Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20,
21]
Қосымша әдебиет: [35, 38, 39, 45, 46, 47, 48 Интернет
материалдары 49, 53, 54, 55, 58]
54
9-
шы тақырып. Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-
ауқат тірегі
Халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттің экономикалық
саясатының өзекті мәселесі болып табылады. Оның үстіне, бұл
өзін әлеуметтік мемлекет деп айқындаған Қазақстан үшін
маңызды. Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика
мемлекеттің әлеуметтік мәселелерді шешу ісінде белсенді қызмет
атқаруын қажет етеді. Қазіргі дүниежүзілік экономикалық
дағдарыс жағдайында бұл - өмірлік маңызы бар мәселе.
2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш
Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы:
«Қазақстан
халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты». Адам капиталын, елдің еңбек қуатын дамытудың
стратегиясы. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа
стратегиясы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңарту.
Соңғы уақыттарда 3,5 миллионнан астам адам бюджеттен
әлеуметтік
төлемдер
алады.
Мемлекеттік
әлеуметтік
жәрдемақылар төлеуге арналған жалпы шығыстар 6,9 есе (1999
жылғы 25,8 млрд. теңгеден 2015 жылы 177,5 млрд теңгеге дейін)
өсті. Жалпы, тәуелсіздік жылдары ішінде әлеуметтік-еңбек
саласында елеулі табыстарға қол жетіп, бұл халықтың өмір сүру
деңгейін айтарлықтай көтеруге септігін тигізді. Кедейлік деңгейі
1996 жылғы 34,6%-тен 2015 жылы 2,7%-ке дейін төмендеді.
Зейнетақы
жүйесінің
реформасы.
Зейнетақы қорлары және олардың қызметі
Елде табыстары төмен жұртшылықтың үлкен бөлігін
зейнеткерлер мен мүгедектер құрайтын.
Қазіргі уақытта республика бюджетінен зейнетақы 1,9 млн.
зейнеткерге төленеді, ал оны төлеуге қажетті шығыстар 2015
жылы 918,4 млрд. теңге құрап, 1999 жылмен салыстырғанда 9,3
есе өсті. Оның үстіне, зейнетақылардың орташа мөлшері 9,4 есе
(4179 теңгеден 39279 теңгеге дейін), ең төменгі зейнетақы 7,8 есе
дерлік (3000-нан 23692 теңгеге дейін), ең жоғарғы зейнетақы
мөлшері 8,4 есе (7256-дан 60947 теңгеге дёйін) көбейді. Ал
барлық зейнеткерлерге олардың еңбек өтілін есепке алмай
55
теленетін базалық зейнетақы 2016 жылы 11965 теңгеге жетті.
2016 жылғы қаңтардың 1-іне жеке зейнетақы шоттарының саны
9,5 миллион немесе 1998 жылмен салыстырғанда (ол кезде - үш
миллион шот) 3,2 есе көп болды, зейнетақы жинақтарының
сомасы 5,8 трлн. құрады.
1997
жылы
маусымның
20-сында
Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң
қабылданды. Зейнеткерлік жасы қайтадан қаралып, ер адамдар
үшін - 63, ал әйелдер үшін 58 деп белгіленді. Қазақстан
Республикасының зейнеткерлік заңнамасына 2016 жылы сәуірдің
06-сында енгізілген өзгертулер мен толықтыруларга сәйкес, 2018
жылдан бастап зейнеткерлік жасы әйелдер үшін жыл сайын
жарты жылдан қосыла отырып, 2027 жылға дейін 63 жас шегіне
жеткенше ұзартылатын болады. Мысалы, 1964 жылы дүниеге
келген әйелдер зейнеткерлікке 63 жаста, ер адамдармен қатар
шығады.
Республиканың денсаулық сақтау жүйесінің дамуы
«Қазақстан 2030» Стратегиясында азаматтардың денсаулығы
Қазақстан дамуының басымдық берілегін негізгі ұзақмерзімдік
міндеттерінің бірі ретінде айқындалды. Халық денсаулығының
жай- күйі қоғамның әлеуметтік бағдарлануының
және
мемлекеттің өз аза- маттары алдындағы жауапкершілігі деңгейін
сипаттайтын әлеуметтік кепілдіктерінің негізгі көрсеткіші болып
табылады.
2009 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының
«Ұлт денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі
қабылданды.
Қазіргі
кезеңде
ұлттық
денсаулық
сақтау
саласы
азаматтардың денсаулығын, өмір сүру ұзақтығы мен сапасын
жоғары деңгейде ұстауды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы
мақсатта және ҚР Тұңғыш Президентінің 2010 жылғы ақпанның
1-індегі «Қазақстан Республикасы дамуының 2020 жылға дейінгі
стратегиялық жоспары туралы» Жарлығына; ҚР Тұңғыш
Президентінің 2012 жылғы желтоқсанның 14-індегі «Қазақстан-
2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»;
2014 жылғы қарашаның 11-індегі «Нұрлы жол - болашаққа бастар
жол» атты Жолдауларына; ҚР Тұңғыш Президентінің бес
56
институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100
нақты қадам» ұлттық жоспарына сәйкес, денсаулық сақтауды
дамытудың 2016- 2020 жылдарға арналған «Денсаулық»
мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Республиканың білім беру жүйесін реформалау
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесінің құқықтық
негіздерін қалыптастыру үшін, 1992 жылы - «Білім туралы», 1993
жылы «Жоғары білім туралы» заңдар қабылданды. Содан кейінгі
жылдарда білім берудің әр саласы үшін он сегіз тұжырымдама
жасалды. Мемлекеттік емес білім беру мекемелері ашылды.
Басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында білім беру
саласындағы мемлекеттік саясатты реттейтін Білім беру комитеті
құрылды. Жаңа оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер әзірлейтін
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясы есік ашты.
Білім берудің ұлттық жүйесінің жаңа құрылымы Қазақстан
Респуб- ликасы Конституциясының 30-бабына, сондай-ақ ағарту,
ұлт және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы
(ЮНЕСКО) ұсынатын Білім берудің халықаралық стандарттық
жіктеліміне сәйкес құрылган. Білім берудің үздіксіздік пен өзара
байланысқа негізделген жаңа: мектепке дейінгі тәрбие және
оқыту, орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
деңгейлері құрылды. Қазақстандағы міндетті орта білім беру 11
жыл құрайды. Бұрын оқушылар мектепке 6-7 жастан қабылданып,
бастауыш білім төрт сыныптан тұратын. Шәкірттер орта білімді
17-18 жасында алып шығатын. Енді 1990 жылдардың ортасында
жоғары оқу орындарына емтихан тапсырудың тестілеу әдісіне
көшу орын алды.
Сөйтіп, 1990 жылдардың реформалары мен өзгерістерінің
нәтижесінде Қазақстанда мемлекеттік және мемлекеттік емес
секторлардан тұратын жалпы (орта) және жоғары білім беру
жүйесі қалыптасты. Бұл жүйенің басты міндеттері жалпы да,
арнаулы да сапалы білім беруді ары қарай дамыту мақсатынан
туған, ал бұл еліміздің XXI ғасырда тұрақты өркендеуі үшін өте
қажет.
2000 жылдары орта білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер
орын алды. 2003 жылдан бастап оқушылар бір мезгілде мектепті
57
бітіру емтихандары және жоғары оқу орнына түсу емтихандары
болған ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) өтетін болды.
2000 жылдары білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі
қалыптасып, оқу үдерісіне жаңа ақпараттық және кредиттік
технологиялар енгізілді, қоғамда он екі жылдық орта білім беруге
көшу туралы пікірсайыстар жүріп жатты. Қазақстанда он екі
жылдық орта білім жүйесін енгізу 2019 жылға жоспарланды. Ол
кезде барлық мектептерде нөлінші сыныптар құрылатын болады.
Барлық сыныптардың білім берудің жаңартылған мазмұнына
өтуін 2020 жылы аяқтау жоспарланған. Бұл жайында 2016 жылы
қарашаның 2-сінде өткен ОКҚ (Орталық Коммуникациялар
қызметі) брифингі барысында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және
орта білім департаменті директорының орынбасары Зейнеп
Мақсұтова мәлімдеді. Оның сөзі бойынша, 2015 жылдың
қантарында-ақ республикамыздағы барлық бірінші сыныптар
жаңартылған оқу жүйесіне көшкен. Жаңа жүйе кезең-кезеңмен:
екінші, бесінші, жетінші сыныптарда - 2017-2018 оқу жылында,
үшінші, алтыншы, сегізінші, оныншы сыныптарда - 2018- 2019
оқу жылында, төртінші, тоғызыншы және он бірінші сыныптарда
2019 жылы енгізілмек. Сөйтіп, барлық мектептер кезең-кезеңмен
білім берудің жаңартылған мазмұнына көшетін болады.
Қазіргі уақытта республикамызда 7307 күндізгі мемлекеттік
жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді. Оларда 2,5 миллион
оқушы, яғни елдің әрбір жетінші тұрғыны білім алып жатыр. Ел
мектептерінде 300 мыңға жуық мұғалім еңбек етеді.
Мұғалімдердің үштен бір бөлігінің 20 жылдан артық еңбек өтілі
бар. Мектеп мұғалімдерінің 80%-тен астамы - әйелдер.
Мектептердегі барлық мұғалімдердің 23,9%- ке жуығы тілдерді
(қазақ, орыс, ағылшын) оқытумен айналысады. Барлық
мектептердің үштен біріне жуығы - бір, 68%-і - екі, ал 1,5%-і үш
ауысымда жұмыс істейді. Үш мыңнан асатын (45%) мектеп қазақ
тілінде, екі мыңға жуық мектеп аралас - қазақ және орыс
тілдерінде оқытады. Қазақстанда ұлттық мектептердің тағы үш
түрі: өзбек, ұйғыр және тәжік мектептері бар. Олардың
түлектеріне ҰБТ тапсыру тілін: не қазақ, не орыс тілін таңдау
құқы берілген.
58
2000
жылдары
жалпы
білім
беретін
мектептерді
компьютермен және техникалық құралдармен жабдықтауға үлкен
көңіл бөлінді. Экономикалық қиындықтарға қарамастан, барлық
дерлік орта білім беру мектептері компьютерлермен қамтамасыз
етілген. Президент бастамасының арқасында елімізде зияткерлік
мектептерінің тармақталған желісі жүйелі түрде жүзеге асып
келеді. Орта білім беру саласында қол жеткен жетістіктердің бірі
2009 жылдың ақпанында Астанада Тұңғыш Президенттің физика-
математика және
химия-биология
бағытында
оқытатын
Зияткерлік мектебінің ашылуы болды. Ол мектептердің түлектері
кейін жоғары білікті инженерлер мен ғылыми қызметкерлердің
жетіспеушілігін толтыратын болады. Білім берудің жаңартылған
мазмұнында құрылған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің саны
жиырмаға жетті. Олардың іс-тәжірибесі күллі білім беру жүйесіне
таралатын болады.
«Қазақстан-2050»
Стратегиясында
Н.Ә.Назарбаев
аса
маңызды мақсат- әлемнің жоғары дамыған 30 елінің қатарына
кіру міндетін қойды. Стратегияда елдің өркендеуі үшін өзекті
болып саналатын, барлық салаларды, оның ішінде әлеуметтік
саланы қамтитын міндеттер айқындалды. Білім мен ғылымның
дамуы деңгейі елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі белгілеріне
жатады. Соған байланысты республикамызда жалпы білім беретін
мектептер мен училищелердің, колледждердің деңгейі мен
сапасын көтеруге ерекше көңіл бөлінеді.
Жоғары оқу орындары. Жоғарғы мектеп тәуелсіздік
жылдары ішінде үлкен және қарама-қайшылыққа толы жолдан
өтті. Бұл жолда саны көп өзгерістер орын алды, білім министрлігі
басшылығы бірнеше рет ауысты, оң да, теріс те құбылыстар
байқалды.
Қазақстанның жоғары білім беру құрылымы айтарлықтай
өзгерді. Егер 1990 жылға дейін Қазақстанда небары екі
университет (ҚазМҰ және ҚарМУ) бар болса, ал кейіннен жеке
жоғары
оқу
орындарын ашуға
рұқсат
берілген
соң,
университеттер, академиялар мен институттар саны көбейді. 1990
жылдарда көптеген педагогикалық, техникалық және басқадай
институттар
атауларын
өзгертіп,
университеттерге,
академияларға айналды. Нәтижесінде, 1997 жылы Қазақстанның
59
жоғары білім беру жүйесінде 83 мемлекеттік емес және 57
мемлекеттік жоғары оқу орны, оның ішінде: 27 университет, 9
академия, екі дербес университет - Әл-Фараби атындагы Қазақ
Мемлекеттік Ұлттық университеті, Қожа Ахмет Иассауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жұмыс істеді.
Сөйтіп, 1980 жыллардың соңы - 1990 жылдардың басындағы
түбегейлі өзгерістер жогаргы мектепке экономика жагынан гана
эсер етіп қоймады: маңызды зияткерлік, идеялық, рухани
жагдайлар орын алып, жогары білім беру жүйесінің, бірінші
кезекте, гуманитарлық саланың бірте-бірте дамуы үдерісіне
орасан зор ықпалын тигізді.
Білім беру саласын қаржыландыру ісінде реформалар аз
болған жоқ. Қазақстан Республикасы Үкіметі 1999 жылы жоғары
оқу орындарында мамандар даярлау үшін кредиттер беру тәртібін
бекітті. Жастарға жоғары оқу орнында оқу үшін 15 жылға
есептелген мақсатты мемлекеттік кредит алу мүмкіндігі туды.
Жоғары білім беру жүйесінің мақсаты — қогамның,
мемлекеттің және әрбір адамның жоғары білім алуға деген
сұранысын қанағаттандыру, адамға білім алып, оқудың мазмұны
мен мерзімдерін таңдау мүмкіндігін беру. Сондықтан жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру құрылымы
Қазақстанда үш деңгейлі: бакалавриат, магистратура және
докторантура болып саналады. Осындай құрылым 1999 жылы
Қазақстанның Болонья үдерісіне, білім берудің бірыңғай
халықаралық стандартына қосылуы нәтижесінде мүмкін болды.
Бакалавр даярлаудың нормативтік оқу мерзімі төрт жылға
есептелген. Бакалавриат түлектерінің білім алуды магистрату-
рада (оқу мерзімі - 1-2 жыл) жалғастыратын мүмкіндігі бар.
2000 жылдарда жоғары оқу орындарының саны өскені
байқалды, бірақ олардың барлығы бірдей тең дәрежеде сапалы
білім бере алмайтыны тексерулер мен аттестациялар барысында
белгілі болды. 2008 жылы тексеру нәтижелері бойынша 24
жоғары оқу орны кәсіби талаптарға сай болмауы себепті 112
мамандық
бойынша
лицензияларынан
айырылды.
Университеттер мен институттардың саны 2008 жылы 144-ке
дейін қысқарды, оның ішінде: 85 университет, 32 институт, 26
60
академия, 1 консерватория бар. Олардың тоғызының ұлттық
университет және академия мәртебесі бар еді.
Аспирантура мен докторантурада 1990-2000 жылдары
жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандар
даярлау жақсы жолға қойылды. Жоғары оқу орнынан кейінгі
ұлттық білім беру жүйесі жұмысының нәтижелі болуы үшін ол
(жүйе) Болон келісіміне сай бағдарламаға өзгерді: онда үшінші
деңгейде философия докторлары - РҺD (Dосtог оf Рһіlоsoрһу)
даярланады.
Ғылыми-педагогикалық мамандар — доктор-магистрлер
даярлау жүйесіне өту Қазақстанның әлемдік ғылыми білім беру
кеңістігіне ықпалдасуы қажеттігіне байланысты болды. Алайда
қазақстандық ғылыми білім беру қоғамдастығында бұл мәселе
өткір пікірталастар туғызды. Классикалық неміс үлгісіне
негізделген бұрынғы білім беру жүйесін жақтайтындар аз
болмады.
«Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы. Мамандар даярлау
және білім беру саласында жетекші шетелдік университеттермен
байланыстарды дамыту ісінде 1993 жылы қарашаның 11-інде ҚР
Президентінің бастамасы бойынша құрылған «Болашақ»
бағдарламасының орасан үлкен маңызы болды. Алғашқы
қазақстандық студенттер 1994 жылы АҚШ, Ұлыбритания,
Германия, Франция елдеріндегі жоғары оқу орындарына білім алу
үшін аттанды. Кеңес заманынан кейінгі кеңістік елдерінің
тарихында алғаш рет талантты жастарды мемлекет есебінен
шетелде оқыту мүмкіндігі пайда болды. Егер 2004 жылы 785
студент әлемнің 13 елінде білім алса, ал 2005 жылдан бастап
«Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия алатын студенттер
саны 3000-ға дейін жетіп, олар дүние жүзінің 32 елінде алдыңғы
қатарлы 630 университетте оқу мүмкіндігін алды.
«Болашақ»
стипендиясының
тағайындалуына
орай,
республикамызда Батыстың қазіргі заман талаптарына сай
білімдерін
алған
мамандардың
саны
өсті.
Президент
стипендиясын иеленушілерді біріктіру, кейіннен оларды жүмысқа
орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың мүдделері
мен құқықтарын қорғау мәселелерін шешу үшін, 2001 жылы
«Болашақ» қауымдастығы құрылды. «Болашақ» бағдарламасы
61
аясында білім алған түлектер мемлекеттік қызметте, білім беру
және денсаулық салаларында, ұлттық компанияларда жұмыс
істейді, сонымен қатар Батыс елдерінің менеджменті мен
стандарттарын осы салаларға енгізіп жатыр.
2009 жылдың маусымында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
бастамасымен «Астананың Жаңа университеті» АҚ-ы құрылды.
Аталған университет 2010 жылы маусымның 7-сінде, Қазақстан
Үкіметінің Қаулысына сәйкес, атауын «Назарбаев Университеті»
деп өзгертті. Оған алғашқы студенттер қабылдау 2010 жылы
қыркүйекте басталды. Университет білім берудің ұлттық
жүйесінің артықшылықтары мен ең жақсы әлемдік ғылыми білім
беру тәжірибесін сәтті ұштастыра отырып, Қазақстанның жоғары
білімінің үлгісіне айналды. ҚР Президенті 2011 жылы қаңтардың
19-ында «Назарбаев Университеті» мәртебесі туралы, «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» туралы Заңға қол
қойды.
Университет 2011 жылы маусымның 15-інде заңды
мәртебесін ауыстырып, «Назарбаев Университеті» автономиялық
білім беру ұйымы» деп аталатын болды. Университет өзінің
меншікті білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейді және
ҚР Білім және ғылым министрлігінің басқаруына жатпайды.
«Назарбаев Университеті» 2013 жылы алғаш рет Жоғары бизнес
мектебінің және Жоғары білім беру мектебінің магистрлік және
докторлық бағдарламаларына қабылдау үшін есік ашты.
«Назарбаев Университетінде» 2014 жылы тамыздың 20-сында
оқуды аяқтаған магистранттарға дипломдар тапсырылып, 46
студент магистрлік бағдарламаның алғашқы түлегі атанды.
Сонымен, реформалар мен өзгерістердің нәтижесінде,
Қазақстанда жалпы (орта), арнаулы орта және жоғары білім
берудің мемлекеттік те, мемлекеттік емес те секторлардан
тұратын, негізінде, халықаралық стандарттарға сай, қазіргі
заманғы жүйесі пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |