1.Оқыту әдістері туралы ұғым, топтастыру.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Оқыту әдістері – оқыту процесінің барлық кезеңдерінде оқытудың түрлі мақсат –міндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағытталуы тиіс. Сондықтан, оқыту процесінде оқушылардың таным әрекетінің белсенділігін арттыруға септігін тигізетін әдістерге айрықша назар аудару қажет.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.
Алайда, оқыту әдісін қайта құру – күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.
Оқыту әдістері педагогика саласында күрделі мәселелердің бірі. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар:
Оқушылардың таным белсенділігіне қарай;
Тұтас педагогикалық әрекеттердің тәсілдеріне қарай;
Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай;
Ең көп таралғаны - білім беру көздеріне қарай;
Достарыңызбен бөлісу: |