Ќазаќстан Республикасы Білім жєне Ѓылым министрлігі


Бастауыш мектеп оқушыларының тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін пайдалану әдістері



бет7/13
Дата02.06.2022
өлшемі225,5 Kb.
#36183
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Диплом ж мысы та ырыбы (1)

Бастауыш мектеп оқушыларының тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін пайдалану әдістері
Болашақ ұстаздарды институт қабырғасынан бастап парасат билігіне, рухани өмірдің әдемі әлеміне жетелеу-ұлттық асыл қасиеттер мен мұраларды педагогикасымен ұштастыру сабақ беріп жүрген ұстаздардың, топ тәлімгерлердің міндеті. Біздің қазіргі мектептерде ”тәрбие жұмысының әдістемесі” сабағында ұлттық тәрбие беру дәстүрлері басшылыққа алынған. Бұл істің сарқылмас көзі-халықтық педагогика. Халықтық тәлім-тәрбиенің басты ерекшелігі өмірмен тығыз байланыстылығында.
Қазіргі уақытта оқу-тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден-бір жолы ғылым негіздерін беріп білумен қатар, сол білімді алуға ынталықты, яғни, студенттердің танымдық қызығуын ояту, шығармашылық белсенділігін арттыру. Терең қызығу студенттердің өз бетінше жұмыс істеуі нәтижесінде пайда болады.

О
қушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың халықтық педагогика негізіндегі үлгісі



Тәрбиелеу әдістері
Сенім; үлгі-өнеге көрсету; талап қою; бұйрық; түсіндіру, ұғындыру, мысал арқылы дәлелдеу, көзін жеткізу; әңгімелеу, шешендік өнер үлгілері; сенім, ырым-жырым, наным; тұспалдау, жанамалап ұғындыру; айту; өткір сөз; әзіл-сықақ, әжуа, өкпе-наз арқылы білдіру; жаттығу, үйрету; тілек, бата, алғыс айту; кеңес беру, қолдау, ылдау; ишарабпен, жұмбақтап, қимыл-қозғалыспен көрсету; жоратпау; тыйым салу,жазалау, ұрсу, жеку, қорқыту, сабау, қарыс, ұлттық ойын, жарыс сабақ.



Тәрбиелеу факторлары


Халық педагогикасының негізгі қағидалары



  • тәрбиенің халықтық сипаты;

  • табиғилығы;

  • еркін тәрбиелеу;

  • еңбекпен байланыстығы;

  • еңбек арқылы тәрбиелеу;

  • тәрбие ісін баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру;

  • ата-ананың, ұстаздың жеке басының үлгісін ескеру, өскен ортаның ықпалын, өнегесін пайдалана білу;

  • өмірмен байланыстыру;

  • қатаң талап қою, жеке басты құрметтеу;

  • баланың қажеттіліктерін дер кезінде байқап, дұрыс жолға салу.

Болашақ ұстаздарды сабақ оқыту барысында оқушылар арасында халықтық тәлім-тәрбие негіздерін насихаттауға және тәрбие сағаттарын ұйымдастыруға үйрету мақсатын көздейді.
Болашақ ұрпағымызды тәрбиеленде, - дейді Елбасы Н.А.назарбаев, - оларға жастайынанимандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы дамыған,Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз.
Халықтың падагогиканы насихаттауда бастауыш мектептерде барлық мүмкіндік жасаған. Әрбір кабинеттің төрінен халқымыздың небір ғұламалары мен ел билеген хандары мен билерінің, батырлары мен шешендерінің, ақыл-жазушыларының суреті мен нақыл сөздерін тамашалай аламыз.
Ұлтымыздың тәлім тәрбиесін ұрпаққа жеткізу-әрбір ұстаздың алдына қояр негізгі талабы.
Шәкірттерге ұлттық негізде сапалы тәрбие мен білім беруге сіздердің, болашақ ұстаздар мүмкіндіктеріңіз бар. Тек ұстаған сара бағытымыздан ауытқымай, оны жаңарта, дамыта түскеніміз ләзім. Бүгінгі уақыт талабы ұстақ қауымынан осындай тың ізденіс пен башыл іскерлікті талап етеді.
Ұлттық сананың оянып, рухани дамудың жамдануы соңғы кездері жанжақты сипат алып келеді. Тілін ұмытып, діннен безген жас ұрпақты оң жолға бағыттаудың, оларға тәлім-тәрбие берудің қажеттілігін өмір өзі көрсетіп отыр.Ұлттың болашағын ойлаған қазақ зиялылары мен ұстаздар қауымы бастауыш сынып оқушыларына халқымыздың ежелден келе жатқан үлгі-өнегесі бойынша тәрбиелеу қажеттілігіне қатты назар аударуда.
Халық педагогикасы негізгі түйіні – еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді жас ұрпақ бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру. Салт әрбір ұлттың ұрпақ тәрбиесінен, мәдени жұмысы мен тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүние келуімен бірге өрбеп, дамып отырады, ал дәстүр сол салттың өмірде әлденеше рет қайталанып, жаңғырып, тіршіліктен ұзақ уақыт тұрақты орын алған түрі болып табылады. Ол ұлттың бүкіл болмысынан ойын сауығынан, әдет-ғұрпынан көрініс береді.
Салт-дәстүр, көбінесе, халықтың наным-сеніміне, дүниетанымына байланысты туып, қалыптасып , дамып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажетті түрлері жаңа мазмұнға ие болады.
Қазақтың халық педагогикасындағы тәрбиенің басты ұстанымы адамгершілік, имандылық, қайрымдылық болып саналған. Адамдарды бір-біріне қол ұшын беруі, үлкенді кішіің, әкені бланың, ағалы інінің сыйлауы, ата-ананы қадір тұту жақсы дамыған.
Сөз құдіретін қадір тұту, аталы сөзге тоқтау, өнерді жалғастыру дәстүрі де ежелгі қағида. Ол жөнінде халық ”Сөз тапқанға қолқа жоқ” дейді.
Бастауыш мектеп оқушыларын халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін оқып үйрену жолдары.
Халықтық педагогика дегеніміз бастауыш мектептің, ата-ананың, жұртшылықты, қоғамдық ұйымдардың басым біріктіретін ынтымақтастық педагогикасы екенін де мән бергеніміз жөн. Халықтық педагогиканы жүргізу үшін оны жете меңгеру, оқып үйренуіміз қажет.
Іс түйінің маман шешеді. Ал бүгінгі ата-ана да, тәрбиешілер халықтық педагогикаға жатсына қарайды, оның тәрбие тәсілік білмейді, білсе де қарая бастаған. Ендіше бастауыш сынып жетекшілерінің семинарларында, мұғалімдердің педагогикалық кеңестерінде ай сайын тәрбиешілерге, ұстаздарға, ата-аналарға халықтық педагогика тақырыбында мыналарды үйретуге болады.
Тәрбие жоспарының түзілуі мен құрылымын түрлендірін, халық педагогикасы барынша тереңдете ендіру, жаңа салалармен байыту; тәрбие сағаттарын өткізуде баспасөз материалын тиімді пайдалану.
Мектепте қыздар жиналысын ”Ана мектебін”, ұлдар жиналысын ”Әке мектебін” сынып және жас ерекшеліктеріне сай жетілдіру.
Кез келген пәнді оқытуда халық даналығын пайдалану, әсіресе қазақ тілі мен ана тілі сабақтарында тереңдете оқыту.
Ана тілі сабақтарына салт-дәстүр сабақтарын ендіру. Дене тәрбиесі пәніне ұлттық ойын түрлерін батыл ендіру. Үйірме, факультативтік оқулар ұйымдастыру.
”Шешендік өнер”, ”Сөйлеу мәдениеті” пәнін сабақ кестесіне ендіру арқылы бұл істі ұлттық деңгейге көтеруге болады.
Осындай тәрбие түрлерін алға қоя отырып, сабақта, сабақтан тыс мынандай әдістер арқылы ұрпақты тәрбиелеуге болады.
А) Тәрбиелік маңызы зар сөздері бар мәтіндерді оқу.
Ә) Суретті қолдана отырып әңгімелеу.
Б) Тыйым сөздермен сабақтасқан мақал-мәтелдерді, тақпақтарды қолдану.
В) Ойын әдісі т.б.
Шығарманың түйіні мақал-мәтелдер болғандықтан, ата дәстүр сипатына ие болған тыйым сөздерді баланың жадында сақтауы үшін қолайлы тақпақ түрінде ұсынуға болады.
Мысалы, М.Әлімбаевтың бірнеше өлеңін келтірейік
1.Ұнамасын, ұнасын,
Бұзба құстың ұясын.

2. Құр беталды ермекке


Бос бесікті тербетпе.

Ана тілі сабағында мәтінді, өлеңді дауыстап оқығанда, негізінен, оның мазмұнымен таныстыра отырып, жаңа білім берумен қатар балалардың эмоциялық сезімдерін, қызығуын тудыру керек. Шығарманың мазмұнын баяндау үстінде суреттерді қолдануға болады. Бұдан кейін жарыс түрінде ойындар өткізуге, әңгімелесу немесе пікір алысу әдістерін де қолдануға болады.


Ендігі біздің мақсатымыз – сн ғасырлар бойы жас ұрпағын тәрбиелеуге қалдырған ата-бабамыздың ұлағатты сөздері мен салтын, дәстүрлерін, тілін болашақ ұрпақтарға бұлжытпай жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет