Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Легистер  (заңгерлер)  мектебінің  негізгі  өкілдері  Шан  Ян



Pdf көрінісі
бет27/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   199
Легистер  (заңгерлер)  мектебінің  негізгі  өкілдері  Шан  Ян  (б.д.д  IV  ғ.), 
Хань-Фэй-цзы  (шамамен  б.д.д  III  ғ.)  болып  саналады.  Легистер 
конфуцийшылдардың  мемлекетті  әдептілікке  негізделген  заңдарды  жүзеге 
асыру  арқылы  басқару  керек  деген  пікірлеріне  қарсы  болып,  керісінше, 
мемлекетті  тек  қана  заңға  сүйеніп  басқаруға  болады,  себебі  «мейірімділік  пен 
адамгершілік»  –  қылмысқа  апаратын  бірден-бір  жол,  ал  шын  қайырымдылық 
өзінің  бастамасын  жазалаудан  алады  деп  уағыздайды.  Сөйтіп,  легистер  ар-
ожданның  орнына  қорқынышты  дәріптейді.  Елде  тәртіпсіздік  болмас  үшін:  1. 
Мақтаудан жазалау көп болу керек. 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында 
Ян   
Дао дэ 
сияқты 
Инь 
Шынайы 
Дао  
Даоның ұлы жолы  


42 
 
үрей тудыру қажет. 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда 
олар  үлкен  қылмыс  жасамайтын  болады.  4.  Адамдар  арасында  бір-біріне 
сенімсіздік  тудыру  керек.  Осы  қағидаларды  бұлжытпай  орындағанда  ғана 
халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де 
барады. 
Конфуцийшылдардың  «Мемлекет  –  үлкен  отбасы,  оның  басшысы  – 
халықтың  әкесі»  деген  ілімінің  орнына  легистер:  «Мемлекет  –  өз  алдына  бір 
машина  сияқты  құбылыс,  билеуші  –  өзін  ата-баба  аруағынан  да,  халықтан  да, 
Аспаннан  да  жоғары  қоятын  деспот.  Мемлекеттің  негізгі  мақсаттары:  1.  Ұсақ 
патшалықтарды  біріктіріп,  Аспан  аясыңдағы  (Қытай)  мемлекет  құру;  2.  Осы 
мемлекетке басқа халықтарды бағындыру. Осы тұрғыдан өнерге, білімге деген 
қүштарлық  теңелуі  қажет.  Мемлекеттің  экономикалық  негізі  қолөнер  немесе 
сауда  емес,  егін  шаруашылығы  болуы  керек.  Мемлекеттегі  қызмет  орындары 
адамдардың жүмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс». 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет