Эвтаназияға философияның көзқарасы
Соңғы уақытта қоғамда бұрын соңды қазақ қоғамына таныс болмаған
жаңа термин «эвтаназия» жиі қолданыла бастады. Қоғамда унемі бір мәслеге
байланысты екі түрлі көзқарас қалыптасатыны белгілі. Сол қатарда бұл жаңа
терминді де жақтаушылар мен даттаушылар табылып жатыр. Қоғамның бұл
мәселеге қатысты пікірлерімен таныспас бұрын бұл терминнің мағынасын
шығу тарихына тоқтала кетейік.
Эвтаназия - (грек тілінен εὖ - жақсы, θάνᾰτος - өлім ) Әлдебір әрекетпен
немесе құралдармен, соның ішінде оның өмірін жасанды ұстап тұрған
аспаптарды сөндіру деген мағынада да қолданылады. Эвтаназия термині алғаш
рет XVII ғасырда Ф.Беконмен “ жеңіл өлімді” анықтау үшін қолданып, XIX
ғасырдан бастап “біреуді аяныштан өлтіру” деген мағынаны береді. Мұнда
қиналуларды жеңілдету мақсатымен әдейі өлтіру туралы айтылады.
“Эвтаназия” сөзімен “ауырсыну мен қиналуларды жоюды мақсат ететін” өлім
мәніне әкелетін кез-келген әрекетті немесе керісінше әрекетсіздікті көрсетеді.
«Эвтаназия» термині қазір әртүрлі мағыналарда қолданылады: ауыр
азапты бастан кешіріп жатқан адамдардың өлімін тездету; артық, қажеті жоқ
адамдардың өмірлерін тоқтату (Мысалы, Т-4 бағдарламасы); өмір мен өлім
арасындағы адамдарға көсетілетін қамқорлық, көмек (мысалы, хоспис); адамға
өлу мүмкіндігін беру.
Эвтаназия -тікелей мағынада алғанда “адамдық емес”, “адамға сай
емес”деп саналатын өмірдің қиыншылықтарынан қашу, шыдау мүмкін емес
қиналуларды тоқтату үшін “аяныштан” ең аз ауырсыну мен қиналудан саналы
мақсатты түрде өз еркімен жасалатын өлтіру. Басқа бір анықтама бойынша
Эвтаназия деп — қандайда бір тұлғаның өз тілегі бойынша өмірін тоқтатуына
бағытталған және бұдан еш пайда көрмейтін адамның қолымен орындалған
әрекетті айтамыз.
Бұл термин қазақ даласында ілгеріде қолданылмаған болса да бұл
құбылыс бізге жат деп айта алмаймыз. Өйткені мұндай құбылыс қазақ хандығы
құрылмастан бұрын тіпті алғашқы қауымдық құрылыс кезінен бастап
қолданылған екен. Жалпы азаптан құтылу мақсатында өз-өзін өлтірудің тарихы
тым тереңде жатыр. Ежелгі пұтқа табынушылық заманында өз-өзін өлтіруге еш
кедергі болмаған, керісінше оны құптап отырған. Мәселен, ежелгі Данияда
төсек тартып жатып, ауырып өліп кетсең, ол үлкен масқара болып саналған.
Кельттер қарттық жеңіп, қауқары кете бастаған кезде өз-өздеріне қол жұмсаса,
эскимостар соңғы демдерінің жақындап келе жатқанын сезіп, үсіп өлу үшін
аязды тундраға, басы ауған жаққа кетіп қалатын болған. Ал Ежелгі Грецияда
өз-өзін өлтіруге арнайы билік органдарынан рұқсат та берілген екен. Адамзат
тарихындағы осындай жан түршігерлік жайт-тарға қарамастан, медицина атасы
208
саналатын Гиппократ: «Мен сұрап келгендерге ешқашан өлтіретін улы
қоспаларды бермеймін және оларды жасайтын жолды да ешкімге
көрсетпеймін», – депті. Ал оның замандастары Платон, Сократ, Аристотельдер
болса, керісінше «жеңіл өлімді» қолдап, «Бұл әдістің өлім аузында жатып
қиналғандарға пайдасы бар» деп есептеген. Тіпті Сократ та өз-өзіне қол
жұмсап, «цикута» атты адам ағзасына зиянды уды ішіп өлген екен. Ең қызығы
сол, қазіргі таңда бұл өлім түрін жақтайтын халықаралық қоғам құрылып,
Лондон қаласында «Шығу» (выход) деген атпен ресми түрде тіркелген.
Қазіргі медицинада эвтаназияны қолданудың екі әдісі бар. Біріншісі,
дәрігердің қатысуымен, яғни емделушінің өз рұқсатымен оған әртүрлі улы
дәрілерді егу. Бір ескеретін жайт, мұндай жағдайда емделуші түбі өлімге
апаратын айықпас дертке шалдыққан болу керек. Екіншісінде, дәрігер
қатыспайды. Бұл тәсілді қолданған кезде де емделушінің пікірі ескеріледі.
Біріншісінен айырмашылығы, мұнда науқастың өмірін ұзарту мақсатында
ешқандай емдік шаралар жасалмайды. Қазіргі таңда мұндай жақсы өлім деп
аталынып кеткен құбылысқа көптеген мемлекеттер заңды түрде рұқсат беріп те
үлгерді. Және соған сай бұл сорақы әрекеттер орындалыпта жатыр. Мысалы,
Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Швейцария, Германия, Албания,
Жапонияда. Бельгияда 2014 жылы заң қабылданғаннан бері алғаш мәрте
кәмелетке толмағанға эвтаназия жасалды, деп хабарлайды Euronews. Королдік -
дауасы жоқ сырқатқа шалдыққан әрі «өз әрекетіне жауап беруге қабілетті»
балаларға өмірімен қош айтысуға шешім қабылдауына рұқсат беретін әлемдегі
жалғыз мемлекет. Эвтаназияны бақылау жөніндегі комиссия басшысы,
профессор Вима Дистелманстің айтуынша, бұл ерекше жағдай болған: «Ең
алдымен кәмелетке толмаған жасөспірімдер жазылмайтын аурудың соңғы
сатысына көп шалдыға бермейтінін айту керек. Екіншіден көптеген дәрігерлер
ескі тәсілді қолданады: сырқатты жасанды комға енгізеді, содан соң
паллиативтік седацияға өткізеді». Кәмелетке толмағандарды улы екпемен
эвтаназиялау туралы заң Бельгияда осы рәсімді кәмелетке толғандарға
заңдастырғаннан кейін барып 12 жылдан соң қабылданған. Ол бойынша
баланың өзі өтініш беруі керек, ал ата-аналардан тек келісім беру ғана талап
етіледі.
Қазақстанда эвтаназияға рққсат берілген жоқ. Бұл сорақылыққа заңды
түрде рұқсат алуды қалайтындарда табылып жатыр. Олардың ішінде Әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің студентінің
интернеттегі жариялынымын келтіріп өтуді жөн көрдім: «Ойымша эвтаназия
Қазақстанға қажет. Себебі әрбір азаматтың дүниеге келіп, өмір сүруге құқығы
бар секілді, өлім таңдау құқығы болу керек. Әр адам өз өміріне билік етуге
құқылы. Және Қазақстандағы аса ауыр онкологиялық ауруға шалдыққан,
ВИЧ/СПИД ауруымен ауыратын, дүниеге келгенен бастап даун одан да басқа
жазылмайтын, емделмейдін адамдардың жағдайын ескеру қажет. Бүкіл
Қазақстан Республикасындағы дәрігерлерден жауап ала отырып Бельгия
сияқты Қазақстанға да Эвтаназия заңын қабылдап, заңи тұрғыда рұқсат берілуі
209
керек сияқты. Эвтаназияға адамды өмірінен айыру деп қана қарамау керек,
адамды жан қиналысынан құтқару деп түсінген жөн секілді.
«Өлімге деген құқық – дүниеге келген адамның туа біткен құқығы».
Джавахарлал Неру»,- деп өз ойын үнді ойшылының сөзімен аяқтапты.
Егер адамның өмірі вегетативті жағдайда қамтамасыз етілген болса
немесе миы өлсе, онда көптеген ғалымдар оның өмірін қолдауды тоқтатуға
болады деп есептейді. Өйткені адам ессіз болып саналады және ол үшін өмір
сынақ ретінде аяқталады. Шешім қабылдау білікті дәрігерлер мен отбасы
мүшелеріне қалдырылады. Дәл осы сияқты, бір адам өзінің өміріне қол сала да
алмайды, өйткені Алла оған өмірді аманат ретінде уақытша берген. Діни түсінік
бойынша, тек Алла ғана өмірдің иесі болып табылатындықтан өмірді алу,
алмауды Алла ғана шеше алады. Ал біздің пәк дініміз Ислами көзқарастар
бойынша да Христиан дінінің ұстанымдары бойынша да
Эвтаназия өзін-өзі
өлтіру болып есептеледі. Эвтаназияға рұқсат жоқ. Бұл екі дінді мысал
келтіруімнің себебі Бұл дінді ұстанушылар бқкіл жер тұрғындарының 70% ға
жуығын құрайды. Ислам діні бойынша, өмір – бұл әлемдегі ең басты мақсат
және ең ұлы нәтиже болып табылады. Ол – кемелденген болмыс және әлемнің
ең мінсіз жаратылысы. Өмір – бұл кішкентай жаратылыстардан бүтін бір әлемді
құрап тұрған ғажайып шынайылық. Ол тіршілікте, өмір сүріп жатқан
жаратылыстардың барлығын байланыстыратын Құдайлық күштің ең керемет
көрінісі болып есептеледі. Өзінің ішкі құндылығына қоса, өмір адам үшін
рухани өлшемге айналады. Адам өмірі құдайлық күштің ең маңызды мұраты
және бүкіл жаратылыс ағашының ең маңызды жемісі болып табылатын алғыс,
құлшылық, мадақтау және махаббат тудыратын ұлы құпия.
«Биоэтика» терминін 1969 жылы американдық биолог Ван Ренселлер
Поттер енгізді, автор биоэтиканы биология мен этиканы біріктіретін ғылым
ретінде қарастырады. Термин екі бөліктен тұрады: bios (грек. – «өмір») және
ethica (грек. – «этика»), яғни сөзбе-сөз аударғанда өмір этикасы. Биоэтика
медицинадағы өмір мен өлімге байланысты этикалық мәселелермен
айналысады. Ең белсенді талқыланып жатқан мәселелер: эвтаназия, түсік
жасату, контрацепция мен стерилизация, бала көтерудің жаңа технологиялары
(суррогат ана болу мәселелері), трансплантация мәселесі.
Ислам дінінің эвтаназия (ем-делмейтін, дауасыз ауру адамның өз еркімен
өлімге мойынсұнуы) және түсікке көзқарасына келетін болсақ, эвтаназия,
контрацепция мен абортқа қатысты сұрақтар өмір сүру мен көбею
құқықтарымен байланысты. Ислам діні ауру кезіндегі қиыншылықтарды
бұрынғы жасаған күнәларды өтеу және Алла алдында рухани жоғары дәрежеге
жету мүмкіндігі ретінде қарастырады. Әрине, бұл өте қиын тәжірибе болуы
мүмкін, дегенмен де, қиямет күні үлкен сауап беріледі делінген. Мұхаммед
пайғамбар (с.ғ.с) егер адам ауру қиыншылықтарын бастан өткізсе, онда «оның
күнәлары, ағаштан жапырақтар төгілгендей төгіледі» деген. Сонымен бірге,
егер бір емделуші сырқатының жантәсілім ету сатысын бастан кешірсе, оған
азап шегуші дәрежесі беріліп, марапатқа жұмақ уәде етіледі деген көзқарастар
да бар.
210
2015 жылы АСТАНА. 16 мамыр. E-ISLAM – Мекке қаласында пәтуа
шығару кеңесінің мүшелері бас қосып, ем қонбайтын дертке шалдыққан
науқастарды эвтаназия әдісімен өлтіруге тыйым салды. Бұл – науқастың өзі
немесе туыстарының шешімі болса да, енді дәрігерлер мұндай қадамға
бармайтын болды. Егер науқастың миы жұмыс істемей, өлім халінде жатқан
болса, кеңес мүшелері онда ол науқасқа қандай да бір ем қабылдамауға рұқсат
берді.
Сонымен қатар, дәрігер науқастың жанын аман алып қалу мақсатында
қандай да бір дәрі-дәрмек қолдануына болады. «Себебі, Алла Тағала уақытша
болса да адамның өмірін дәрігердің септігімен ұзартуы мүмкін» дейді пәтуа
шығару кеңесінің мүшелері.
Сөз соңын былай аяқтағым келеді негізі адам баласы кез келген істе
тәуекел ететіні белгілі. Сонымен қатар, нәтижесінің жақсы болуын да бір
Жаратушыдан ғана үміт етері анық. Әйтсе де, ауруға шалдығып, науқас болған
адам жақын адамдарының мейірімінен үміт ете отырып, амал қылып, дертіне
байланысты емделу керек. Ауыр дерттен қатты азап шеккен, жаны мен тәні
қоса қиналған адам жаман ойға бармау үшін, қасында әркез жақын туыстары,
жақсы көретін дос-жарандары болуы тиіс. Солардың бір ауыз жылы сөзінің өзі
науқасқа үлкен қолдау болары анық. Егер науқас айналасындағылардың
қолдауын сезіне алса, ішкі рухани түйсіктерін жақсы ойларға тоғыстырып, сәл
де болса жанын қинаған дертті, одан тартқан азапты ұмытары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |