Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Темперамент, мінез және қабілет.
Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің негізі ретінде.
Темперамент пен мінездің ара қатынасы. Мінездің анықтамасы.
Тұлғаның қабілеті және нышандары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Темперамент - белгiлі бір адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы, бір қалыптылығында көрiнiс беретiн мiнез-құлықтың табиғи ерекшелiгi, адамның биологиялық жағын көрсететiн қасиеттердiң бiрi. Темперамент – жүйке-жүйесiнiң табиғи типтiк қасиеттерiне тәуелдi, жеке адамға тән дара ерекшелiк деп бiлемiз. Темперамент адам мiнез- құлқын және психикалық процестердiң өзгеруiнiң динамикалық ерекшелiктерiн, олардың күшiн, жылдамдығын, пайда болуын, тоқтауы мен өзгеруiн түсiндiретiн қасиеттер жиынтығы. Темперамент қасиетi жеке адам қасиеттерiне тек шартты түрде бағынады және ол биологиялық, әрi туа бiткен қасиет болғандықтан көбінесе индивидтiк ерекшелiк болып табылады. Темперамент м iнез- құлық пен мінездiң қалыптасуына үлкен әсер етедi, кейде адамның әрекеттерi мен жеке-даралығын анықтайды, сондықтан оны жеке адамнан бөлiп қарастыруға болмайды.
Темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент - организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттері мен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады ), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция сезімдерінен де ( біреу сабырлы, екінш сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой- пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде - ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460-356 ) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - шырын (слизь), құрғататын - бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше красис деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Темперамент - 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні - адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы - қозғалғыштығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас - тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтынь басқаша болады.
Адам бойындағы темпераменттің жақсы немесе жаман деп бөлуге болмайды. Өйткені ол табиғи жаратылыс болып табылады. Мінез – құлықтың қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етуі мүмкін. Бұл тек адам бойындағы мінездің қалыптасуы өмір сүрген ортасына байланысты дегенді білдірмейді. Мінездің қалыптасуына сыртқы орта факторларымен қатар адамның өзінің жеке өмірге көзқарасы және материалдық, моральдық жағдайы әсер етуі мүмкін. Темперамнт пен мінездің арасындағы байланыс өте тығыз болып келеді. Өйткені адамның сыртқы ортаға жауап беру процесінде темперамент және мінез – құлық ерекшеліктері айтарлықтай бірге көрінеді. Себебі адам бойындағы темперамент пен мінезді ажырату қиынға түседі.
Тұлғаның қабілеті және нышандары. Нышан – мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс беоеді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Кемелбеков, Қ. Б. Қазақтың әдеп мәдениеті: оқу құралы / - Алматы :Эверо, 2016. – 140 бет. С.
2. Психология и педагогика для студентов медицинских вузов. 1 ч. : учебник / под ред. Н. В. Кудрявой. – Алматы :Эверо, 2017–196
3. Психология и педагогика для студентов медицинских вузов. 2 ч.] : учебник / под ред. Н. В. Кудрявой. – Алматы :Эверо, 2017-192
4. Amanova, I. K. Psychology : textbook / I. K. Amanova, A. T. Kamzanova. – Almaty : [s. N.], 2016. – 270 p.
Достарыңызбен бөлісу: |