Ќазаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет15/64
Дата21.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#26039
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64
Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20, 
21] 
Қосымша  әдебиет:  [35,  38,  39,  45,  46,  47,  48  Интернет 
материалдары 49, 53, 54, 55, 58] 


62 
 
 
10- 
шы  тақырып.  Этнодемографиялық  үдерістер  мен 
ұлтаралық келісімнің нығаюуы 
 
1897  жылы  Ресей  империясы  халқының  есеп-санағы 
деректері  бойынша  Қазақстан  аумағында  үш  аса  ірі  этникалық 
топтар  ерекшеленді:  халықтың  81,7%  құрған  қазақтар,  орыстар 
—  10,9  және  украиндықтар  —1,9%.  Бірақ  1914  ж.  қазақтардың 
салыстырмалы  салмағы  65,1-ге  дейін  төмендеді,  ал  шығыс 
славяндар  (орыс,  украин,  белорустар)  саны  29,6%2  өсті.Демек, 
1897-1914 жж. қазақтардың салыстырмалы салмағы 16,6 пунктіне 
төмендеді,  ал  славян  халқының  саны  16,8  пунктіне  дейін  өсті. 
Орыс  және  украин  халқы  көші-қонның  оң  айырмасы  байырғы 
халықтар салыстырмалы салмағы төмендеуінің басты себебі және 
оның  басқа  этникалық  топтарымен  қатынасы  болып  табылды. 
ХІХ ғ.соңғы он жылдығында – ХХ ғ. басында столыпин аграрлық 
реформаға  байланысты  Қазақстаның  шаруалық  отарлауы  ерекше 
күшейді.  46  жыл  ішінде  (1871-1917  жж.)  өңірде  1,6  млн.  астам 
адам  мекендеді,  олардың  басым  көпшілігі  1907-1916  жж.  келді. 
1926  ж.  санағы  бойынша  Қазақстанның  қазіргі  шекарасында 
6198,4  мыңнан астам адам  өмір  сүрді,  олардың  ішінде  қазақтар  - 
58,5%,  орыстар  –  20,6,  украиндықтар  –  13,9,  өзбектер  –  2,1, 
татарлар – 1,3, ұйғырлар – 1,0, немістер – 0,8 және т.б. Егер 1897 
ж.  Бүкілресейлік  санақтың  деректерімен  салыстыратын  болсақ, 
осы  29-30  жыл  ішінде  республиканың  тұрғындары  шамамен  1,5- 
ке өсті, соның ішінде орыстар – 2,8-ге, басқа ұлт өкілдері – 4,3-ке, 
қазақтар  тек  –  234,8  мың  адамға  өсті,  яғни  7%.  Қазақтардың 
салыстармалы  салмағы  23,2  пунктіне  төмендеді,  орыстар  -9,6 
пунктіне,  басқалары  –  13,7  пайыз  пунктіне  дейін  өсті.  Қазақ 
АКСР  негізгі  ұлт  көпшілігінің  өсу  саны  төрт  негізгі  канал 
бойынша  жүрді:  20-шы  жылдардың  ортасында  жылыстау 
негізінде  халық  санының  көбею  нәтижесінде  көші-қонның  оң 
айырмасы; табиғи өсуі, өлімнен үстінен туу көбеюшілігі; 1924 ж. 
автономдық  республикасының  құрылуы  және  Орта  Азияның 
ұлттық-аумақтық  межелеуінен  кейін  республиканың  іс  жүзінде 
әкімшілік 
шекаралардың 
кеңеюі; 
ассимиляциялық 
және 
шоғырландыру  процестері.  20-шы  жж.  демографиялық  жағдай 


63 
 
жағымсыз  болғаны  белгілі,  бір  жағынан  1921  ж.  құрғақшылық 
және жұт кезінде шаруалардың бір бөлігі РКФСР және Украинаға 
қоныс  аудара  бастады.  Қазақ  АКСР  ОАК  республиканың  шаруа 
тұрғындарына  республикадан  жылыстауды  ұстау  мақсатында 
арнайы жолдауымен шықты. Басқа жағынан  – 20-шы ж. басында 
Ресейдің  әр  түрлі  аудандарынан  (мысалы,  Саратов,  Астрахан 
губерниясынан) Қазақстанға тек шаруалар (орыс, украин, мордов 
және т.б.) ғана емес, қазақ тұрғынадары да қоныс аударды немесе 
қайтып келді. 
1939  ж.  санағы  бойынша  республикада  6094  мың  адам  өмір 
сүрді,  яғни  1926  ж.  салыстырғанда,  республика  тұрғындарының 
саны  105  мыңға  немесе  1,7%-ға  қысқарды.  Үлкен  шығын 
қазақтарға  келді,  олардың  саны  енді  2  314  мың  адамды  құрды, 
1926 ж. салыстырғанда, 1 314 мыңға немесе 63,8%-ға төмендеді. 
Соғыс жылдарында Қазақстанға көші-қон ағыны күшейді. Ел 
тұрғындарының батыс аймақтарынан Қазақстанға көшірілген 536 
мың  адамнан  басқа  көптеген  халықтар  жер  аударып  жіберілді, 
олардың  автономдық  білімдері  алдын  ала  жойылды.  Салмақты 
жер  аудару  қарсаңында  1939  ж.  санағы  бойынша  Қазақстанда 
54696  поляк,  3569  –  латыш,  808  –литвалықтар  және  т.б.  өмір 
сүрді.  1941  ж.  тамызда  Қазақстанға  349713  адам  көшірілді, 
немістердің  жалпы  саны  441713  болды.  1944-1945  жж. 
Қазақстанға  қалған  немістер  саны  көшірілді.  Бұдан  басқа 
Қазақстан  аумағында  және  елдің  т.б.  аймақтарында  неміс  және 
жапон әскери тұтқындары жұмыс істеді, олардың жалпы саны 2,5 
млн.  адам  болды.  50-шы  жылдары  әскер  тұтқындардың  отанға 
оралуы аяқталды11. 1944 ж. ақпанда Орта Азия және Қазақстанға 
шешендер  мен  ингуштар,  наурызда  –  балқарлар,  қарашада  – 
түрік-месхетиндер,  сонымен  қатар  крым  татарлары,  қарашайлар 
және т.б. халықтар күшпен көшірілді. 1957 ж. шешен және ингуш 
халықтары  автономиясын  қалпына  келтіргеннен  кейін  олардың 
Солтүстік  Кавказға  оралуы  басталды.  Қарашай,  балқарлар, 
калмыктардың қайтарылуы қарқынды түрде жүрді. Бұрынғы өмір 
сүрген  орындарына гректер,  түрік-месхетиндер,  крым  татарлары, 
поляктар,  корейліктер,  Волга  өңірінлегі  немістердің  бір  бөлігі 
қайтты.  Алайда  олардың  орташа  салмағы  Орта  Азия  және 
Қазақстанда қалды. Кеңес Прибалтика республикасына латыштар, 


64 
 
эстондықтар,  литвалықтар  қарқынды  түрде  қайтты.  Соғыстан 
кейін  50-шы  жж.  ортасына  дейін  Қазақстанға  ұйымдастырылған 
қоныс  аударылуы  әлсіз  жүрді.  Республикаға  аса  ірі  көші-қон 
ағыны тың және тыңайған жерлерді игеруіне байланысты өтті, ол 
уақыт  бойынша  ірі  өнеркәсіптік  құрылыстарына  сәйкес  келді. 
Тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру  үшін  1954-1962  жж. 
Қазақстанға  2  млн.-ға  жуық  адам,  негізінен  елдің  еуропалық 
бөлігінен  келді.  Республикааралық  ұйымдастырылған  жұмыс 
күшін жинау бойынша өнеркәсіп, құрылыс және көлік үшін 1954- 
1965  жж.  0,5  млн.  шамасында  адам  келді,  бұл  республиканың 
ұйымдасқан  жинағы  бойынша  80%  құрады.  Жұмысшылардың 
көбі Украина, Белоруссия, Молдавия және Литвада жиналды. Бұл 
бір жағынан ежелгі тұрғындар саны, екінші жағынан шеттен келіп 
орныққандар  арасындағы  алшақтықты  күшейтті.  1959  ж. 
орыстардың  салыстырмалы  салмағы  42,7%-ға  жетті,  ал  1939  ж. 
салыстырғанда, қазақтардың 8 пунктіне құлады, бұл барлық 30% 
ғана құрады. Басқа этникалық топтардың салыстырмалы салмағы 
кенет  өзгерген  жоқ.  Қазақстанға  көші-қон  ағыны  сәл  әлсіз 
қарқыннан  кейін  де  жалғасты,  бірақ  70-шы  жж.  басында  теріс 
айырым  қалыптасты.  1959  ж.  республиканың  тұрғындары 
9294741  адамды  құрды,  яғни  соғысқа  дейінгі  санын  1,5  есеге 
асырды.  20  жыл  ішінде  (1939-1959  жж.)  қазақтардың  саны  474 
мың, орыстар – 1523 мың (62%), украиндықтар – 105 мың (16%), 
татарлар – 85 мың  (79%),  өзбектер – 33 мың (32%), белорусстар 
–  76  мың  (3,4  рет),  ұйғырлар  -  24,4  мың  (69%),  басқалар  -  311 
мың адамдар (2,6 рет) саны өсті. 1939 ж. немістердің саны 92379 
адам болғаны белгілі, ал 1959 ж.  659658, әзрбайжандар – 12 мың 
және 38 мың адам болды. Корейліктердің салыстырмалы салмағы 
осы  уақыт  ішінде  0,8%-ға,  абсолюттік  төмендеуі  кезінде  22  мың 
адамға  төмендеді.  1970  ж.  40%-ға  көбейіп,  Қазақстан  халқын  13 
млн.  адам  құрды,  оларда  қазақтар  саны  4234  мың  (32,6%), 
орыстар  –  5522  мың (42,5),  украиндықтар  –  933  мың (7,2), 
немістер — 858 мың. (6,6), татарлар — 288 мың (2,2), өзбектер — 
216 мың (1,7), белорусстар — 198 мың (1,5), ұйғырлар — 121 мың 
(0,9), корейліктер — 81 мың (0,6), әзербайжандар — 58 мың (0,4), 
басқа  ұлттар — 498 мың болды. 1939, 1959, 1970 жж. санақтары 
арасында Қазақстанның көптеген этностары болып, орыстар қала 


65 
 
бергені айқын13. Орыстар, украиндықтар, белорусстар 1939-1970 
жж. абсолюттік көпшілікті құрды. Дегенмен, 1959-1970 жж. қазақ 
халқының демографиялық дамуында бетбұрыс пайда болды. Оған 
көптеген  факторлар  қатары  әсер  етті:  салыстырмалы  жоғары 
табиғи  өсуі,  көші-қон  экспансиясы  тиімділігінің  төмендеуі,  теріс 
көші-қон  айырмасы.  Нәтижесінде  қазақтардың  жалпы  санының 
ғана  емес,  сонымен  қатар  республика  тұрғындары  құрамындағы 
салыстырмалы  салмағының  бұлжымайтын  өсу  тенденциясы 
көзделді.  Соңғысы  төңкеріске  дейінгі  уақытта,  ал  1897-1959  жж. 
81,8-ден  30%-ға  дейін  үздіксіз  құлады.  Қазақтардың  абсолюттік 
саны  республикада  1959-1970  жж.  1446,9  мың  адамға,  яғни 
51,9%-ға  өсті.  1979-1989  жж.  агаралық  этностар  ретінде 
белгіленген  қазақтардың  –  53,3%,  ұйғырлар  –  52,8%,  өзбектер  - 
30%-нда  кенеттелудің  тез  қарқындары  болды.  1979-1989  жж. 
тұрғындардың  жалпы  көбеюінде  қазақтардың  салыстырмалы 
салмағы  70,  орыстарда  13,  немсітерде  -  3%  және  т.б.  болғанын, 
1979-1989  жж.  этнодемографиялық  құрамның  динамикасы 
көрсетеді.  Сонымен  қатар  Қазақстанда  қазақтардың  көбеюі 
23,5%, орыстар-3,9%,  немістер –  6,4%,  татарлар  – 4,6%, өзбектер 
–  26,1,  белорусстар  –  0,6,  ұйғырлар  –  25,3%  және  корейліктер  – 
12,3%  құрды.  Қазақтар  отбасында  балалар  санына деген  бағдары 
төмен  болды:  1972  ж.  —  5,01,  1978  ж.  -  4,85,  1985  ж.  — 
4,27.Қазақ әйелдерінде жалпы бала тууы 1979 ж.— 5,787, 1989 ж. 
3,584  болды,  бұл  1979  ж.  деңгейінен  61,9%  құрайды.1962  ж. 
Қазақстанда  қазақтардың  табиғи  өсімі  мың  адамнан  болды 
(тұрғындардың  табиғи  өсімінен  37%),  1964  ж.  —111  мың  (43%), 
1970 ж.  -107,7  мың (48,1%), 1972 ж. - 114  мың (49,0%),  1979 ж. - 
125 мың. (52,1%), 1989 ж. - 162 мың адам (63,5%) болды. 
1989  жылғы  халық  санағы  бойынша  Қазақстан  мемлекеті 
тұрғындарың  саны  16  млн.  199  мың  200  адамды  құрады.  Қазақ 
ұлтының саны 6 млн. 496 мың 900 адам болса, басқа барлық ұлт 
өкілдерінің саны 9 млн. 702 мың 300 адамды құрады. Тәуелсіздік 
жылдары  ішінде  Қазақстан  мемлекетіндегі  ең  басты  әлеуметтік 
құндылықтардың бірі – тарихи тағдыр бастарын біріктірген түрлі 
ұлт  өкілдерінің  татулығы  мен  ымыраластығы  өзінің  құнын  жоя 
қойған  жоқ.  Дегенмен  1999  жылғы  халық  санағының  деректері 
бойынша  Қазақстан  мемлекетінің  тұрғындары  саны  14  млн.  953 


66 
 
мың 100 адамға азайды. Бұл кезеңдегі басты ерекшелік жергілікті 
ұлт  өкілі  қазақтың  саны  осы  он  жыл  аралығында  122,9%-ға 
артқан. Жекелеген ұлттарға талдау жасасақ мынадай мәліметтерді 
келтіре  аламыз.  Атап  айтқанда,  осы  он жылдықта орыс  ұлтының 
саны  37,4%-дан 30%-ға,  украин ұлты 5,4%-дан  3,7%-ға,  немістер 
5,8%-дан  2,4%-ға,  татарлар  2%-дан  1,7%-ға  азайған.  Бұл 
әлеуметтік  құбылыстың  басты  себептері  КСРО  империясының 
күйреуіне байланысты азаматтардың санасындағы психологиялық 
және  әлеуметтік  сілкіністер,  тәуелсіздік  жылдарының  алғашқы 
кезеңіндегі  әлеуметтік-экономикалық  дағдарыстың  етек  жаюы 
және  осыған  байланысты  миграциялық  үдерістердің  артуы  деп 
санаймыз. 
Қазақстандағы  халық  саны  2009  жылғы  халық  санағының 
қорытындысын есептегенде 1 қазанда 16 372, 4 мың адамды 
құрады.  2010  жылдың  1  қазанында  халық  саны  2009  жылғы 
халық  санағының  қорытындыларын  түйдектей  келгенде  халық 
саны  16372,4  мың  адамға  жетті.  Аталған  санақ  қорытындысы 
бойынша  еліміздегі  қала  тұрғындарының  үлесі  -  54,1  пайызды, 
ауыл  халқы  -  45,9  пайызды  құрап  отыр.  осы  жылдары 
Қазақстандағы  ауыл  тұрғындарының  саны  артып  отыр,  ал 
қалалық  жұртшылықтың  үлесінің  өсу  деңгейі  елеулі  деңгейде 
емес.  Атап  айтқанда,  қала  халқының  саны  8  662  400  адамды, 
ауылдық жердің халқы - 7 347 200 адамды құрады. «Ауылды елді 
мекеннің  халқы  821,7  мың  адамға  (12,6  пайызға),  ал  қалалықтар 
206,6 мың адамға (2,4 пайызға) өсті». 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет