Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Адамның қоғамдық өмірлік іс әрекеті



Pdf көрінісі
бет146/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Адамның қоғамдық өмірлік іс әрекеті  
Денсаулық  
Ауру  
Ерекше:  
биологиялық 
сипаттамасы  
Өлшем  
(қозғалмалы): 
- биохимиялық,  
- гистологиялық;  
-  ағзаның 
температуралық және 
т.б. көрсеткіштері  
Патология  
Мөлшер  
Ерекше:  
биологиялық 
сипаттамасы  


185 
 
философиялық 
дүниетаным 
позициясынан 
преформизм, 
эпигенез, 
биологиядағы  креационизм  тұжырымдамасына  өзінің  қатынасын  анықтауға 
көмектеседі.  
Осылайша,  сандық  және  сапалық  өзгерістердің  өзара  өту  заңы  даму 
механизмін  ашады  және  секірмелі  түрдегі  сапалы  өзгерістер  нақты  сандық 
өзгерістермен  дайындалатындығын  көрсетеді.  Өз  кезегінде  өзгерістер  сандық 
өзгерістердің өлшемі мен сипатын анықтайды.  
Диалектикалық  тұжырымдамада  маңызды  орынды  терістеу  мәселесі 
алады.  Шындықтың  ешбір  саласында  үрдістер  мен  құбылыстардың  ескірген 
тіршілік  ету  формаларын,  алдыңғысын  терістемесе  даму  процесі  жүрмейді. 
Диалектикалық  терістеу  сапалы  өзгерістердің  бағыттылығының  үрдісін 
анықтайтын  және  қайшылықтардың  дамуының  нәтижесі  болып  табылатын 
объективті  үрдіс  болып  табылады.  Терістеу  –  жүйенің  өзгеруінде  шынайы 
жүретін үрдіс, ол оның механизмін ашатын бірнеше сипаттамалардан тұрады.  
Біріншіден  диалектикалық  терістеу  ескі  мен  жаңа  байланысын  көрсетеді, 
өйткені  ескі  сапаны  жаңамен  терістеу  үрдісі  жүреді,  ескі  сапаға  қарама-қарсы 
жағына өтуі.  
Жаңа – ол шындықта тіршілік ету мен даму үшін негіз болады. Ескі  – ол 
ешқандай  негіз  болмайды  және  тіршілік  ету  үшін  негізін  жоғалтады.  Жаңа 
ешқашанда  ештеңеден  пайда  болмайды,  ол  нақты  кезге  дейін  ескінің  ішінде 
пайда  болады  және  дамиды.  Ескі  жаңаның  ішіне  қосылады,  онымен  сапалы 
өзгерістен кейін де қатар тіршілік етеді.  
Диалектикалық терістеу ескіні толығымен абсолютті жою емес, ол жаңада 
ескіден жағымдыны алып сақтау, сабақтастық. Терістеу үрдісі жойылу кезімен 
қоса  жүруі  қажет.  Сабақтастық  табиғат,  қоғам,  ойлау  дамуының  терең 
заңдылықтары  ретінде  көрінеді.  Сабақтастыққа  мысал  ретінде  тірі  ағзалардың 
тұқым  қуалаушылық  ақпаратты  сақтау,  репродукция  және  алмасуды 
шарттайтын  тұқым  қуалаушылық  сияқты  жалпы  қасиеті  болып  табылады. 
Сабақтастықпен философиялық ойдың даму тарихы да сипатталады.  
Барлық  жағымдыны  сақтау  және  ескіргенді  жоюды  алыну  деп  те  атайды. 
Алыну – ескіден жаңаға ауысу барысында өзгеру кезі, секіріс пен қайшылықты 
шешуде  жоғалтылмыған,  ескінің  сипаттарын  оған  бағындыру.  «Алыну» 
категориясы  ескіден  жаңаға  ауысуда  сабақтастықтың  ерекшеліктерін 
сипаттайды.   
Диалектикалық  терістеу  нақты,  нәтижелі  болып  табылады,  жүйені 
үйымдастыру  ерекшеліктерімен,  табиғатпен  немесе  терістелетін  заттың 
мәнімен  шарттасқан,  оның  ішкі  қайшылықтарымен,  сонымен  бірге  терістеу 
жүретін сыртқы жағдайлармен әр түрлі сапалы түрлерде болады. Өлі және тірі 
табиғатта,  қоғамда,  ойлау  дамуында  терістеу  үрдістері  өзгеше.  Осылайша, 
диалектикалық  терістеу  –  ол  ескіні  жою  және  үдемелі  даму  үрдісінде  жаңаны 
бекіту, онда алдыңғы құбылыстардың жағымды жақтарын жаңада сақтау.   
Әрбір  диалектикалық  терістеу  соңғы  болып  табылмайды,  жаңа  ескіреді 
және жаңамен терістеледі. Сондықтан да диалектикалық терістеу мен терістеуді 
терістеу заңын теңдестіруге болмайды. Жоғарыда айтылғандай, даму үрдісінде 


186 
 
қайшылықтың  бір  жағы  берілген  сапаны  сақтап  қалуға  тырысады  және 
жағымды  роль  атқарады,  ал  терістеу  жағы  сол  сапаны  жоюға  ұмтылады. 
Қайшылықтың  терістеу  жағының  әрекетінің  үдеуі  жаңа  сапаның  пайда 
болуына,  терістеуге  әкеледі,  онда  терістеуші  қарама-қайшылық  жағымды 
болады, оның әрекеттері жаңаны сақтауға бағытталады. Дегенмен жаңа заттада 
теріс  жағы  жетіледі,  ол  да  даму  үрдісінің  жалпыға  бірдей  логикасында  жаңа 
заттың  пайда  болуына  әкеледі.  Осы  екінші  диалектикалық  терістеу  немесе 
терістеуді терістеу.   
Осындай  екі  терістеуде  терістеуді  терістеу  заңы  әрекетке  айналады.  Неге 
олай?  Диалектикалық  терістеудің  құрылымдық,  жасампаз  күші  болады. 
Сондықтан да ол екі рет терістеумен жүзеге асады.  
Осылайша,  екінші  терістеу  аяқталғанда  жаңадан  қалыптасқан  бойында 
дамудың  алдыңғы  сатысының  белгілері  мен  сипаттарына  ұқсас  белгілер  мен 
сипаттар  болады.  Бірінші  терістеу  үрдістің  бірлігін  бермейді,  ол  екіншімен 
байланыста  ғана  қалыптасады.  Сондықтан  бірінші  терістеу  екінші  терістеудің 
мүмкіндігі болуы үшін жүруі керек.  
Осымен  байланысты  дамудың  қажетті  логикасы,  формасы  ретінде  үштік 
мәселесі  пайда  болады.  Көптеген  философтар  терістеуді  терістеу  заңы 
мәселесін қарастырғанда үштік – ол шындықтың шынайы дерек, ол формализм 
емес,  бірақ  дамудың  үштік  ырғағының  көрінісі  ретінде  толық  негізделген 
қорытынды  шығарады.  Үштіктен  бас  тарту  химия,  биология,  медицина, 
әлеуметтану,  философия  жетістіктерімен  мысалдарымен  дәлелденген  шынайы 
үрдістердің  маңызды  жағдайлары  ретінде  дамудың  үштік  ырғағын  түсінуден 
бас тартуға әкеледі. Үштік , сонмен бірге қайшылық дамуын көрсетеді: қарама-
қайшылықтардың  барабарлығының  бастапқы  жағдайы,  дамыған  қайшылық 
сатысы  (терістеушілік)  және  қайшылықтың  аяқталу  сатысы  (терістеуді 
терістеу).  
Терістеуді  терістеу  құрылымы  Г.Гегельмен  кесте  түрінде  көрсетілген: 
тезис  –  антитезис  –  синтез.  Бұл  –  қайшылық  қозғалысының  формальды,  таза 
логикалық  формасы.  Дамудың  басы  –  тезис  –  алдыңғы  жүзеге  асқан  дамудың 
тіркелген  нәтижесі,  ол  –  тұтастық,  тұрақтылық,  заттың  дамымаған 
қайшылықтар жағдайы.  
Антитезистің негізгі мазмұны болып тұрақты тұтастықтың бірінші терістеу 
нәтижесінде  сыртқы  қайшылық  жүйесіне  айналуы  жатады.  Қайшылықтарды 
шешу  жаңа  терістеумен,  антитезисті  терістеумен  жүзеге  асады.  Жаңа  терістеу 
нәтижесі  болып  жүйені  дамудың  жаңа  деңгейіне  өткізетін,  жаңа  тұрақты 
тұтастықты  тудыратын  синтез  табылады.  Бұндай  кесте  формальды,  өйткені 
терістеуді терістеу құрылымы дамушы заттың кеңістік – уақыттық жағдайының 
тиісті тұрақтылығы ретінде ұсынылады. Бірақта әртүрлі жағдайлар, жан-жаққа 
бағытталу,  дамудың  әр  түрлі  жолдары,  олардың  ауысуы  болуы  мүмкін.  Осы 
байланыста аса маңызды болып қайтымсыздық пен бағыттылық, сонымен бірге 
дамудағы  сабақтастық  пен  қайталанғыштық,  ұласу,  жеке  даму  мен  эволюция 
қатынасы сұрақтар қала береді.  


187 
 
Терістеуді терістеу контекстінде дамудың заңдарының сипаттамасы болып 
шиыршық (спираль) табылады. Шиыршықтың әрбір айналымы дамудың белгілі 
кезеңін  бейнелейді,  ал  осындай  айналымдар  жиынтығы  дамудың  үдемелі 
сипатын бейнелейді.  
Шиыршық бойынша қозғалыс ретінде даму туралы бейнелі көрініс дұрыс 
та  болады.  Шиыршық  дамуда  екі  үрдісті  бейнелейді:  олардың  бірі  –  ол  алға 
қозғалыс,  екіншісі  –  дамуда  сабақтастықты  көрсететін  шеңбер  бойынша 
қозғалыс.  Осы  екі  бағытты  біріктіру  шиырышық  траекториясы  түрінде  тең 
әсерді береді. Осылайша, даму диалектикалық терістеу арқылы жасалады.  
Терістеуді  терістеу  заңы  жалпыға  бірдей  диалектикалық  заңы  болып 
табылады және диалектиканың барлық заңдарымен бірлікте болып даму үрдісі 
бар жерде әрқашанда, жер-жерде әрекет етеді. Терістеуді терістеу заңы табиғат, 
қоғам, ойлаудың әмбебап, негізгі заңы ретінде әрекет жасайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет