53
қуатты серпін берді. 2010 жылдың ортасынан бастап Қазақстан
тұрақты экономикалық даму жолына түсті, мемлекеттік
институттар мен орта тапты қалыптастырды, өз азаматтарының
өмір сапасын айтарлықтай жақсартты. 2017 жылғы 31 қаңтардағы
Қазақстан Республикасының
Тұңғыш
Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық
бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында
Қазақстанның үшінші жаңартылуын жүзеге асыруды қамтамасыз
ету, еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін
экономикалық өсудің жаңа моделін құру міндеті тұрды. 2000
жылдан бастап, 2008 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің білім
беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға
арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5
миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік
қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл
бұрынғыға қарағанда екі есеге артық. Ал осы жылдар ішінде
Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болды.
Қазіргі кезде автомобиль құрастыратын, оның ішінде жеңіл
автокөліктер де құрастыратын бес кәсіпорын жұмыс істейді.
Бүгінде
Қазақстанда
радиотехника
мен
компьютер
де
құрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсібі, құрылыс индустриясы
және басқа салалар серпінді дамуда. Сөйтіп, қорыта келгенде,
тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен
көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан
экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама
жұмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қол жетті. Соның
нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің
әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға
шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе
жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді
шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды.
Достарыңызбен бөлісу: