66
3 – ТАРАУ. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ – АДАМЗАТ МӘДЕНИЕТІНІҢ
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ТАРИХЫ РЕТІНДЕ
3.1. ОРТА ҒАСЫРЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ
Орта ғасырлық философия (батыс Еуропа елдерінде) – рим империясының
күйреуімен байланысты (5 ғ.) капиталдақ қоғамның алғашқы формалары пайда
болғанға дейін (14-15 ғғ.) өмір сүрді. Орта ғасыр философиясы дінмен
байланыста дамыды, тіпті философияны – діннің қызметшісіне айналдырып
жіберді. Философия діннің шырмауынан шыға алмады.
Батыс Еуропа елдерінде христиан дінінің кең тарауына байланысты
«Шіркеу әкейлері» мен пұтқа табынушылар мен философиясының арасындағы
күрестің өрлеуіне байланысты орта ғасырлық философиясы негізгі үш кезеңге
бөлінеді:
1. б.з. II ғасырдан бастап, Апологетика деп аталатын діни философиялық ілім
пайда болды.
2. III-VI ғ.ғ. Патристикалық ілімнің белең алған кезеңі.
3. Схолистикалық
кезең
Апологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық сала.
Апологетиканың мақсаты – ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін
ілімін қорғап, сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай
болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің
белгілері туралы (оның ішінде ғажайыптар мен сәуегейліктер туралы) ілім,
дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға,
сондай-ақ басқа діндерге талдау.
Апологетика – әлдебір нәрсені әділетсіздіктен қорғау, сол нәрсені
мадақтау ұғымына сәйкес. Өкілдері – Юстин Мученик, Тациан, Тертуллиан.
Патристика (лат. Pater – әке) – 2-8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа
табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни
нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін «шіркеу әкелерін»
мадақтау, қостау. Өкілдері – Тертуллиан, Климентий Александрийский,
Ориген, Августин.
Схоластика (гр. Scholosticos – мектептік) – орта ғасырлық «мектептік
философия», оның өкілдері – схоластар христиандық дін ілімін рационалды
(зерделі) түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты. Бұл үшін олар Платонның,
Аристотельдің философиялық көзқарастарын пайдаланды. Ортағасырлық
схоластика универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды. Өз
тарихында схоластика бірнеше кезеңге бөлінеді:
1. Алғашқы кезең схоластикасында ( 9-12 ғғ.) неоплатонизмнің ықпалы
басым болды. Өкілдері Эриугена, Ансельм Кентерберийский. Ғылыммен
философия, теология бір-бірімен біте қайнасып, пікірталас негізінде ақыл-ойға
діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын
дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл белең алды.
67
2. 13 ғ. кезеңде, яғни «классикалық» схоластикада «христиандық
аристотелизм» үстемдік етті, яғни, кемеліне жеткен схоластика ғылыммен
философиялық теологиядан бөлініп, философиялық, теологиялық ілімдердің
қалыптасып, етек жайған кезең. Өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский.
3. Құлдырау кезеңі (14-15 ғғ.) – шынайы ғылыми және философиялық
ойлардың тез қарқынды түрде дамуының салдарынан теологияның мистикалық
ілімге айналуына байланысты схоластика мүлдем нәтижесіз ілім кейпіне енді.
Тақуалар мен неосхоластардың арасындағы дау-дамай ушыға келіп, шіркеудің
Реформацияға қарсы күресіне ұлысты. Өкілдері – Уильям Оккам, Жан Буридан
т.б.
Ортағасыр философиясындағы негізгі бағыттар:
1. Реализм – орта ғасырлық схолистикада орын алған философиялық
бағыт, ол универсалиялар реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан
бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырды. Ортағасырлық реализм іс
жүзінде ұғым мен обьективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы
туралы мәселенің шешіміне келгенде Платонның бағытын жалғастырды.
Көрнекті өкілдері – Ансельм Кентерберийский және Шамполық Гильом, Фома
Аквинский болды. Ортағасырлық реализмге қарсы номинализм өкілдері күрес
жүргізді.
2. Номинализм (лат. nomen – есім, атау) – ұғымды тек
жекелеген заттардың
атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт. Ортағасырлық
реализмге қарсы номиналистер тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана
өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан
тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете
алмайды. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын
мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланысты көзқараста
болды. Көрнекті өкілдері: Росцелин, Дунс, Скотт, Оккам.
Достарыңызбен бөлісу: