189
17 - сызбанұсқа. Таным түрлері
Түйсiк - адамның сезiм мушелерiне тiкелей әсер ететiн объективтi
дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерiнiң жеке қасиеттерi мен
сапаларының қарапайым, элементарлы бейнеленуi. Олар, қоршаған айнала
туралы жiктелмеген (дифференциациалған емес) және затталған емес әсерлер,
дабылдық (белгi) және бағыттау қызметтерiн атқарады.
Қабылдау - адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер ету нәтижесiнде,
санада материалдық заттар пен нәрсенiң бiртұтас бейнесi қалыптасатын,
сезiмдiк танымның ерекше формасы. Қабылдау, мiндеттi түрде, субъектiнiң
таным объектiсiмен тiкелей байланыс орнатқан сәтте, түйсiктер негiзiнде пайда
болады. Ол да бейнелер-белгiлер тұтастығымен сипатталады.
Елестету - сезiмдiк қабылдау негiзiнде қалыптасқан, заттардың жаңама-
сезiмдiк бейнесi; бұрын қабылданған заттар мен нәрселердiң көрнектi бейнесiн
сезiм мүшелерi арқылы қайта жаңғырту процесi.
Сезiмдiк таным барлық формаларының бiртұтастығы ретiнде адам
өмiрiнде үлкен орын алады. Сезiмдiк таным арқылы адам қоршаған дүние
туралы және өзi туралы алғашқы бiлiмдерге ие болады, оның санасында
әлемнiң сезiмдiк бейнесi қалыптасады, оның қажеттiлiгi өзiнiң болмысының
жағдайларына беймделуiнде.
Бiрақ заттарды терең және жан-жақты танып бiлу үшiн, тарихта болған
оқиғаларды, белгiлi бiр әлеуметтiк құбылыстарды түсiну үшiн т.б. жалғыз ғана
сезiмдiк таным жеткiлiксiз. Мiне, осында адамға көмекке рационалды, жиi
абстрактiлi ой деп аталатын таным келедi. Танымның бұл нысаны адамның
келесi мүмкiндiктерiмен: идеализация, пiкiр айту, ой қорыту және т.б.
логикалық операциялармен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: