Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Пәннің оқу-әдістемесімен қамтамасыз ету картасы



бет59/87
Дата21.04.2022
өлшемі3,33 Mb.
#31719
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   87
Пәннің оқу-әдістемесімен қамтамасыз ету картасы


«БЕКІТЕМІН»

Тарих және Қазақстан Ассамблеясы

кафедрасының меңгерушісі



Оразбақов А.Ж.

«26» тамыз 2021 ж.

2021-2022 оқу жылына Қазақстанның қазіргі заман тарихы

пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы


Барлық білім беру бағарламасы

Білім алушы саны

Оқулықтар мен оқу құралдары

(соның ішінде электронды оқулықтар)



Саны

Практикумдар, дәріс конспектрі, зертханалық, практикалық сабақтарды және,ОБӨЖ орындауға арналған әдістем-ік нұсқаулар

Кітап

саны


Семестр

Кітапханада




Кітапханада

Кафедрада

2

-







 

1.Қазақстан тарихы І,ІІ,ІІІ,ІV, V-том А., 1996-2010 ж.ж.

10





1.Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.

10










1.Тәуесіз Қазақстанның саяси тарихы. Оқиғалар жылнамасы. Алматы 2010ж

2. История Независимого Казахстана. Алматы, 2011г

10




1.Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. Монография. Екінші кітап. –Алматы: Мектеп, 2017. – 656 б

5













3.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия


10




/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

5






Пән оқытушысы: Уткелбаев Қ.З.

Дəрістік кешені

Тақырып 1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы: тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңі.

1. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның мақсаты мен міндеттері, кезеңдері. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәніндегі өзекті мәселелер.

2. Қазақстандағы отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстардың ерекшеліктері мен тарихи сабақтастығы. 

3. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.


1. Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесінде өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды көрсеткіш. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын, зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Ұлы Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні мәселелік тұрғыда құрастырылған және теориялық-методологиялық тұжырымдарға негізделген. Курс мазмұны осы қағида бойынша орта білім беру бағдарламасын қайталамауды көздейді. Хроногиялық шеңберін анықтауда Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы ұлттық идеялары мен қозғалыстар тарихы басшылыққа алынды. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын тұжырымдық және практикалық зерттеуде пәнаралық ұстанымдар қолданылады. Тарих ғылымының тұжырымдарын саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану сияқты өзге қоғамдық ғылымдардың методологиялық негіздерімен ұштастырудың маңызы айқындалған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті. Мемлекеттің біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады.Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. Міне, сондықтан да бұл пән барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік жоспарларына енгізілген.  Пәннің негізгі бағыттары оқытушыларға ұсынылып отырған осы типтік бағдарламада көрініс тапқан.«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты – отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні мәселелік тұрғыда құрастырылған және теориялық-методологиялық тұжырымдарға негізделген. Курс мазмұны осы қағида бойынша орта білім беру бағдарламасын қайталамауды көздейді. Хроногиялық шеңберін анықтауда Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы ұлттық идеялары мен қозғалыстар тарихы басшылыққа алынды. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын тұжырымдық және практикалық зерттеуде пәнаралық ұстанымдар қолданылады. Тарих ғылымының тұжырымдарын саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану сияқты өзге қоғамдық ғылымдардың методологиялық негіздерімен ұштастырудың маңызы айқындалған.

Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті. Мемлекеттің біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады.

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. Міне, сондықтан да бұл пән барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік жоспарларына енгізілген.  Пәннің негізгі бағыттары оқытушыларға ұсынылып отырған осы типтік бағдарламада көрініс тапқан.«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты – отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.

негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.

2. Кіші және Орта жүздердің Ресей құрамына енгеннен кейінгі кезеңдерде патша үкіметі Қазақ өңірінде біршама саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге бет алды. селитра қорларының бар екені ерекше атап көрсеткен.

Уақыт өткен сайын қазақ-орыс қатынастарының аумағы кеңейіп оның отарлық сипаты күрделене түскен. XVIII ғасырдың орта шенінде Ресей билеушілері елдің сыртқы саясатына ерекше назар аударып, бүкіл елде, оның ішінде Еділ-Жайық жағалауларында, Сібір мен Қазақстанда әскери бекіністерді қайтадан жабдықтауға кіріседі. Осы кезде Жайықтың оң жағалауында осындағы казактардың күшімен 14 қамал: Переволоцк, Татищев, Нижнеозерная, Рассыпная, Елек және Жайық қалашықтары, Сахарная, Калмыково, Көш-Жайык, Кулагино, Тополев, Бақсай, Гурьев қамалдары салынды. 1748 жылдан бастап мемлекет Үкімімен Жайық және осы өңірдегі шұрайлы жерлерде келімсек және казактарға хутор тұргызу ісі қолға алынды. Тек Орынбор түбіндегі хуторларда 1769 жылдың басында гарнизон әскерлері бар, отбасылармен қоса казактар мен қоныс аударғандар саны 15 мың адамға жеткен.

Қазақ даласын әскери шебімен біртіндеп қамту Ресей үкіметінің отарлауына кең мүмкіндіктер ашты. Әскери бекіністер шебінің бойында орыс, қалмақ, башқұрт-мешер халқы жылдан-жылға көбейді. Қамалдар салу едәуір еңбек қорларын (адам) талап етті, оларды азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі туды. Әскери бекіністер ауданының тұрғындарына астық өндіру үшін жер үлесі берілді. Уақыт өткен сайын бұл өңірлерде казак станциялары мен шаруа слободалары бой көтерді. Аталған шаралар жергілікті халықтың, дәстүрлі көшіп-қонатын жерлерін шектеп келімсек пен қазақтардың арасындағы қатынасты шиеленістірді, тіпті, өңірдегі шаруаға ең ыңғайлы қыстауларды біртіндеп хандар, сұлтандар, ру басы-старшындар иемденуіне кең жол ашылды. XVIII ғасырдың 50-шы жылдарынан бастап, көшіп-қонатын жерлерді ұлғайту туралы патша үкіметімен бейбіт келіссөздердің нәтижесін көрмеген қазақтар тыйым салынған жерлерге малдарын өз бетімен бағып жайды. Әскери бекіністерге жасалған шабуылдар мен қазақ ауылдарының жаппай ауа көшіп кетуін жер кыспағына қарсы наразылық екені анық бола бастады. Қазақтар Жоңғариядағы, Бұқар мен Ташкент түбіндегі бос жерлерге де қоныстануға әрекеттенді. 1757 жылы олар Кубаньға көшіп барған калмақтармен келіссөздер жүргізді, сөйтіп өздеріне Алтысу деп аталатын жерге көшу мүмкіндігіне де өтінді.

XVIII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап орталық үкімет шекаралық аймақтардағы қарулы күштерді көбейтіп, бұл жерлердегі қазақ арасында барлаулар ұйымдастырып, осындай шаралар арқылы орыс қамалдарын қаупсіздендіруге және жергілікті тұрғындарды "қорқытып әрі тиісінше бағындырып" ұстау саясатына шешімді бағыт алды. Осындай айлалардың бірі - барымтаны сылтауратып, патша үкіметі осы ауданда өзінің позицияларын нығайту үшін қазақтардың, Еділ қалмақтары мен башқұрттардың арасындағы ұлттық алауыздықты жүйелі ушықтыруға тырысты.

Отаршы үкіметінің қазақ арасындагы іс-қимылдары олардың жаулап алғаннан кейінгі алғашқы жылдарда жергілікті халыққа байланысты әжептәуір саясат жүргізді. Жерді пайдалану саласындағы шектеу шараларымен, әскери барлаулар, этнос-аралық қақтығыстар, тіпті ру-тайпа билеушілерін бір-бірімен қырылыстырумен қатар келіссөздер де жүргізіліп, сауда-экономикалық қатынастары жандандырылып отырды.

ХVIII ғ. мен ХІХ ғасырдың ортасында қазақ елінің шаруашылығы ерте заманнан табиғаттық және жағрафиялық ерекшеліктері мен тығыз байланысты қалыптасқан - көшпелі мал шаруашылығы болды. Яғни - өндіруші шаруашылықтың негізгі түрі экстенсивті әрдайым қозғалыстағы мал бағып өсіру болған, ал тұрғындардың басым көпшілігі көшіп-қонуға бейімделген. Көшпелі өмір салтының ерекшелігі мал азығы мен су көздерінің тапшылығы себепті малды жыл бойы жайып бағу еді. Көшіп-қонудың қашықтығы орта есеппен алғанда 50-100 шақырым, ал кейбір рулар (әлім, байұлы) 1000-2500 шақырымға дейін баратын. Көшпенділердің өмірінде қалыптасқан табиғат қорларын кысқы, көктемгі, жазғы және күзгі жайылымдарға пайдалану тәсілі каралып отырған кезеңде де сақталды. Жағрафиялық ортаның ерекшеліктері және ата-тектен келе жатқан мал табындарының түліктік құрамы да аса көп өзгеріске ұшыраған жоқ. ХVІII-ХІХ ғ.ғ. бүкіл мал арасындағы қой малының үлес салмағы орта есеппен оның 60 процентін, жылқылар-13, мүйізді ірі қара мал-12, түйелер-4 процентін құрады. Малдың түліктік құрамын реттеуде олардың шаруашылықтық (ет, сүт, жүн, күш) және қоғамдық-саяси өмірде (көлік, соғыс мақсаттары) көп қажетке пайдалану мүмкіндіктері маңызды роль атқарды. Осы кезде де мал шаруашылығының дәсүрлі екі түрі дамыды көшпелі ( қолдан жасалған су көздерін пайдалануға негізделген) және жартылай көшпелі ( табиғи шығатын су қорларын пайдалануға негізделген). Көшпелі мал шаруашылығы Маңқыстау өңірінде, Үстірт маңында, Батыс және Орталық Қазақстанның кейбір аудандарында кең тарады. Бұл өңірдегі қазақтардың ұстаған малының құрамында неғұрлым ширақ қимылдайтын -және төзімді түліктері (қойлар мен түйелер) басым болды, материалдық, мәдениеттің, барлық бұйымдары (киіз үй, тұрмыстық аспаптары) күнделікті өмір жайына және шаруашылығына сай келді.Жауын-шашыны мол, жыл бойы ағын суы сарқылмайтын өзендері бар, топырағы құнарлы аудандарда көшпелі мал шарушылығының өзге түрі қалыптасты. Оларға далалық және орманды-далалық өңірлердегі, тау бөктері мен биік таулы белдеулердегі өзендер мен көлдер маңайындағы алқаптар жатады. Басқа жерлермен салыстырғанда шөп шығымының жоғары болуы және су қорымен жақсы қамтамасыз етілуі бұл аудандар да малшылардың бір орында ұзақ қоныс тебуінің көшіп-қону машақатының сиреуін, орын ауыстырушылықтың шектелуін айқындап берді. Бұл өңірлердегі қазақтар мүйізді ірі қара мен жылқыларды көп ұстады. Малды жайып бағу әдісінде де өзіне тән ерекшеліктер байқалады: мал қыстататын тұрақты орындар болды, демек оларда тұрғын үйлер мен мал қоралары салынған. Мұндай мекендердің маңайында көшпенділердің бір тобы егіншілікпен және балық, аң аулаумен айналысқан. Шаруашылықтың бұл түрінің үлес салмағы, әсіресе, Шығыс және Солтүстік Қазақстанда орын алған.

Қазақтардың шаруашылығында егіншілікпен айналысу кәсібі тиесілі орын алған. Жер өңдеушілік мәдениетінің ошақтары әдетте Қазақстанның солтүстік батысында - Сағыз, Жем, Елек, Ырғыз, Утва және Ойыл өзені алқабындағы жерлерде, Мұғалжар тауынын аңғарларында; орталық Қазақстанда - Сарысу өзенінің орта сағасындағы алқаптарда; оңтүстікте - Сырдария, Қуаңдария және Жаңадария бойларында; солтүстікте - Есіл, Нұра және Торғай өзендерінін бойы мен тармақтарында; шығыс Қазақстанда - Шалба және Тарбағатай қыраттары мен Қарқаралы таулары бөктерінде; Жетісуда - Лепсі, Ақсу, Қаратал өзендерінің бас жағы мен Іленің орта сағалары болды. Осы аймақтардың жағрафиялық орналасуы, жер құрылысы, топырақ және табиғи ауа райының жағдайлары, су қорларының мүмкіндігі, көрші отырықшылықты-егіншілікті халықтармен мәдени-экономикалық байланыстардың күшейтілуі қазақ егіншілігінің дәрежесі мен аумағына, өсірілетін дақылдарын таңдауына, көршілерден агрономиялық тәсілдерді үйренуіне, егіншілік өнімдерін шаруашылық және басқа мақсаттарға орынды пайдалануына айтарлықтай әсер етті.Қазақтардың үй қожалығындағы неғұрлым кең тараған егіншілік дақылы - тары болған. Қолдан суарған және ауа-райы қолайлы кезіккен жағдайда одан жылына екі рет өнім алуға мүмкіндік болған; сондай-ақ қомақ және жаздық бидай өсірілді. Қазақстан жағдайындагы егіншіліктің қиындығына, егіншілік еңбегінің құралдарының және жер өңдеу тәсілдерінің карапайымдылығына қарамастан, жақсы реттелген суару топтары бар жерлерде дақылдардың түсімі әжептәуір жоғары болды. Кіші және Орта жүздердің кейбір қожалықтарында егіншіліктің даму деңгейі соншалық мол болғаннан қазақ астығы Ресей жәрмеңкелерінде сұранысты қанағаттандырып тіпті жылдан-жылға көлемі өсіп отырған. Тұтас алғанда егіншілік қазақ шарушылығында кең құлаш жайған жоқ, ол әрдайым косалқы, егіншілік кезектегі іс күйінде қалды. Қазақтардың шаруашылық тұрмысында аңшылық, балық аулаушылық, үйдегі қолөнер сияқты дәстүрлі тірліктер кең дамыған. Аңшылық тірліктердің едәуір бөлігі көшпелілердің ішкі тұтынуына (киім-кешек, азық-түлік) және сырттағы жәрмеңкелерге (Орынбор, Сібір т.б.) айырбас саудаларына өткізіліп тұрды. Қазақ арасында майда кәсіпкерлік: ағаш пен металдан түрлі бұйымдар, үй аспаптарын жасау тіршілік қамының маңызды кезі болған. Қазақ қолөнершілері ер-тоқым жасап, ағаштан ыдыстар жонып, ұсталар түрлі қарулар соғып, зергерлер мыстан, жезден жиектер қақтап, оларға асыл тастар қондырып және басқа ұсақ-түйек әсемдік заттар жасап шығару өнерін игерген.

Басқа елдер мен экономикалық байланыс және сауда айырбасы мал өнімінен түрлі заттарды жасау өндірісін дамытуға ықпал етеді. Мал терісі мен жүнінен бұйымдар жасап шығару, қой, жылқы, ешкі терілерін өңдеу, киіз басып, арқан есу арта түсті. Соның ішінде ешкі түбіті Орынбор көпестерінің үлкен сұранысына ие болды. Есіл, Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария өзендерінде, Каспий және Арал теңіздерінде бірте-бірте балық аулау кәсіпшілігі дамыды. Қазақ жеріне әскери көшпенділерінің келуі жалданбалы еңбекпен күн көрудің түрі - шекаралық желідегі келімсектерге жалданып жұмыс істеу болды. Бұндай жұмысқа әдетте отбасын асырайтын қаражаты жоқ шаруалар барды. Жарлы кедейлер сондай-ақ пошта нүктелерін көшір болып жалданды. Дән-дақыл, бау-бақшаларын өндеу үшін, кейде тіпті өнімнің жартысына жерін жалдамаға толық беріп, келімсектер жергілікті халықтың еңбегін пайдаланған. Қазақстан территориясында өнеркәсіптің дами бастауына байланысты кен орындарынан,ауылшаруашылық өнімдерін өндейтін зауыттардан, Илецкі тұз кәсіпшілігінен, Эльтон мен Басқұншақ көлдерінен, Коряков форпостынан жұмыс табу мүмкіндігі туды. XVIII ғасырдың өзінде-ақ қазақ елінін шекарасында саудада сұлтандар негізгі делдалдар болған еді. Олар Қазақстан аркылы Орта Азия мен Сібірге өтетін көшпелі орыс керуендерін қорғағаны үшін баж салығын алды. XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақтардын Ресей жерлерімен сауда-саттығы ұлғайды.

3. 1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%).XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған. XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.Темір жол.1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды. Өндіріс орындары және жұмысшылар.

1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді.

XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды.

Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет