Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Гераклит бойынша табиғатты сақтау циклы



Pdf көрінісі
бет35/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Гераклит бойынша табиғатты сақтау циклы  
 
Заттардың пайда болуы – оттың өшуі  
 
 
 
                                                От               Заттар  
 
 
 
Заттардың жойылуы – оттың жануы  
 
Пифагор мектебі – негізін қалаған Пифагор ( б.з.,б. 
580-500 жж.) антика философиясындағы идеализмге жол 
ашты,  сандарға  мистикалық  қасиеттерді  таңды. 
Пифагоршылар  сан  –  табиғатты  бейнелеуде  бірінші 
принцип,  сан  –  материя  және  әлемнің  формасы  деп 
түсінді.  Филолай  былай  деген:  «Егер  сандар  болмаса 
ешнәрсе  пайда  болмас  еді,  санның  құдіретін  құдайлар 
мен  перілердің  әрекеттерінен,  адамдардың  ойы  мен 
ісінен,  қолөнер  мен  музыкадан  байқау  қиын  емес».  Пифагоршыларда  сан  – 
көзге көрінетін тастар немесе нүктелер түрінде болды, олардың сыртқы бейнесі 
пішін  түрінде  көрінеді.  Тақ  және  жұп  сандардың  түрлі  сапалары  болады:  жұп 
сандар  төмен  дәрежеде,  ал  тақ  сандар  жоғары  дәрежедегі  қасиетке  ие. 
Пифагоршылар  әлемнің  пайда  болу  концепциясын  былай  түсіндірді: 
барлығының  бастамасы  –  бірлік,  бірліктен  сан  құралады,  сандардан  нүктелер, 
нүктелерден  сызық,  сызықтан жазық  дене,  содан  кейін көлемді денелер  пайда 
болады.  Содан  соң  төрт  түрлі  материалды  элементтердің  бар  екендігі 


50 
 
тұжырымдалды:  жер,  от,  ауа,  су.  Пифагор  материалды  элементтерді  түрлі 
дұрыс  көпбұрыштармен  байланыстырып  түсіндірді:  жер  –  куб  формасының 
бөлшектерімен,  от  –  тетраэдрлер  формасының  бөлшектерімен,  ауа  – 
октаэдрлермен, су икосаэдрлермен. 
Сандардың  қасиеттерін  зерттей  отырып,  Пифагоршылдар  жұп  және  тақ 
сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады. 
Ойдың  қалану  геометриясы  -  нүктеге,  сызыққа,  жазықтыққа,  көлемге 
негізделген.  Демек,  Пифагоршылдар  жүйесіндегі  сандар  болмыстың 
жалпылама  негізіне  байланыстырылған  кеңістіктің  таңбалануы.  Соған  орай 
«бәрі-сан»  деген  тұжырым қалыптасты.  Олардың  музыкалық  интервал  туралы 
ілімінде  акустика  мен  аспан  механикасының  математикалық  негіздері 
баяндалған. Пифагоршылдар философия мен ғылымның әрмен қарай дамуына 
орасан зор әсер етті. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет