Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министірлігі


Дарынды және талантты оқушыларды оқыту



бет28/70
Дата07.01.2022
өлшемі213,82 Kb.
#19729
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70
Байланысты:
ГОС 2 (1)

Дарынды және талантты оқушыларды оқыту.

Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттілігі көрініп те тұрмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы объективтік себептердің әсерінен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі болған жоқ шығар. Ал қалғандары әртүрлі себептер бойынша үлгере алмайтындардың санатына жатуы немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. Енді кейбір дарынды және талантты оқушылар оқуда қиыншылықтармен кездесуі мүмкін, бұл олардың шынайы қабілеттерінің көрінуіне кедергі болады. Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие: олардың кейбірі, мәселен, ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алуы мүмкін, ал кейбіреулері өнерде немесе поэзияда, қоғамдық көшбасшылықта көрінер. Қазіргі уақытта  дарынды және талантты оқушыларды олардың тек жоғары зиятының болуымен ғана анықтамайды. Дарындылық пен таланттың тұжырымдамасына қатысты қағидаттар жүйесіне кең ауқымды жалпы зияткерлік, академиялық қабілеттерді, шығармашылық, көшбасылық қабілеттерді, жеке мүмкіншіліктері мен өнердегі визуальдық және орындаушылық қабілеттерді жатқызуға болады. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.

Дарынды және қабілетті оқушыларды айқындаудың жолдары: Даралап оқыту; Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді тереңдете оқыту; Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар дайындау; Оқушының шығармашылыққа және мамандыққа қызығушылығынан өнер, әдебиет, техника, ғылым салаларындағы олимпиадаларға, байқауларға қатыстыруы арқылы дамыту; Пәндерді таңдауын, практикумдарды, жеке кеңес беруді енгізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет