2. «Дүниетануды» оқытудағы ауызша әдістер.
Оқытушының сөзі әрқашан негізгі мәнгі ие және оқу-тәрбиелік жұмыста маңызды роль ойнайды. Мұғалімнің нәсібі маманданған тілі ұйымдастырушылық, танымдық, тәрбиелік және дамытушы функцияларды атқарады.Ауызша әдістерге оқытушының тек қана сөзі мен тілі жатпайды сонымен бірге оқушының да тілі мен сөзі жатады, өйткені бұлар бір бірімен тыгыз байланысты. Ауызша әдістер белгілі бір процессті немесе суретті бейнелеуге қажет кезінде ғана қолданылады. Мұғалім сабаққа даярланар кезінде өзіне қажетті материялды таңдап алады және сөз бен тілдің көмегімен материялдың мазмұнын оқушыларға қалай жеткізу керек екендігін анықтайды, сонымен бірге оқушылардың мұқият тындауын қамтамасыз ететін материялдардың қажеттілігіне назар аударады. Ауызша әдістердің теріс және оң жақтары бар. Ауызша әдістерді қолдану кезіндегі ең негізі қиындық ол оқушылардың ұйымдасу деңгейі болып табылады 1-4 сынып аралығындағы оқушылардың сабаққа қойылатын назары 3-5 минут аралығында ғана белсенді болып, кейін ол әлсіреп, олардың назары сабақтан тыс қалып қоюы мүмкін. Сондықтан оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамытатын әдістемелік тәсілдерді ойластырып және сабаққа сай көрнекі қуралдарды алдын ала дайындап алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |