1.3 Есім негіздерінен немесе басқа сөз таптарынан жасалған сөйлеу етістіктері
Сөйлеу етістіктерінің белгілі бір бөлігі -ла, -ле, -да, -де аффикстерінің жалғануы арқылы есім сөз таптарынан туынды негіздер құрайды.
«Қазақ тілінің грамматикасында» зат есімдерге жан-жақты анықтама берілген [30]. «Қазіргі қазақ тілі» кітабында да зат есімнің түрлері, семантикалық тобына талдау жасалады [37].
Семантикалық топ құрылымында сөйлеу, айтылу атаулары назарға алынбайды. Дей тұрғанмен олар есім сөз таптары арасында да үлкен семантикалық топ құрайды. Бұған сөз, сөйлем, әңгіме, хабар, сұхбат, бұйрық, мәлімдеме, мағлұмат, баяндама, жауап, пікір, сұрақ, уәде, сыр, қорытынды, тұжырым, түсінік, лебіз, үн, үгіт, дауыс, сыбыс, сын, қалжың, әзіл, дау, шағым, күңкіл, алғыс, қаусет, өсек, қарғыс және т.б. сөйлеу атауларын жатқызуға болады.
Балташ жүген көрмеген бас асау жылқыша басын жұлқып тастап, қабағын түйіп, сөз сұрап өршіп отыра алмады (Ж.Аймауытов).
Орта жолдан бет-аузы қисайып келген Ноғайбай сырқат күйінде жиналыста сөз сөйлейді (Т.Әлімқұлов). Жалғыз атты қаңғырған қу кедей қайдан жүрсін дер ме екен, сөзге келер ме екен?(З.Ақышев). Сөз-сөздің ішінде «даңқы жер жарыпты» дегеннен жақсы сөз жоқ, шын айтқанда (Б.Нұржекеев).
Сөйлеу, әңгімелесу атауын білдіретін сөз есім сөз таптарының құрамындағы бірден-бір дифференцияланған маағыналы сөйлеу, әңгімелесу атауын білдіретін көне сөз.Сөйлеу атауы ішкі қор есібінен ұдайы дамып және толығып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |