Пән теориялық (дәрістік) және тәжірибелік (семинарлар) сабақтарынан құралады. Теориялық курс негізгі принциптері: нақты-тарихи жағдайда алғашқы адам қоғамы дамуының негізгі бағыты мен факторларын анықтайтын тарихи танымның әлеуметтік негізін көрсету, тәжірибелік сабақтар студенттердің алғашқы адам қоғамы дамуының негізгі бағыттары мен факторлары және заңдылықтарын анықтау бойынша жасау дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Студенттердің өздік жұмыстарының негізінде
дәрістік оқуларды игере отырып, тәжірибе оқуларына дайындалу жатыр
Пәннің мақсаты
Қазақстаның ерте және ортағасыр тарихы бойынша ғылыми білімді қалыптастыру. Нақты тарихи материалдың негізіндегі курстың тарихы қазіргі Қазақстан республикасының территориясында адамзат қоғамының орнығу үрдісін, тарихи оқиғаларды объективті түрде, барлық қайшылықтарды, көрші елдер халықтарының тарихымен байланысы мен қарым - қатынасын ескере отырып, оның дамуын ашып көрсету керек