Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Тақырып 2. Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері



бет60/87
Дата21.04.2022
өлшемі3,33 Mb.
#31719
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87
Тақырып 2. Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.

1.Қазақстан 1905-1907 жж. революция жылдарында.

2.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс мәні, жаңаша бағалау.

3.Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы.


Ресейдегі тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революция Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкеде езгінің отаршылдық, әлеуметтік және басқа түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшы, аграрлық қозғалыстардың жедел қарқынмен дамуына серпін берді. Өлке халқының әртүрлі топтарының Ресейдегі 1905-1907 жж. революцияға көзқарасы бірқалыпты болған жоқ. Өлкенің экономикалык және саяси дамуы дәрежесі баяу болғандықтан Ресей орталығынан гөрі жұмысшы қозғалысының қарқыны төменірек болып тек революия жылдарында жаңа сатыға көтерілді. Оған өнеркәсіп пен қала жұмысшылары белсене қатысты.

1905 жылғы 9 қаңтардағы қанды оқиға және одан кейінгі Ресей империясының өндірістік орталықтарындағы халық қозғалысы туралы хабарлар қазақ даласына тез тарады. Верный, Әулиеата қалаларының, Перовск, Қазалы, Орал, Актөбе, Семей темір жол станцаларының демократиялық ниеттегі еңбекшілері наразылық білдірді, ал Ақмола облысы мен бүкіл Дала өлкесінің орталығы Омбыда бүкілхалықтық ереуіл-шерулер болды.

1905 жылдың ортасында бүкіл Орынбор-Ташкент темір жолы бойындағы (Түркістан, Перовск, Жосалы, Қазалы, Шалқар) станцаларда жұмысшылар өздерінің экономикалық жағдайын жақсартуды, жұмыс күнін қысқартуды талап еткен ереуілдер өтті. Петропавл темір жол депосының жұмысшылары саяси ереуіл ұйымдастырып, ал олардың Орынбордағы әріптестері жұмысты тоқтатты. 1905 жылғы қаңтар-ақпан аралығында өлкені қоныстанған кедейлердің патша үкіметіне ашу-ызасын білдірген көптеген жиналыстар өтті.

Бірінші орыс революцияның өріс алу барысында әлеуметтік таптар мен саяси бірлестіктер мен партиялардың бағдардамалық көзқарастары айқындалды. Әрбір саяси партия революциядағы өзінің жуыр кездегі іс-қимылын, өзге партиялар мен ағымдарға көзқарасын, сондай-ақ мемлекеттік бағыт-бағдарларға сын-ұсыныстарын айқындап, белгіледі.

1905-1907 жж. Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы қалыптасып орталықтағы әріптестерінің тәжірибесіне сүйеніп өзінің дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Ресейдегі революциялық оқиғалармен ұштасып Қазастанның жұмысшылар шоғырланған аудандарында ірі-ірі саяси және экономикалық ерулер болып өтті.Оған 1905 жылы желтоқсанда Успенск мыс руднигінде, 1907 жылы маусым айында спасск мыс қорыту зауытында, Қарағандының кен орындарында және Семей, Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай және басқа қалалар мен кәсіпорындарында өткен ереуілдерді жатқызуға болады.

Бірінші орыс революциясы жылдары өлкеде РСДЖП-ның алғашқы топтары мен ұйымдары қалыптаса бастады, ол құбылысқа аталған партияның Сібір, Астрахань, Самар, Саратов комитеттері елеулі ықпалын тигізді. 1904 жылы пайда болған "Сібір социал-демократиялық Одағы, әсіресе оның Омбы ұйымы аса маңызды іс тындырды. Ол бірінші кезекте Петропавл, Көкшетау қалары мен солтүстік-шығыс аудандарындағы, сондай-ақ Жетісудағы жұмысшылар, жалпы еңбекшілер арасында айтулы үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

Қазақстандағы алғашқы өз бетінше оқып үйренетін марксистік үйірме Атбасар қаласында болды. Оны 1896 жылы Оралдан жер аударылған жұмысшы А.Д. Ушаков ұйымдастырды. XX ғ. басында бұндай үйірмелер Ақмолада, Петропавлда, Оралда, Қостанайда, Семейде, Верныйда және өлкенің басқа да қалаларында пайда болды.

Революцияның алғашқы айларында бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан марксистік үйірмелер негізінде Петропавл мен Оралда РСДЖП ұйымдары, Перовскіде, Қазалыда және Түркістанда, ал біршама кейінірек Ақмолада, Көкшетауда, Ақтөбеде, Павлодарда және өлкенің басқа да қалаларында социал-демократиялық топтар құрылды. Алғашқы РСДЖП ұйымы Семейде қалыптасты.

Революция жылдары (1905-1907) Қазақстан жұмысшыларының кәсіподағы қалыптаса бастады. 1905 жылдың қарашасында Н.Смуров, Н.А.Покатилов және Н.И. Ульянов басшылығымен алғашқылардың бірі болып Орал теміржолшыларының, кәсіподағы, одан кейін неғұрлым жақсы топтасқан әрі жауынгер ұйым- баспахана жұмысшыларының кәсіподағы құрылды. Қатарына 6 мың адамды топтастырған Орынбор-Ташкент теміржолшыларының өлкедегі ең ірі кәсіподағы 1906 жылы құрылып көптеген революциялық әрекеттерімен белгілі болды. Кен өндіру саласында алғашқы кәсіподақ Успен руднигінде құрылып, ол Орыс-Қырғыз одағы деп аталды. Деректер бойынша бірінші орыс революциясы кезінде еліміздің бар-лық, жұмысшылары мен қызметкерлерінің бар болғаны 3,5 проценті 20-25 түрлі салалық кәсіподақтар қатарына тартылған болатын.Сайып келгенде, мұның өзі жергілікті жұмысшылардың аздығы, олардың кәсіпорындар бойынша шоғырлану дәрежесінің төмендігі және өндірістік қызметтерінің маусымдылығы елеулі әсерін тигізген. Түрлі одақтың саяси ұйымдарға еңбекшілердің аз тартылуы жұмысшы қозғалысының тек әлсіз болғандығынан емес, халықтың басым көпшілігін қазақ шаруалары мен Ресейден қоныс аударғандар құраған және өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуының баяулығы да себепкер болды.

Елдегі үкіметке қарсы қоныс аударушы шаруалардың, соғысқа қатысушылардың отбасыларынан қымбатшылыққа, лауазымды адамдарға, салықтар төлеуге және жұмыстық міндеттерін өтеуге байланысты ереуіл-күрестері күшейе түсті. 1915 ж. наурызында Жетісу облысының Верный, Лепсі және Пржевальск уезіндегі ауыл түрғындары орталық үкіметтің баға саясатына қарсы наразылық білдірді. Лепсі уезінің Андреевск, Осиповск елді мекендерінде, Верный уезінде әйелдер көпестер дүкендерін қиратып, тауарларын талап алып кеткен, 1916 ж. Зайсанда болған әйелдердің бас көтеруі әскери күшпен тоқтатылып, 13 адам қамауға алынған.

Сөйтіп 19 жылдан кейін жаңа революциялық дәуіріндегі бой көрсетулердің басым көпшілігінің әлі ұйымдаспаған сипатта болғанына қарамастан, өлкенің жұмысшылары мен шаруаларынық саяси сана-сезімін дамыту үшін олардың зор маңызы болды. Қазақстан еңбекшілерінің барған сайын қалың топтары отаршылық езгі мен таптық қанауға қарсы күреске тартыла түсті.

1914 жылы Ресей империясы бірінші дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл империалистік сипаттағы соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Казақстанға да ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша шенеуніктері мен жергілікті әкім-қаралардың және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал өнімін соғыс қажетіне алу да жедел қарқын алды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының күрт азаюына әкеп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауылшаруашылығының құлдырап күйзелуі олсызда әлсіз Қазақстан экономикалық қуатын төмендетті. Калалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.

Кәсіпорын иелерінің, жергілікті бай мен әкім-қаралардық зорлық-зомбылығы 1916 ж. 25 маусымда Ресей үкіметінің "Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже" қабылдануына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан азаматтарды қамауға алу немесе үш ай мерзімге дейін тұтқындау, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық-түліктің екі-үш есе қымбаттауы да халықтың наразылығын өршіте түсті.

Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен еңбектегі қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Қазақтардың жасы туралы құжаттардың жоқтығын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл ағамандары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын "қара тізімге қосты", ал байлар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты.

Майдан жұмысына қазақ жастарының ішіндегі кедей балаларының алынуы қалың халық арасында зор наразылық туғызды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтіру, ірі иемгерлердің шаруашылықтарына шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым-салық қағаздарын т.б. жойып жіберу секілді ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкету әрекеттерін жиілей түсті. Халықтың үкіметке және оның жергілікті өкілдеріне ереуілдері мен ашық көтерілістері жиналып келіп, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске ұласты.

1916 ж. таптық және езушілікке, соғысқа деген өшпенділіктің күшеюі жаппай құбылысқа айналды. Соғыс елдегі жалпы-ұлттық дағдарыстың пісіп-жетілу процесін тездете түсті. Соның жарқын бір көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын түгел дерлік қамтыған 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісі болды.

Көтерілістің сипаты мен қозғаушы күштері. Өзінің сипаты жөнінен қозғалыс отаршылдыққа және қанаушылыққа қарсы, халық-азаттық қозғалысы болды. Қазақстандағы көтеріліс Ресей әкімшілігі үшін де, сондай-ақ жергілікті үстем тобы үшін де күтпеген жерден басталды.

Көтерілістің негізгі себептері отарлық езгінің күшеюі, жердің тартып алынуы, салықтар мен алымдардың шексіз өсуі, еңбекшілерді үстем топтардың қанауының күшеюі, ұлттық араздықтың өршітілуі, соғысқа байланысты қалың халықтың жағдайының күрт нашарлауы, орыстандыру саясаты болды. Патша өкіметі өзінің Қазақ даласындағы басты міндетін империялық өкімет негізінде орыс мемлекеттігін нығайту деп білгені кездейсоқ емес еді.Әртекті болғанымен, 1916 ж. қозғалыс ұлт - азаттық сипатта болып және отаршыларға, империалистік соғысқа және иемденуші топтарға қарсы бағытталды. Оның негізгі қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы болатын: ұлттық шаруалардың қалың топтары, жергілікті жұмысшылар, батырақтар, қолөнершілер. Сол кездегі деректерде бүлікшілердің орасан көбі қырғыздардың кедей табынан тұрады, "пүрс атты таптар - байлар ғана үкіметке адал болып қалуда"' деп көрсетілген.

Көтеріліс отарлауға және империалистік саясатқа қарсы бағытта өрбіді. Халықты ұлттық және саяси жолындағы көтерілістің басты міндеттерімен салыстырғанда бұл көтерілістің таптық жағы (ауылдың феодалдық басшы топтарына қарсы күрес) екінші кезектегі мәселе болып қалды.

1917 жылдың басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді. Өлке халқының арасында революциялық өрлеудің өрістеуіне бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Қазақстан жеріне айдалған Австрия-Венгрия мен Германия соғыс тұтқындары да елеулі әсер етті. 1917 жылы олардың жалпы саны 41.285 әскери адамды құрады. Бұлардың басым көпшілігі Омбы, Ақмола, Павлодар, Семей уездерінде орналасты. 1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды. Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Революцияшыл халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп, тұтқынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төңкерісінің жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т. б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Бұл кеңестерде көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Сонымен бірге буржуазиялық уақытша үкіметтің жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуір айларында құрылды. Бұлардың басында бұрынғы патша өкіметінің отарлаушы шенеуніктері, қанаушы таптардың өкілдері тұрды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет