201
қарсыластары бар. Маркс пен Энгельстің еңбектеріне сүйене отырып,
қоғамдық-экономикалық формацияны оған тән өндіріс тәсілі, әлеуметтік
құрылымы, саяси жүйесі мен рухани өмірі бар өзінің дамуының белгілі бір
тарихи сатысында тұрған қоғам ретінде қарастырамыз. Бес қоғамдық-
экономикалық формация атап көрсетілді: алғашқы-қауымдық, құлиеленушілік,
феодалдық, капиталистік және коммунистік. Олардың әрқайсысы, біріншіден,
сапасы жағынан қоғамның белгілі бір типі ретінде, екіншіден, қоғамдық
прогрестің сатысы ретінде сипатталады. «Қоғамдық-экономикалық формация»
ұғымы қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде түсінуге мүмкіндік берді.
Жоғарыда көрсетілген қоғамдық-экономикалық формациялар әлемдік тарихи
процестің объективтік үрдісін көрсетеді. Олар тарихи процестің әртүрлі
сатыларында дүниеге келе бастады. Әрбір жаңа формация қоғамның оданда
гөрі жоғары типі болып саналады. Формациялық талдау
методологиясы
қоғамның бір формациядан басқасына күрделі өту процесін, бұл өтудің
жолдары мен тәсілдерін, субъективтік және объективтік факторлардың
өзарабайланысын зерттеуге
негіздейді
Қоғамда түрлі қатынастар бар. Олар негізін алғанда материалдық және
идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам
санасынан тыс, ой елегінен өтпей-ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең
алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп атайды. Оның негізінде өндіргіш
күштер: құрал-саймандар, оны қолданатын адамдар қалыптасады. Қоғамдық
қатынастардың екінші бір тобы – идеологиялық қатынастар. Оларға адамды
адам арқылы өңдеу жатады. Олар саяси, құқылық, моральдық, діни,
эстетикалық, философиялық қатынастар болып бөлінеді. Айталық, әрбір қоғам
алдында оның өзіне тән мақсат, міндеттер қойылады. Соған сәйкес адамдарды
бейімдеу, ұйымдастыру, жұмылдыру қажет болады.
Диалектикалық көзқарастың қоғам өмірін тарихи процесс
ретінде бейнелеу
үшін қолданатын ұғымдарының бірі – прогресс ұғымы (лат. progressus – ілгері
қозғалу, табыс деген сөзден алынған). Прогресс – қоғамның материалдық күш-
қуатының артуы, оның қатынастарының кемелдене түсуі, қоғам мүшелерінің
жан-жақты жетілуіне қажетті мүмкіндіктердің молаюы, яғни қоғамның ұдайы
төменнен жоғарыға қарай өрлей дамуының түрі, сипаты.
Адамзат қоғамының қалыптасып, одан әрі өсіп-өркендеуінде, тарихи
сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі айрықша екені белгілі.
Екінші жағынан алғанда, ғылым – қоғамның өзі дүниеге келтірген, өркендеуіне
жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниені танып, игерудің,
данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз. Ғылыми
танымның логикасы,
методологиясы мен әдістері туралы сөз еткенде міндетті
түрде логика, методология және әдіс деген ұғымдардың мазмұнын ашып
көрсету қажет. Ғылым логикасы деп материалистік диалектиканы түсінеміз.
Өйткені, ғылыми танымдағы негізгі мақсат – толық емес, дәл емес білімнің
толығырақ, дәлірек білімге айналуы, жаңа теорияға көтерілу, яғни ғылыми
таным – қайшылықты, күрделі әлеуметтік процесс.
202
22 - сызбанұсқа. Қоғамның философиялық
тұжырымдамасы
Қоғамдық дамуды талдайтын философиялық категория-қоғамдық болмыс
және қоғамдық сана.
Қоғамдық болмыс – әлеуметтік болмыспен бірдей. Әлеуметтік болмыс
дегеніміз адамдардың біріккен болмысы, яғни қоғамдық қатынасқа ерікпен
және еріксіз түрде қатынас жасауындағы саналары мен еріктен тыс қатынастар
жиынтығы: өндіруші, таптық, ұлттық, жанұялық, саяси және т.б.
Қоғамдық сана-қоғамдық болмыстан көрінетін адамдардың көңіл күйінің,
тілегінің, идеалдары мен принциптерінің, теориялары мен көзқарастарының
жиынтығы. Қоғамдық сана қоғамдық болмысқа абсолютті түрде тәуелді
болады. Қоғамдық сана белгілі-бір өзіндік ерекшеліктерде болса, қоғамдық
болмыс жалпы ерекшеліктерді береді. Қоғамдық сананың жеке түрлері
мынадай:
- саяси сана-әлеуметтік топ, саяси партия, мемлекет арасындағы
билік мәселесіне байланысты саяси қатынастағы адамдар көзқарастары;
- құқықтық
сана-қарапайым,
күнделікті
көзқарастардың,
психологиялық формалардың социумда құқықты қатынаста болуы мен
құқықтың рөлі мен орнын түсіндіретін идеялар жүйесі;
- моральдық сана-қоғамда қалыптасқан баға, идеал, теория,
жақысылық
пен зұлымдық, әділеттілік
сияқты теорияларды береді;
- діни сана-құдаймен негізделген, сенімге бағытталған адамдардың
сезімі мен догмалық теориялары.
Достарыңызбен бөлісу: