Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ұсынылып отырылған жұмыс қазақ тіліндегі сөйлеу етістіктерінің сан қырлы лексика-грамматикалық табиғатын нақты материалдар негізінде дербес зерттеу болып табылады. Дифференцияланған мағынадағы жалқы сөйлеу етістіктері –де, айт, сөйле етістіктерінің қолданысы, мағынасы, синтаксистік қызметі салыстырыла қарастырылды. Аталған сөйлеу етістіктерінің қазақ тіліндегі қолданылу заңдылықтары, олардың қолданылу жиілігі, тілдік қызметтердің басқа түрлерімен салыстырғандағы ерекшеліктері жан-жақты жүйелі зерттелді:
-де етістігінің қызметі көркем туындылардан алынған материалдарға негізделіп дәлелденді;
- сөйле етістігінің семантикасы этимологиялық негізге сүйеніп анықталды. Бұл етістіктің лексикалық мағынасы мен қызметі, грамматикалық категорияларының көпқырлылығы дәлелденді;
сөйлеу мәнді етістіктер талдауға түсіп, мағыналары анықталды;
- сөйлеу мәнді етістіктердің есім негіздерден және басқа сөз таптарынан жасалатындығы көрсетілді;
- сөйлеу етістіктері көне түркі тілінен бері қолданумен қатар, араб-парсы тілінен көптеп енгендігі анықталды;
сөйлеу етістіктердің сөйлемдегі қызметі ашылды;
сөйлеу мәнді етістіктердің құрмалас сөйлемге қатысы дәлелденді.