Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министірлігі



бет46/70
Дата07.01.2022
өлшемі213,82 Kb.
#19729
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   70
Байланысты:
ГОС 2 (1)

Эстетикалық сезім – мазмұны мен мән-мағынасы және түр-сипаты тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп, оның мінез-құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл-күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістетуші фактор ретінде қарастырады. Мектеп пен оку орындары түлектерін әсемдікті қабылдап, оған әсерленуге, дүниенің сұлулығынан ләззаттанып, өз дүниетанымын дамытып отыруға тәрбиелеу эстетика пәні арқылы жүзеге асады. Адамгершілік-моральдық сезімдер қоғамның қойған талабына адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айтылады. «Мораль» – «морале» деген француз сөзі. Мағынасы – адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланыс-ты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы – мұның бәрі адамгершілік сезім көрінісінен байқалып тұрады. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдерборыш сезімі, әркімнің ез халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін кұрмет тұтуы, әрбір адамның даралық-жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге қүрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әр түрлі үлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет