Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


-лас, -лес аффиксі жалғануы арқылы есім сөз таптарынан жасалған сөйлеу етістіктері



бет26/60
Дата07.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#18776
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60
Байланысты:
сөйлеу

-лас, -лес аффиксі жалғануы арқылы есім сөз таптарынан жасалған сөйлеу етістіктері. Сөйлеу етістігі негізінен –лас/-лес, -тас/-тес, -дас/-дес аффикстер арқылы жасалады: әңгіме+лес, дау+лас, ақыл+дас, жанжал+дас, ой+лас, пікір+лес, серт+тес, сұхбат+тас, сыр+лас, тіл+дес, уәде+лес, шүңкіл+дес және т.б.

Қазақ тілінде сөйлеу мәнді етістіктер төменгідей қолданылмайды. Мысалы, ақыл+да, пікір+ле, серт+те, сұхбат+та, сыр+ла, уәде+ле, шүңкіл+дес және т.б.

Тарихи тұрғыдан алғанда –лас, -тас, -дас –құранды аффикстер. Бұлардың бөлек-бөлек аффикстерден тұратынын даула-даулас, әңгімеле-әңгімелес, шүңкілде-шүңкілдес, ойла-ойлас, тілде-тілдес т.б. тұрғыда қолданылатыны дәлелдейді.

Мысалдар:



Қыз күнін есіне алып, қиялға батып тұрған бәйбішеге, тілеуің бергір, ар жағынан Қатыш кеп шүңкілдесе қалмай ма?(Ж.Аймауытов).

Қазылар әр ауылдың ақсақалдарын шақырып, бәсекенің тәртәбә жайлы пәтуаласты (Ә.Кекілбаев). Маған Мәлік керек еді. Сол жігітпен тілдесу үшін,-деген сөзіне құлағы елең етіп төсектен басын көтеріп алды (М.Дүзенов). Біз Рабиға Мұқаева жолдаспен сұхбаттасып жастар туралы ой, пікірімізді ортаға салдық. Ананың басына неше түрлі ой келді. Байырмен ақылдасу керек еді (С.Санбаев). Е,жазған, саған әдейі қойылған қағаз ғой,-деді Бауыржан,-өйткені мен бұл үймен кеше ғанаа телефон арқылы уәделескенмін (Ә.Нұршайықов).

Мысалдағы «тілдесу» туынды етістігі «сөйлесу» сөйлеу етістігінің синонимі ретінде қолданылады. Бұл орайда «тілдес» өзара-ортақ етісін тіл+де түрінде айтуға болады, алайда олардың арасында мағыналық алшақтық пайда болады, себебі «тілде» және «тілдесу» мән жағынан үйлеспейді: тілдеу – ұрсу, намысқа тию және т.б. Ал тілдесу екі мағынада қолданылады: 1 Біреумен сөйлесу, сұхбаттасу; 2.Өлім аузындағы адаммен соңғы рет сөйлесу.

Есімдерден және басқа сөз таптарынан –ла, -ле, -да, -де, -та, -те, -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес аффикстері арқылы жасалған сөйлеу етістіктері: айқайлау, ақтау, анықтау,әзілдеу, әзілдесу, әйгілеу, хабарлау, әкіреңдеу, әңгімелесу, бажылдау т.б



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет