190
18- сызбанұсқа. Сезімдік таным түрлері
Оның бiрiншi формасы ұғым - заттар мен құбылыстардың, немесе олардың
топтарының жалпы, мәндi және қажеттi қасиеттерi мен белгiлерiн
бейнелендiретiн ойдың формасы. Жалпыланған заттардың саны әр түрлi болу
мүмкiн. Ұғым бiр ғана заттың қасиетiн анықтау мүмкiн (Жердiң табиғи серiгi)
немесе бiркелкi топ заттардың қасиеттерiн (философ). Дүниеде жоқ,
ирреалдыққада қатысы бар (апейрон, мәнгiқозғауыш). Ұғымдарда жалпылау әр
түрлi болу мүмкiн, бiреулерi танымның арнаулы бiр саласында қолданылады
(жеке ғылымдардың ұғымдары), келесiлерi бiр қатар ғылымдарда (жалпы
ғылыми), үшiншiлерi жалпы бәрiнеде қатысты (философиялық). Ойлаудың
қандай түрiболмасын ол әрдайым ұғым арқылы жүзеге асады. Ұғым мазмұны
жағынан объективтi, логикалық формасы жағынан субъективтi. Ұғымдар
жалпы екi үлкен түрлерге бөлiнедi: а) күнделiктi тұрмыстық ұғымдар-
нәрселердiн көбiнесе сыртқы ұқсас белгiлерiн бейнелендiрсе; в)ғылыми
ұғымдар терең жатқан, жалпы, мәндi және заңды қасиеттердi бейнелендiредi
(категориялар). Ұғымның тiлдiк формасы сөз және сөздер болып табылады.
Түйсік
(объектінің жеке
қасиеттерінің бейнеленуі)
Достарыңызбен бөлісу: