Мектептердің жаңа типтеріндегі білім беру мазмұны.
Жаңа типті мектептер әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде дамыта отыра білім беретін орта оқу орындары. Көпшілігі жаратылыстану, ғылыми, гуманитарлық, эстетикалық бағыт болып келгенмен техникалық, педагогикалық бағдарламалар да бар. Гимназия жастар талабына жол ашып, таланттарының жан-жақты жетілуіне толық мүмкіндік ашады, онда пәндер терең оқылады. Гимназиялардың материалдық негізі базасы жақсы болу керек. Оқушылар саны жоғары сыныпта 15-18, төменгі сыныпта 25. Гимназияға шәкірттерді қабылдаудың үш өлшемі:
• интеллект;
• білім іскерлігі және дағдыларын тәжірибеде күрделі мәселелерді шешуде пайдалана білу;
• тыңғылықты және толассыз пайдалы еңбек етіп, өзін-өзі тәрбиелеп, жүйелі оқып үйренуге, ізденуге қабілет.
Элитарлық білімді реформа әкелді. Білім саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында жалпы білім және элитарлық білім үлгісін біріктіру ұсынылған.
Өркениетті елдер санаткерлік элитаны қапыптастыру процесіне ықпал етудің белгілі бір тәжірибесін жинақтады.
Достарыңызбен бөлісу: |