығы;

-жариялылыққа  негізделген қарым-қатынас;

-шығармашылық  әрекетке деген мотивацияны дамыту;

-өз  бетімен білім алу және өзін-өзі  тәрбиелеу білігін дамыту;

-шығармашылық  әрекет әдістерінін, жетекші рөлін  көрсетеді.





  1. Типтік мінез бітістері.

Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездердің қатарына:
Отанға берілгендік, адалдық, шыншылдық, еңбекке және
Типтік мінездің кейбіреулері: 
1) Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын,
2) Мақсаткерлік (мақсатқа талпынушылық) – бұл
Мақсаткерлік – асыл арман, зор үмітпен
Мінездің осы түрі халқымыздың ұлттық қасиетінен
3) Борыш пен жауапкершілік. Бұл
4) Мейірімділік пен ізгілік. Егіз қозыдай
5) Адалдық пен шыншылдық. Бұл екеуі
6) Достық. Бұл ортақ көзқараспен мүдде,

  1. Экскурсия тәрбие жұмысының түрі ретінде, экскурсияға дайындық және өткізу әдістемесі.

Педагог экскурсияның жоспарын жасайды, онда ұйымдастырушылық мәселелер, балалардың танымдық іс-әрекетіне бағыт беру формалары, өндіріс процесінің негізгі кезеңдерінің тізімі және т.б.

Экскурсия кезінде мұғалімнің өзі де, кәсіпорын қызметкерлері де әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданады: әңгіме, түсіндіру, әңгіме, демонстрациялар. Бұл кезде оқушылар мақсатты бақылаулар жүргізеді, мектеп көрмесіне материалдар (үлгілер) жинайды. Көрмелер, эскиздер, экскурсия кезінде жиналған материалдардың үлгілері, студенттер содан кейін олардың мазмұнын қысқаша сипаттай отырып коллекциялар түрінде орналастырады.

Экскурсияға дайындықтың келесі кезеңі - жоспар құру. Экскурсия жоспары әртүрлі жергілікті жағдайларға, мұғалімнің өзінің дайындық дәрежесіне және сынып құрамына байланысты басқаша құрылады. Сондықтан әр экскурсияның өзіндік жоспары болады.

Экскурсия жоспарын құру кезінде туындауы мүмкін мәселелердің шамамен тізімі:

1. Оқушыларды экскурсияға дайындау (дайындық әңгімесі).

2. Кәсіпорынмен кіріспе әңгіме.

3.Өндіріспен танысу тәртібі: оқытушының әңгімесі, оқушыларды бақылау, кәсіпорын мамандарының түсініктемелері.

4. Иллюстрациялық материалдар жинағы.

5. Өндіріс жетекшілерімен кездесулер мен әңгімелер.

6. Экскурсия өтетін жерде қысқаша қорытынды әңгіме.

Экскурсияға дайындық екі бағытта жүзеге асырылады: мазмұны мен ұйымдастыру мәселелері бойынша. Дайындық әңгімесінде мұғалім экскурсияның мақсатын түсіндіреді, балаларға қайда баратынын және нені бақылау керек екенін айтады.

27-билет




  1. Қазақстандық жаңашылдардың іс- тәжірибелері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет