Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет61/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Франческо  Петрарка  (1304  –  1374  жж.)  негізгі 
дүниетанымның  мақсаты  деп  «өмірдің  өнерін»  жасауды 
санады.  Петрарканың  ойынша,  адам  діни  догмалардың 
тұжырымы  бойынша  келесі  дүниеде  ғана  емес,  осы  шынайы 
өмірде  бақытты  болуға  құқы  бар.  Петрарка  адам  тұлғасының 
құндылықтарын,  адамның  ішкі  дүниесінің  бірегейлігін,  оның 
үміттері, 
күйзелістері, 
қорқыныштарымен 
әр 
жақтан 
сипаттайды.   
Қайта 
өрлеу 
дәуірі 
философиясында 
Николай 
Кузанскийдің (1401-1464 жж.) көзқарастары маңызды орын 
алады. 
Ойшылдың 
философиялық 
және 
қоғамдық 
қызметтері  философиялық  және  қоғамдық  сананың 
секуляризациялануына 
ықпалын 
тигізді. 
Философқа 
гуманизмнің  көптеген  идеялары  жақын  болды.  Өз 
ғасырының  көрнекті  ойшылы  болып,  ол  математикамен, 
астрономиямен, медицина және географиямен айналысты.  
Кузанскийдің  философиясында  маңызды  ролді  Құдай 
туралы ілім алады.  
Орта  ғасырлық  схоластиканың  дәстүріне  сәйкес  құдай  болмысы  табиғат 
дүниесінің және адам дүниесінің қалыптасуында шешуші роль атқарады. Бірақ 
философ  Құдайды  түсіндірудегі  орта  ғасыр  схоластикалық  ортодоксальды 
идеялардан  алыстайды  және  антика  пантеизміне  жақын  идеяларды  дамытады, 
Құдайды  «болмыс  –  мүмкіндік»,  «мүмкіндіктің  өзі»,  «абсолютті  максимум», 
актуалды  шексіздік  ретінде  қарастырады.  Дүние  «шектелген  максимум», 
патенциалды  шексіздік  ретінде  шығады.  Құдайды  қарама-қарсылықтардың 
бірлігі  ретінде  диалектикалық  түсіну  Құдайдың  тудырушы  жеке  қызметтерін 
әлсіретеді, шексіз Құдай мен шекті дүниені жақындатады, креационизм (латын 
тілінен creare – тудырушы) принципінен алыстайды.    
Н. Кузанскийдің пантеистік және диалектикалық идеялары өз көріністерін 
космология мен натурфилософиядан тапты.  
Құдайдың  табиғаттағы  абсолюттігін  шектей  отырып,  Кузанский 
кеңістіктегі бүкіл Әлемнің шексіздік идеясын ұсынады.  
Н.  Кузанскийдің  философиясында  ерекше  көңіл  адам  туралы  ілімге 
бағытталған.  Кузанский  ерекше  микрокосм  ретінде,  адамды  табиғи  тұрғыда 


81 
 
қарастыратын антика идеяларына қайта оралды. Егер орта ғасыр философиясы 
адамды  Құдайға  ұқсатып  қарастырды,  ал  антика  ойшылдарын  микрокосм  мен 
макрокосм  арасындағы  байланыс  қызықтырды.  Адам  философиясына  «кіші 
дүние»,  яғни  адамның  өз  дүниесі,  универсум  ретінде  «үлкен  дүние»  және 
«максимальды  дүние»  -  құдайлық  абсолютті  деген  түсініктерді  енгізді. 
Кузанский  бойынша  кіші  дүние  –  үлкенге  ұқсас,  ал  үлкен  –  максимальдыға 
ұқсас. Бұл тұжырымдаманы кіші дүние адам тек оны қоршаған табиғи дүниені 
«тұтастырады»,  жасап  шығарады,  сонымен  бірге  максимальды  дүниенің  – 
Құдайға ұқсас болып табылады деп қорытындыға келтіру қажет. Адамды құдай 
дәрежесіне жеткізе отырып Кузанский адамның өнерпаздық мәні туралы ойды 
айтады.  Егер Құдай абсолют ретінде, шығармашылық болса, онда адам  Құдай 
тәрізді ол да абсолют болып табылады, яғни ерік бостандығына ие болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
8 - сызбанұсқа. Қайта өрлеу: Николай Кузанский  
 
Қайта 
Өрлеу 
дәуірінің 
әлеуметтік 
философы 
мемлекеттің  теократиялық  концепциясының  негіздеушісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет