Тексерген: т.ғ. д., профессор Жұмағұлов Қ. Т



Дата26.09.2023
өлшемі51,29 Kb.
#110254
Байланысты:
Аманжолова Айнаш МӨЖ ҒҰН (1)


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих факультеті
МӨЖ
Тақырыбы: «Тарихнамадағы ғұндар тарихының мәселелері»

Кафедра: Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану


Мамандық: 7М02210- Тарих

Орындаған: Аманжолова А.Қ


Тексерген: т.ғ.д., профессор Жұмағұлов Қ.Т.
Алматы 2023

ЖОСПАР




КІРІСПЕ




  1. ҒҰНДАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІНЕ ҚАТЫСТЫ РЕСЕЙЛІК ТАРИХНАМАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР




  1. БАТЫС ТАРИХНАМАСЫНДАҒЫ ҒҰНДАР ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ




  1. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІ: ҒҰН ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ




ҚОРЫТЫНДЫ




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



КІРІСПЕ


Қазақ халқының қалып тасу және даму тарихи өте ұзақ және мыңжылдықтарға созылған ұзақ процесс болып табылады. Көне сақ тайпаларынан бастап қазақ хандығы қалыптасқанға дейін қазақ мемлекеттілігі қалыптасу дәрежесінде болды. Қазіргі Қазақстан тарихында мемлекеттілік мәселесі өзекті. Өйткені осыған дейін қазақ даласында өмір сүрген мемлекеттердің тарихын зерделеу біз үшін маңызды болып табылады. Мемлекеттілік мәселесін зерттегенде тәуелсіз сана мен еркін ой, сол халықтың өзі жазған тарихи деректері маңызды. Қазақ даласында кем дегенде мемлекеттіліктің 2,5 мың жылдық тарихы бар. Бізге тәуелсіздік өзінен-өзі келген жоқ, оның бастауы мен сабақтастығы ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Еуразия даласының ұлы көшпелі мемлекеттері өз кезегінде тіршілігін тоқтатқанмен, артына өшпестей мұра қалдырып отырған. Бұл дала мемлекеттерінің заңы еді. Сақтар, ғұндар, түрктер, қыпшақтар, кейінгі қазақ хандығы осы жүйемен өмір сүрген. Тарихта дала заңы бойынша алғашқы көшпелілер мемлекетін құрған ғұндар болатын. Олар негізін қалаған көшпелі мемлекеттердің құрылымы мен қоғамдық жүйесі, әскери-соғыс өнері кейінгі дала мемлекеттеріне өнеге болып қалды. Ғұндардың мемлекеттілігі жөнінде осы мәселелер қазіргі таңда өз маңыздылығын жойған емес. 


Бұл МӨЖ жұмысының да мақсаты ғұндар тарихының тарихнамасын талдау болып табылады. Біз бұл жұмыста ғұндар тарихына қатысты әр түрлі тарихшылардың еңбектерін хронологиялық және аумақтық бойынша бөле отырып жан-жақты талдаймыз.



  1. ҒҰНДАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІНЕ ҚАТЫСТЫ РЕСЕЙЛІК ТАРИХНАМАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрған, б.з.б. ІІІ б.з. ІІ ғасырларында Орталық Азияда орналасқан ғұн мемлекетінің тарихының зерттеле басталуы XVIII ғасырдан бастау алады. Батыс ғалымдарының ғұн мәселесіне қызығушылық туғызуы V ғасырда Атала бастаған ғұндардың Шығыс Еуропаға келуімен тығыз байланысты. XVIII-ХІХ ғасырлардағы ғұн мәселесін зерттеушілер негізінен ғұндардың шығу тегі және олардың батыс ғұндар мен байланысы, сондай-ақ саяси тарихын зерттеуге көп көңіл бөлді.
Кеңестік дәуірге дейін ғұндардың тарихы – Орталық Азияны мекендеген тайпалар қатарында айтылып, арнайы зерттеулер жазылған жоқ. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін, көшпелілер тарихы арнайы зерттелмегенімен, оларға қатысты археологиялық ескерткіштерде қазба жұмыстары жүргізіле бастады. ХІХ ғасырдан бастап зерттеле бастаған ғұн дәуіріне қатысты археологиялық ескерткіштерді Кеңестік және Ресейлік Теплоухов, Г.П. Сосновский, С.В. Киселев, А.П. Окладников, А.В. Да-выдова, П.Б. Коновалов, С.С. Миняев, С.В. Даниловтар, Моң-ғолияның Доржсурэн, X. Пэрлээ, Д. Цэвэндорж, Қытайдың Го Сусинь, Сюн Суньжуй, Жапонияның Эгами Намио, Като Сим-пей сияқты археологтары зерттеген. Бүгінгі күнге дейін аталған елдер аумағындағы белгілі болған 3500-дей обалардың 700-де қазба жұмыстары жүргізілген. Кеңес дәуірінде Бурятияның астанасы Улан-Уде маңынан табылған Иволгин қалашығын археолог Давыдова зерттеген. Ноинула обасына да қазба жұмыстары жүргізіліп, бірқатар тың мәліметтер алынды.Алғаш, 1925 жылы қарастырылып отырған мәселеге қатысты археолог-ғалым П.К. Козловтың экспедициясы барысында Ноинула ескерткішіне жүргізген қазба жұмыстары негізінде жарық көрген еңбегі жарияланды. 1947-1952 жылдары А.П. Окладников басқарған КСРО ҒА ғалымдары мен Моңғолия ғалымдары бірлескен Солтүстік Бурятия-Моңғолияға жасаған археологиялық экспедициялары нәтижесінде бұрын қытай деректерінде айтылған мәліметтерді толықтыратын ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығына, әскери өнері мен көрші халық-тарымен этникалық, сауда және басқа да қатынастары жөнінде тың мәліметтер жинауға мүмкіндік туды.
Кеңес дәуірінде көш пелілердің қоғамдық құрылымы кең түрде зерттеліп, тарихты маркстік-лениндік концепция бойынша таптық көзқарас негізінде кезеңдерге бөлуге сай «көшпелі феодализм» жайлы пікір-таласқа ұласып жатты. 1930 жылдары кеңестік әдебиеттерде бес сатыдан тұратын формациялық кезеңдеу толықтай күшіне енді. Алғаш 1934 жылы археолог С.П. Толстов ғұндарда классикалық құлдық қоғам болды. Негізен «құлдар қолға түскен қытайлардан құрылып, егін шаруашылығымен айналысты» деген пікірді ұсынды. Ғұн мәселесін зерттеген келесі бір ғалым А.М. Бернштам болды. 1951 жылы шыққан А.Н. Бернштамның «Очерк истории гуннов» атты еңбегінде тарихқа таптық тұрғыдан қарау көзқарасы анық көрініп тұрды. Монографияның кіріспе бөлімінде ғұндардың шығу тегі мәселесі сөз болды. Жалпы ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы көшпелілер тарихын зерттеген жекеленген ғалымдар Батыс және Шығыс ғұндардың шығу тегі екі бөлек де-ген пікір білдірді. Ал ғалымдардың негізгі бөлігі шығыс ғұндар батысқы жылжу арқылы Еуропаға жетті деген пікір білдірді. Осы мәселе аясында ғұндардың батысқы жылжу бағыты зерттеле бастады.
Бернштамның өзіне дейінгі ғұн мәселесіне қалам тартқан зерттеушілердің еңбектерін саралай келіп, ғұндардың шығу тегі жайлы 4 бағытты ұсынады. Олар: А) «Ғұндар монғол тектес болды» деген ба-ғытты қолдаушылар қатарында П. Паллас, Н. Шмид, Н.Я. Бичурин, К. Нейман және т.б бар. B) «Ғұндар түркі тілдес болды» деген ұстанымды Абель Ремюза, Ю. Клапрот, Ф. Мюллер, В.В. Радлов, Л.Н. Гумилев қолдады. C) «Ғұндар фин угор тектес» деген көзқарас негізінен фин ғалымдары: М. Кастрен, Коски-нен, П.К. Усларлар ұстанған. D) «Ғұндар славян тектес» ұстанымын ХІХ ғасырдағы Ресей зерттеушілері Д.И. Иловайс-кий, Д. Венелин, А. Вельтмандар қолдаған [1, 27б.]. Аталған еңбек екі тараудан тұрады. Aвтор бірінші тарауда Бурятия және Солтүстік Моңғо-лиядағы ғұндардың археологиялық ескерткіштеріне жүргізілген қазба жұмыстары негізінде оларда әлеуметтік теңсіздік болғанын, ғұн қоғамы бірнеше тапқа бөлінгенін атап көрсетті. Екінші тарауда, батыс ғұндар жайлы жаза отырып, Рим империясындағы құлдық қоғамның ыдырауына көшпелілердің жорықтарының тікелей әсер болғандығын айтады. «Көшпелі қоғамда таптық қоғам болды» деген көзқарас қытай деректері бойынша білікті маман саналатын Е.И. Кычановтың еңбегінде ерекше көзге түседі [2, 356 б.]. Оның концепциясы бойынша көшпелі мемлекет тек қана қорғану мен шабуылдау құралы болумен қатар, бекзадалар мен ауқатты топтың өздерінен кедей тұратын тайпаластарының үстінен билік етудің тетігі болған деп көрсетіледі.
Ғұн мәселесіне қалам тартқан келесі археолог – С.В. Киселев еді. Ол ғұндарда мемлекеттіліктің алғашқы формасы көрініс тапқанын атап көрсе-тіп, ішкі теңсіздіктің алғашқы көрінісі байқалатынын, «тонаушылық жорықтарда негізінен ру басылары мен шаньюлар байып отыратынын» жазады. Жалпы, 1950-1960 жылдары жазылған еңбектерде «ғұндар қоғамы алғашқы қауымдық құрылыстан «әскери демократиялық» жүйеге өту кезеңіндегі қоғам ретінде қарастырылады. Қазақстан археолог-ғалым А.К. Ақышев 1977 жылы Қазақ КСР тарихы (ежелден бүгінгі күнге дейін) оқулығында «ғұндар тайпалық қауымнан ерте таптық қоғамға өту сатысында қоғам» түрінде сипатталады [3, 258 б.]. 1960 жылдары жарық көрген М.И. Рижский мақалаларында ғұн қоғамы «мемлекеттік типтегі тайпалар бірлесті-гі» түрінде бағаланады [4, 342-353 бб.]. Ғұн қоғамын неғұрлым прогрессивті тұрғы-дан бағалаған көпшілікке аса таныс емес ғалым Г.П. Сосновский еді. Ол өзінің Ұлы Отан соғы-сына дейін жазылған, алайда баспасөз бетінде жарық көрмеген ғұндар жайлы еңбегінде «Орталық Азиядағы мемлекеттің барлық белгілері көрініс тапқан бірінші көшпелі империя» деген пікір білдіреді. 1960 жылдардағы «жылымық» кезең тарихи зерттеулерге де өзінің ықпалын тигізді. Осы жылдарда көрнекті түркітанушы Л.Н. Гумилев өзінің «Хұнндар» еңбегін жариялады. Ол өз ең-бегінде «ғұн қоғамы «тайпалық бірлестік» емес, керісінше 24 рудан құралатын жеке тайпа, ру-басылары «тең адамдардың алдыңғы қатарында болды» деп көрсетті. Алтай өңірінде ғұн тайпаларына қатысты «Пазарық» қорғанын зерттеген археолог С.И. Руденко «ғұндарда «әскери демократиялық жүйе» болды» деген пікір білдіреді [5].
1970 жылдары бірінші жартысында жарық көрген B.C. Таскин, А.В. Давыдовалар еңбектерінде ғұн қоғамы «ертемемлекеттік сипатта» болды деген пікір білдіріледі. B.C. Таскин қытай деректерін аудара отырып, өзінің еңбегінде ғұн мемлекетін «әлі таптық қоғамға жетпеген, әрі авторитетті билік орнамаған, ру-тайпалық белгісі анық көрінетін жүйе» ретінде сипаттай келе, ғұндардың шаруашылығы, империяның әкімшілік-саяси құрылымы, басқару жүйесі, жайылымдық жер мен малға меншік түрлері туралы маңызды тұжырымдарын ұсынады. Ғұндар жайлы келесі бір пікір білдіруші А.М. Хазанов скифтер мен ғұндардағы мемлекеттік құрылымдары ұқсастығын көрсете келіп, «ертемемлекеттік сипатта» болғанын айтады және аталған мемлекеттер көрші отырықшылықпен айналысатын халақтарға шабуыл жасау арқылы оларды салық төлеуге мәжбүрлейтінін» атап көрсетеді [6, 25б.]. Кейінгі жылдары ғұндар жайлы жазып жүрген ғалымдардың арасында В.В. Трепавловты атап өтуге болады. Ол ғұндар мен басқа көшпелі тайпаларда «ерте мемлекеттік сипаттағы құрылым болғанынымен келісе отырып, Орталық Азиядағы көшпелілер мемлекеттерінде ғұндардан бастап кейінгі көшпелілерде «мемлекеттік дәстүрдің» жалғастық табатындығын растайды. Ежелгі көшпелі мемлекеттер жайлы пікірді жалғастыра отырып, А.И. Мартынов Оңтүстік сібір мен Орталық Азиядағы көшпелілер (дин-линдер, юечжилер, ғұндар) өздерінің дамуы барысында «жабайылықтан» өзіндік ерекшелігі бар «дала өркениетінің» негізін салушылар болды деген прогрессивті пікірін білдіреді. Ғұндар жайлы оң пікір білдірген ғалымдар арасында ерекше көзге түсетіні – көшпелілердің тарихын зерттеуші С.А. Плетнева. Ол ғұн мемлекеті «көшпеліліктен қалалыққа» бейімделген далалық феодализмнің көрінісі бола отырып, «өзінің дамыған жартылай отырықшы экономикасы, тұрақты әскері, қатал заңы, мемлекетте шенуіктердің ұрпақтан ұрпаққа берілетін иерархиялық жүйесі, жазуы мен біртұтас діни жүйесі бар» құрылымы бар дәстүрлі қоғам екендігін мойындайды [7].
Көрнекті шығыстанушы, Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар кезеңіне қатысты ең-бектер жазып жүрген Санкт-Петербург ғалымы С.Г. Кляшторныйдың Т.И. Султановпен бірлесе жазған «Казахстан летопись трех тысячилетие» еңбегінде «ғұн мемлекеті, өзінің қоғамдық құрылымына сай, қатаң иерархиялық жүйеге негізделген құрылым болды» деп атай келіп, б.з.б. V-ІV ғасырлардағы жундардың әскери демократиялық жүйесінен бастау алып, көрші тайпалық бірлестіктер мен қытай патшалықтарымен өмір мен өлім үшін күрес жүргізді. Мемлекеттің негі-зін салушы мен оның мұрагерлері «барлық садақ тарта алатын» халықтарға билік жүргізе отырып, «шымнан салынған үйлерде тұратын халықтардан» басым түсуді өзіне басты мақсат санады. Мұндай мемлекет бір орталыққа бағынған, әскери-әкімшілік қағидаға негізінде құралған империя түрінде ғана өмір сүре алатын еді» деп баға береді. Көшпелі тайпаларға қатысты соңғы жылдары жазылған еңбектер қатарында Е.И. Кычановтың монографиясын атап өткен жөн. Ол «көшпелі мемлекеттердің» қалыптасуы мен дамуын скифтер мен ғұндардан бастай отырып, маньчжурларға дейін сипаттай отырып, «ғұндарда мемлекеттіліктің қалыптасуы ішкі дамудың нәтижесінде болды» деп оң баға береді. 
Қазіргі кездегі посткеңестік елдердің ғалымдары ішінде ғұн мәселесін терең зерттеп жүрген зерттеуші Н.Н. Крадин. Оның Орталық Азияның көшпелілеріне арналған бірнеше монографиялары бар. Соның ішіндегі ең құндысы, әрі бүгінгі күнде ғұн мәселесіне арналған бірден-бір зерттеу жұмысы болып табылатын «Империя Хунну» еңбегі. Автор өз еңбегінде өзіне дейін ғұн мәселесіне қалам тартқан барлық ғылыми еңбектерге талдау жасай келіп «Хұн мемлекеті Орталық Азиядағы бірінші көшпелі мемлекет болды» деген тоқтамға келеді. [8]. Келесі бір Ресей ғалымы Р.Н.Безертинов «б.з.б.ІІ ғасырында Солтүстік-Шығыс Азия-да бір орталыққа бағынған екі мемлекет: Хань әулеті мемлекеті (Қытай) және Хұн империясы орналасты» деп көрсете келіп, «Қытай сияқты алып мемлекетке қарсы тұру үшін көшпелілерде біріншіден, өзін-өзі қамтасыз ете алатын шару-ашылығы, екіншіден – күшті әскері, үшіншіден халықты біріктіретін ортақ идеологиясы және біртұтас дүние танымы мен діні болу керек» болды деген көзқарас білдіреді [9]. Ғұндарда осының барлығы болды. Үш жүз жылға созылған теке-тірес күрестің соңы «Аспан асты елі» пайдасына шешілгенін бәріміз тарихтан білеміз. Осы жерде соңғы он жылдықтарда Ресей тарихшылары Кеңестік дәуірден қалған көшпелілерді - «варварлар» ретінде қарау көзқарасынан бас тартып, Еуразия тарихында көшпелілердің алатын орнына оң баға беріп жатқанын көруге болады. Бұл көзқарастың кең етек ала бастағанына бүгінгі Ресейдің геосаяси жағдайында Қиыр Шығыста орналасқан көршісі Қытайдың күш қуатының күн санап артып келе жатқанымен де байланысты болуы мүмкін. 


  1. БАТЫС ТАРИХНАМАСЫНДАҒЫ ҒҰНДАР ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ғұндар мемлекетінің тарихын зерттеуде батыс зерттеушілері де біраз еңбектер жазған болатын. Соның ішінде ағылшын тілінде жарияланған, Батыс тарихнамасына ең көрнекті үлес қосқан тарихи зерттеулер Бұл Рене Груссе, Эдуард Артур Томпсон, Отто Дж. Маенхен-Гельфен, Кристофер Келли болды. Қарастырылған шығармалар ғұн мәселесіне авторлық көзқараспен ерекшеленеді. Бір жағынан, бұл - Орталық Азияның ең ұлы тұлғалары-Аттила, Шыңғыс хан, Тамерланға көзқарастарын белгілі бір таңданыспен ұштастыра отырып, салмақты, сабырлы талдау болса, екінші жағынан, бұл ғұндарды жай ғана паразиттік қарақшылар, тонаушылар және бопсалаушылар ретінде бағалау болып табылады. Көзқарастағы белгілі бір айырмашылықтарға қарамастан, Р. Груссе де, Э. А. Томпсон да, Отто Маенхен-Гельфен де, К.Келли де, басқа батыстық шығыстанушылар сияқты, ғұндар Еуропа тарихында маңызды рөл атқарды деген пікірді ұстанады.
Орталық Азия тарихының ірі зерттеушілерінің бірі-француз тарихшысы Рене Груссе. Оның "Дала империясы" кітабы алғаш рет Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Францияда жарық көрді, 1939 жылы оның ағылшын тіліндегі басылымы 1970 жылы АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ратгерт университетінің баспасында жарық көрді [10]. Бұл жазбада Р. Груссе маньчжуриядан Будапештке дейін созылған дала империялары туралы айтады. Француз тарихшысы сол уақытқа дейін жинақталған материалды жинақтап, Орталық Азия тарихына арналған көптеген мәселелерді қамти алды. Кітапта дереккөздердің көлемді массивіне сүйене отырып, ежелгі дәуірден бастап XVIII ғасырға дейінгі Ұлы дала өмірінің егжей-тегжейлі сипаттамасы берілген.әңгіме еуропалық, қытайлық, парсы және басқа да көптеген дереккөздерді тартқан автордың зерттеулеріне негізделген.
Р. Груссе өзінің "Дала империясы" атты еңбегінде - ғұндар туралы өте егжей-тегжейлі баяндайды. Ол ғұндардың тарихын б.з. д. 300 жылдан бастап V ғасырда Аттила бастаған Еуропаға басып кіргенге дейін баяндайды. Е. Қытай тарихшысы Сум-ма Чиннің мәтіндеріне сүйене отырып, Груссе ғұндардың шығу тегін Қытайдың солтүстігінде өмір сүрген гсиен-ну халқынан шығарады [10].
Гсиен халқын сипаттай отырып, Груссе олардың саяси иерархиясы, физикалық келбеті туралы айтады. Ол шаруашылық, өмір салты, киім, дәстүр, әскери стратегия және ғұндар мен скифтердің тактикасында параллельдер табады. Француз тарихшысы олардың әскери-саяси тарихына басты назар аударды, ол ғұн көшбасшысы Аттиланың дүниежүзілік тарихтағы рөлі мен маңыздылығын Шыңғыс хан мен Тамерланмен салыстырады. Р. Груссенің "Дала империясы" кітабы тарихшылардың жоғары бағасына ие болды. Н. Гумилев бұл шығарманы ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы еуропалық шығыстанудың шарықтау шегі деп санады.
Ғұндар тарихының беделді зерттеушілерінің бірі - британдық классик және медиевист Эдуард Артур Томпсон. Ол өзінің ғылыми дамуында тарихи процестің марксистік көзқарасына сүйенді. Оның 1948 жылы Ұлыбританияда жарияланған "Аттила мен ғұндар тарихы" монографиясы болды. 1999 жылы бұл кітап “The Huns” ("Ғұндар") деген атпен қайта басылды. Оның пайымдауынша, ғұндардың тарихы сөзсіз қызықты, бірақ олардың Рим империясымен қарым-қатынасы оның үлкен қызығушығын тудырады [11].
Э. А. Томпсонның кітабы Еуропадағы ғұндардың алғашқы шабуылдарынан бастап, Аттила қайтыс болғаннан кейін Ғұн империясының күйреуіне дейін баяндайды. Бұл жұмыс 8 тараудан тұрады. Бірінші тарауда Британдық профессор тақырып бойынша негізгі дереккөздерге сыни талдау жасайды. 2-6 тарауларда ол ғұндардың Аттилаға дейінгі тарихы, олардың осы кезеңдегі әлеуметтік құрылымы, әскери жеңістері мен жеңілістері, римдіктермен дипломатиялық қатынастары туралы баяндайды. 7-тарауда Аттила кезіндегі ғұндар қоғамы, 8 - тарауда Рим империясының сыртқы саясаты және онымен бірге ғұндардың орны туралы айтылады. Қорытындылай келе, ол Еуропа тарихындағы ғұндардың маңыздылығы мен Аттиланың қолбасшы және билеуші ретіндегі рөліне жалпыланған сипаттама береді.
Томпсонның зерттеуін бұрынғы ұқсас жұмыстардан айтарлықтай ерекшелендіретін нәрсе-оның пайдаланылған дереккөздерге сыни сипаттамасы, ол оларды егжей-тегжейлі талдайды және археологиялық дәлелдердің шектеулілігі туралы айтады. Алайда, британдық зерттеуші тек еуропалық жазбаша құжаттарға сүйенеді және олардың мағынасын асыра айтады: «ғұндардың тарихын зерттей отырып, біз тек грек және Рим саяхатшылары мен тарихшыларының айғақтарына сене алатынымыз анық» дейді, "Дереккөздерді таңдауда Томпсон Аммианус Марцеллинустың "Тарихын" кеңінен қолданады, ол туралы ол өте жоғары пікірде болды.
Ғұндар тарихында жарияланған ең іргелі еңбектердің бірі-австриялық шығыстанушы, тарихшы, жазушы және саяхатшы Маенхен-Гельфеннің "Ғұндар әлемі. Олардың тарихы мен мәдениетін зерттеу" атты еңбегі болды. [12]. Профессор Отто Маенхен-Гельфен көптеген жылдар бойы ғұндар мен онымен байланысты халықтар тарихының ауқымды мәселесіне назар аударды. Маенхен-Гельфен ғұндар тарихы бойынша дереккөздерді қатал, ғылыми негізделген сынға алу қажеттілігін атап көрсетеді. Ол бұл халықты басынан бастап еуропалық шежірешілер қаралаған және жын-перілерге айналдырған деп есептеді (бұл терминді Отто Маенхен-Гельфеннің өзі енгізген), олар оны шығыстан келген варварлардың көрінісі деп сипаттады, сондықтан оларға қырағылық өте қажет болды, Отто Маенхен-Гельфен жеккөрушілік, көптеген батыс еуропалық, украиндық авторлардың ғұндарға деген қорқынышы туралы сыни пікір айтады. Сонымен, Аммианус Марцеллинустың жанып тұрған жеккөрушілігі Отто Маенхен-Гельфеннің өзі өз жазбасында осы Рим тарихшысының ғұн тарихын зерттеуге қосқан үлесін ашады. Ол былай деп жазады: "ол (Аммианус Марцеллинус) және төртінші және бесінші ғасырлардағы басқа авторлар ғұндарды біз әлі күнге дейін көріп отырған жабайы құбыжықтар ретінде бейнелеген. Жеккөрушілік пен қорқыныш ғұндардың төменгі Дунайда пайда болған кезінен бастап суретін бұрмалады. Бұл тенденция толық түсінілгенге дейін - және бұл сирек кездеседі-әдеби дәлелдер дұрыс оқудан бас тартылды" сондықтан ол өз зерттеулерін әдеби дереккөздерді сыни тұрғыдан талдаудан бастайды.
Соңғы уақыттағы ағылшын тіліндегі ғылыми әдебиеттердегі ғұндар тарихындағы ең көрнекті еңбектердің бірі - Британдық тарихшы Кристофер Келлидің "Империяның соңы: Хун Аттила және Римнің құлауы" атты зерттеуі. Кітап төрт бөлімнен тұрады [13].
К. Келлидің зерттеуінің жаңалығы-ол Аттиланың данышпан әскери қолбасшы ретіндегі бейнесін қалпына келтіруге тырысты, ол қатал шабуылдар арқылы көрші елдерді жаулап алудан гөрі өз халқының игілігі үшін стратегиялық одақтар құруға бейім болды. Сонымен, автор Рим генералымен ұзақ қарым-қатынасы туралы, Рим императорының әпкесі Гонорияның Аттилаға үйленуге уәде бергені туралы айтады. К. Келлидің зерттеуіне дейін бұл оқиғалар тарихи әдебиетте іс жүзінде қамтылмаған.
Ғұндардың тарихы, олардың аты аңызға айналған жетекшісі Аттиланың тұлғасы әлі күнге дейін батыстық зерттеушілерді қызықтырады, осы тақырып бойынша әр түрлі тілдерде көптеген ғылыми еңбектер үнемі жарияланып отырады. Жұмбаққа айналған көшпенділер ғұндар, олардың дәуірі мен әлемдік тарихтың барысына әсері тарихшылардың санасын ұзақ уақыт бойы толғандыратыны анық.

  1. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІ: ҒҰН ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан тарихшылары да Орталық Азияны ежелгі және ортағасырларда мекендеген көшпелі тайпалардың тарихын зерттеуге үлкен көңіл бөліп келеді. Бұған Кеңестік дәуірде тарихшылар тек қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген тайпаларды ғана өз мемлекетінің тарихымен байланыстыруы себеп болған сияқты. Ал шындығында қазақ халқын құраған тайпалардың көбі бастапқыда Орталық Азия аумағын мекендеп біртіндеп осы күнгі территорияға қоныс аударған. Мұндай этностардың қатында ғұндар, көне түркі тайпаларыын, кейін-гі керей, найман, қоңырат, жалайыр және т.б. тайпаларды атап өтуге болады. Көшпелі тайпаларды зерттеуде этнолог Н.Э. Масановты атап өтуге болады. Ал «көшпелі өркениет» деген ұғымды алғаш қолдана бастаған Ә.Х. Марғұлан, К.А. Ақышевтер болды. Ал археолог К.М. Байпақов «дала өркениеті мен өр-кениеттер» деген ұғымды пайдаланған дұрыс деген пікір білдіреді. Көшпелі қоғам мәселесін зерттеумен айналысып жүрген Ж. Артықбаев «Әлем тарихын зерттегенде, көбіне Шығыс пен Батыс мәселесі айтыла келіп, осы екі өркениетті байланыстырушы Ұлы дала мәселесі үнемі назардан тыс қалып отыратынын» атап көрсетеді [14.].
Қазақ ғалымдарының ішінде ғұн тарихын жан-жақты қарастырған ғалым-тарихшы Қ. Салғараұлы. Соның ішінде ғұн мемлекеті, жалпы көшпелілер мемлекеттілігі жөнінде жаңа өзіндік көзқараспен, тың пікірлерді ғылыми ортаға салады. Бұрыннан қалыптасқан еуроорталықтық кереғар ұстанымдардың бет-пердесін ашып, оны өзіндік болмыспен зерттеуге тырысады. Ғалымның «Ұлы Қағанат» деген көлемді еңбегінде өзекті мәселелерді көтереді. Олардың ішінде сиуңну империясының құрылуы, мемлекеттік билік тармақтары, шаньюй сөзін жан-жақты қарастырып түсініктеме береді [15].
Қазақстандық ғалымдар ғұн мәселелерін жан-жақты зерттеуде. Алайда ғұн тайпалық одағының тарихының тек азиялық кезеңі көп қарастырылған, ал Еуропалық ғұндар мәселесі назардан тыс қалған болатын. Бұған кеңестік және шетелдік тарихнамада ұзақ жылдар бойы қалыптасқан «Еуропа мәдениетін талқандаушы», «жабайы» тағы басқа ұғымдар дәлел. Бүгінгі қазақстандық ғалымдар мәселенің осы жағына баса назар аударып отырғаны байқалады. Атап айтар болсақ, осы тақырыпта зерттеулер жүргізіп жүрген тарихы ғылдарының докторы, профессоры, Германияның Гетинген Университетінің құрметті профессоры Қ.Т.Жұмағұлов. Тарихшы ғұндар тарихына, әсіресе олардығ Еуропадағы кезеңіне қатысты, атақты ғұн билеушісі Аттилаға қатысты көптеген ғылыми мақалалардың авторы [16], [17], [18].
Бүгінгі күнде «көшпелілер – өркениетті бүлдірушілер» және «көшпелілер – өркениетті байланыстырушылар» деген қос көзқарас қатар қол-данысқа ие болып келуде. Отандық тарихшылардың еңбектерінде ғұдар тарихын зерттеу кенже қалып келе жатқан мәселелердің қатарынан табылады. Өйткені, ежелгі Ғұн мемлекеті қазіргі Қазақстан аумағынан тыс жерде орналасқандықтан, зерттеу обьектісінен тыс қалып қалу үрдіске айналған. ҚР ҰҒА Ш. Уалиханов атындағы тарих және эт-нология институты дайындаған бес томдық Қа-зақстан тарихында аталған мәселені профессор К.Ақышев жазған. Орталық Азияны мекендеген ғұн тайпалары мәселесі – қазақ халқының этникалық тарихын зерттеген профессор Т.О. Омарбековтің еңбектерінде, жекеленген мәселелер тарихшы Е.Н. Нояновтың ғылыми мақалаларында көрініс тауып жүр. [14]. 2013 жылы ҚР Мемлекеттік Хатшысының «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасына сай университетте ашылған, директоры профессор Т.О. Омарбеков болып табылатын «Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерделеудің Республикалық ғы-лыми-зерттеу орталығы» Еуразия даласын мекендеген ежелгі тайпалардан бастап, Кеңес дәуі-рінде көшпелі тайпалардың отырылықшылыққа көшуінен туындаған дағдарысқа дейінгі мәселелерді зерттеу қолға алынып отыр. Қарастырып отырған мәселеге қатысты тың көзқарастағы еңбектер жарық көреді деп күтілуде.


ҚОРЫТЫНДЫ


МӨЖ жұмысымды қорытындылай келе, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі жаңа даму жолына түсу кезеңінде, тек саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірде ғана емес, қоғамның басқа салаларында жаңа бетбұрыстар кезеңі басталды. Осы орайда қазақ халқының тайпалар мен мемлекеттер тарихы аса қызығушылықтар туғызуда. Міне осыған байланысты да ғұндар тарихының зерттелу кезеңдері, әр кезеңнің жетістіктері мен кемшіліктері сараланып, талданып отыр. Ұлттық сана сезімнің оянуы, ұлттық тарихымыздың шынайы түрде жазылуын қажет етеді. Өйткені ғұн тарихы біздің еліміздің тарихын, мәдениетін таныстыратын тарих.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Бернштам А.Н. Очерк истории гуннов. – Л., 1951. – 228 с.

  2. Кычанов Е.И. Очерки истории тангутского государства. – М., 1968. – 356 б.

  3. Акишев К.А., Курган Иссык. Искусство саков Казахстана. – М.: Искусство. 1978. – 285 с.

  4. Рижский М.И. Гунны в Забайкалье // История Сибири. Т.І / отв. ред. А.П. Окладников. – Л., 1968. – С. 342–353.

  5. Руденко СИ. 1962. Культура хуннов и ноинулинские курганы. – М.; Л.: АН СССР. С. 66–70.

  6. А.М. ХазановКочевники и внешний мир. // Изд. 3-е, доп. Алматы: Дайк-Пресс. 2002

  7. Плетнева С.А., Кочевники средневековья. Поиски исторических закономерностей. – М.: Наука, 1982. – С. 85–87.

  8. Крадин Н.Н., Империя Хунну, изд 2-ое. – М.: Лотос, 2001. – 312 с.

  9. Безертинов Р.Н. Китай и кочевой мир. – Казан, 2011.

  10. Grousset Rene. The Empire of the steppes. A history of Central Asia. Rutgers university press, 1970. p. V.

  11. Томпсон А. Гунны. Грозные воины степей. М.: ЗАО Центрполиграф, 2008, с.

  12. Maenchen-Helfen Otto. The world of the Huns. Studies in their history and culture. University of California press, Berkeley, 1973, p. XVI.

  13. Кристо­фера Келли “Конец империи: Аттила Гунн и падение Рима” Norton, New York, 2009.

  14. Артыкбаев Ж. Казахское общество:традиции и инновации. – Астана, 2003. – 106 с.

  15. Қ.Салғараұлы. Ұлы Қағанат. Астана: «Фолиант» — 2008. 552 б

  16. Жумагулов К.Т. Гунны в европе к современной постановке и трактовке проблемы. // Вестник КазНу, серия историческая 1998, N°4. С. 3-10.

  17. Жумагулов К.Т. Проблемы, исследования Евразийской истории. Историческая наука в ХХ веке. /Материалы международных бекмахановских чений 24-25 мая 2001 года /. Алматы, 2001. ч.2., С. 120-

  18. Жумагулов К.Т. Гунны в Европе // Наука Казахстана. 198, 18-30 ноябрь.

  19. Ноянов Е.Н. Орталық Азия көшпелілері өркениетінің тарихы. Орталық Азия көшпелілері: этнотерриториясы мен мемлекеттілігінің мәселелері: 1том, Қазақ университеті ", 2016


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет