12. Практикалық сабақ
Тарихи жадының сақталуы – тұлғаның сана сезімінің негізі мен қазақстандық бірігейліктің дамуы ретінде
1.1.Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында»
1.2.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және оның тарихи маңызы
1.3. Ұлы Дала елі - Тәуелсіз Қазақстан Ұлы дала елінің мұрагері
Бірінші сұрақ бойынша – Ұлттық тарих мәселелеріне арналған «Халық тарих толқынында» арнаулы бағдарламасының қабылдануы. Қазақстан тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқауында сапалық секірісті жүзеге асыруы. Қазақтардың ұлттық тарихының маңызын айшықтау. Ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи деректерді сараптау. Шет елдердегі зерттеулерді қолдану. Аймақтардағы мұражайлар мен тарихи орындарды жаңғырту туралы айту.
Екінші сұрақ бойынша – «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы. Оның мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары: рухани және білім беру жүйесін дамыту, мәдени мұраның сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Тарихи және сәулет ескерткіштерін жаңғырту. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру – фольклор, дәстүр, әдет-ғұрыптар. Мемлекеттік тілде гуманитарлық білімнің толық бағалы қорын құру туралы айту.
Үшінші сұрақ бойынша - «Тәуелсіздік толғауы» атты Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсанындағы сөйлеген сөзінің маңызы. Жаңа Қазақстан –ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала мұрагері.
Ұлытау ұлағаты. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбатының басты мәселесі. Елбасының қазақ тарихын Бәйтерекке теңеуі. Көне түріктердің мемлекеттілігі, Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида туралы айту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |